Мектептің білім сапасы, Алтын белгі, ҰБТ қорытындысы.
Қазақстан Республикасы жалпы білім берудің жүйесін жетілдірудің жаңа кезеңіне аяқ басты.
Білім беру моделі деңгейі экономикалық және ғылыми- техникалық прогрестің ең негізгі көрсеткіші екені белгілі.
Сапалы білім беру дегеніміз- ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, практикалық іске қабілетті, еңбекке баулу, дүниетанымын кеңейту және баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жан-жақты тұлға тәрбиелеу болып табылады.
Оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі- сапалы білім беру.
Қазіргі кездегі білім берудегі басты мақсат- жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой - талғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.Мектептің білім сапасын арттыруда педагогтың жауапкершілігі зор болса, заман талабы педагогтан кәсіби білімді, білік пе дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік педагогика мен психологияның негіздерін қолдана білу қабілетін талап етеді.
Мектебімізде білім сапасын арттыру, болашақ білімді азамат қалыптастыруда, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін , құзырлығын арттыруда мектеп жұмысының, әдістемелік жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке, белсенді түрлері мен әдістері кеңінен қолданылуда. Сонымен қатар озат тәжірибелер бойынша іс-тәжірибе тарату жұмыстары, шығармашылық есептер беру, әдістемелік апталықтар, оқушылардың ғылыми жұмыстары, әдістемелік сипаттағы семинарлар, конференциялар өз жалғастарын табуда.
Мектептің білім сапасын арттыруда педагогтың жауапкершілігі зор болса, заман талабы педагогтан кәсіби білімді, білік пе дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік педагогика мен психологияның негіздерін қолдана білу қабілетін талап етеді.