Мектепті дамытудың перспективалық жоспары Алматы облысы Кербұлақ ауданы Мектепті дамыту жоспары Мектепті дамытудың негізгі төрт санаты: Оқыту мен оқуға жетекшілік ету Өзінің дамуы және басқаларды дамыту. Жетілдіру, инновациялар мен өзгерістерді енгізуге жетекшілік ету Жергілікті қауымды бірлескен жұмысқа тарту Мектепті дамытуға жасалатын жоспарды нақтылау үшін ағымдағы жылдық талдау жүргізіліп, мектептің даму басымдықтарына назар аудару қажет. Мектептің даму жоспары:
Оқыту, оқу мен бағалау
2. Көшбасшылық және басқару 3. Көпмәдениетті кеңістікте даму үшін жағдай жасау 4. Білімнің қолжетімділігі 5. Педагогтардың біліктілігін арттыру 6. Мектеп мәдениеті және серіктестік МЕКТЕПТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ: «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыра отырып білім сапасын көтеру»
Мектеп ұжымының 2021-2022 оқу жылына жоспарлаған мақсаттары мен міндеттері Мақсаттар мен міндеттердің орындалу кезеңдері І кезең 2021-2022 оқу жылы
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ғылыми педагогикалық,
әдістемелік кешендерді оқып –үйрену, зерделеу негізгі қиыншылықтарын анықтау.
Деңгейлік бағдарлама бойынша сертификатталған мұғалімдердің,
мектеп тренерлерінің, үйлестірушілердің қызмет мазмұнын анықтау.
Басқару мен көшбасшылықты дамыту.
Мұғалімдерді кәсіби дамыту.
Білім сапасын көтеруге бағытталған жұмыстарды үздіксіз жүргізу.
ІІ кезең 2022-2023 оқу жылы
Оқыту мен оқу әдістерін жетілдіру, нәтижеге бағытталған жұмыстар атқару.
Қалыптастыратын және орнықтыратын тәжірибелер.
Бағалау тәсілдерін дамыту.
Оқушылардың жекелей дамуына ықпал ету. Үлгерімі төмен оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізу.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін мұғалімдер
үшін семинар, коучинг, педагогикалық оқулар ұйымдастыру. ІІІ кезең 2023-2024 оқу жылы
Алынған нәтижелерді жинақтау, талдау, нақты
ұсыныстар енгізу.
Нәтижелерді рәсімдеу және
қорытындылау.
Озат тәжірибе жетістіктерін енгізу, аудан, облыс, республика көлемінде тарату. Деректерге сүйене отырып алдағы қадамдарды нақтылап, мақсат-міндеттерді айқындау.