Мектептің даму жоспары , стратегиялық басымдықтар, іс әрекет және іске асыру жоспарлары (коучинг және тәлімгерлік), және эвалюация жоспары
Басымдықтары: «Оқыту мен оқу үдерісінде топтық жұмыс түрлерін тиімді қолдану арқылы жаңа әдіс тәсілдерді енгізу және оқу кеңістігі қатысушыларының кері байланысын қамтамасыз ету» Бірінші тәжірибе кезіндегі өткізілген TALIS зерттеуі нәтижесінде табысты мектеп қалыптастыру үшін қажетті эвалюация бағыттары анықталды және оларды шешуге бағытталған екінші тәжірибе кезеңінде мектептің даму жоспарында іске асыруды қажет ететін басымдықтар анықталды:
Оқыту мен оқуға жаңа әдіс тәсілдерді енгізуді жалғастыру;
«Үштік арасындағы» арасындағы ынтымақтастық ортасын құру;
Мұғалімдерді үнемі кәсіби дамуына уәждеп отыру;
Оқыту үдерісіне критериялды бағалауды енгізу
АКТ мүмкіндіктерін сабақтарда кеңінен қолдану;
Әріптестер, ата аналар қауымы және оқушылар кері байланысын қозғаушы күш ретінде жұмыста қолдану;
Мектептің кәсіби желілік қоғамдасының жұмысын жандандыру.
Осылайша талданған, халықаралық TALIS зерттеуі арқылы жүргізілген аудит және ішкі эвалюация нәтижесінде мектеп алдындағы мәселелерді шешу үшін жаңа әдіс тәсілдерді оқу мен оқыту үдерісіне топтық жұмыс арқылы енгізуіміз және даму үшін ата ана, оқушы және әріптестерден кері байланыс алып, оны даму үшін қолданудың маңызы зор болмақ деп шештім.
Сондықтан, «Оқыту мен оқу үдерісінде топтық жұмыс түрлерін тиімді қолдану арқылы жаңа әдіс тәсілдерді енгізу және оқу кеңістігі қатысушыларының кері байланысын қамтамасыз ету» деп мектептің дамып табысты мектепке айналуы үшін қажетті жоспардың басымдығы болуы тиіс деген ой түйдім. Смарт мақсаттарды әрбір оқу кеңістігінің қатысушылары үшін анықтауды жөн көрдім. Мұғалімдер үшін: оқыту мен оқу үдерісіне 6 ай ішінде жаңа әдіс тәсілдерді енгізу арқылы оқытуды жақсартады десем, оқушылар үшін, топтық жұмыста білімдерін жақсартады және ата ана үшін, мұғалімдермен ынтымақтастықта оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп отырады, мектеппен ынтымақтастықта жұмыс жасайды деп анықтадым.
Мәселелерді шешу үшін коучинг, тәлімгерлік үдерістерін жандандыру және LESSON STUDY мен ACTION RESEARCH оқыту үдерісін іске асыру арқылы оқыту мен оқуды жақсартамын. Кәсіби құзіреттілікті дамыту мақсатында педагогтармен аудит, ішкі эвалюация жүргізіп отырамын, кәсіби желілік қоғамдастық арқылы біліммен алмасу және жетілдіру жұмысын жүргіземін. Табысты мектепке жол көрсетуші ретінде ата ана, оқушы және мұғалімдерден үнемі кері байланыс алып отыруды жолға қойдым. МДЖ енгізудің жолы өзгеріс енгізу моделінде қарастырылды.