Мектептің даму жоспары Басымдығы: «Сыныпты басқарудағы мұғалімдердің тиімді әдіс – тәсілдерді қолдануы және оқушылардың ізденушілік қабілеттерін арттыра отырып білім сапасын көтеру»
SMART МАҚСАТТАР:
ТАБЫС КРИТЕРИЙЛЕРІ:
Мұғалімдер сыныпты басқаруда жаңа әдіс-тәсілдерін енгізеді
Сыныпта психологиялық жағымды орта қалыптастыру арқылы оқушылардың ізденушілік қабілеттерін арттыру
Мұғалімдердің «Зерде» және «Ізденіс» бірлескен кәсіби қоғамдастықтарының жұмыс тиімділігі артады, желілік мектептермен оқу мен оқытудағы кәсіби тәжірибе алмасулар жанданады
Мектеп мұғалімдерімен?--- Қамқоршылық кеңес
Оқушылардың тиімді әдіс – тәсілдер арқылы білім алуға қызығушылықтары артады, алған білімдерін қажетті жағдайда пайдалана біледі
Сыныпты басқаруда мұғалімдер білім сапасын көтеру мақсатында жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолданады
«Зерде», «Ізденіс» кәсіби қоғамдастықтарында мұғалімдер бірлесіп жұмыс жасайды, оқыту мен оқуды жақсартудағы түйінді мәселелер шешіледі, кәсіби даму қалыптасады
Оқушылардың сабақта белсенділігі артады, өз бетінше ізденушілік қабілеті, шығармашылық белсенділігі жоғарылайды
2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 2018-2019 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына 3, 6, 8-сыныптар көшеді.
4, 9, -сыныптар 2013 жылы бекітілген оқу бағдарламаларымен оқитын болады.
Нормативтік құқықтық база Жаңа оқу жылында: мектепалды даярлық сыныптарында және 1-3-сыныптарда білім беру процесі:
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі -МДТОМЖС);
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 453 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзегеасырылады.
«ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚРМЖМБС-2016);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқубағдарламалары;