Мектептің экологиялық паспорты


Сынып жетекшісі: Жаймухаммедова Ф



бет7/7
Дата18.05.2023
өлшемі292,67 Kb.
#94616
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Сынып жетекшісі: Жаймухаммедова Ф.

М. Өтемісов атындағы БҚУ


физика-математика факультетінің
математика – информатика
білім беру бағдарламасының
IV курс МИ-41 топ студенті
Махсетова Жансая Берикқызының
педагогикалық сараманның жалпы


Есебі
Мен, Махсетова Жансая Берикқызы 23.01.2023 – 05.05.2023жж. аралығында Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының №18 жалпы білім беретін мектеп КММ – нен мемлекеттік педагогикалық сараманнан өттім. Маған 7 «Е» сыныбы берілді. Сынып жетекшім Жаймухаммедова Фатима. Сараманның алғашқы күні мектеп әкімшілігі мен ұжымымен, мектеп ғимаратымен және сынып оқушыларымен таныстым. Алғашқы аптада сыныптың барлық сабақтарына қатысып, оқушылардың оқу үрдісі мен мұғалімдердің іс-тәжірибелеріне бақылау жасадым. Бұл аптада оқушылардың өзін-өзі ұстауы мен оқуға деген ынталарын бақылап, мұғалімдердің оқыту іс-әрекетінен жаңа әдіс-тәсілдер мен өзіме қатысты ой түйіндедім. Екі аптадан кейін сыныпқа алгебра және геометрия пәндерінен сабақ бердім. Сабақ барысында оқушыларға қызықты болуы үшін әртүрлі физикалық және интерактивті ойындарды қолдандым. Сынып оқушыларының математика пәніне қызығушылықтары жоғары болмағандықтан, әртүрлі әдіс-тәсілдер қолдану сабақтың қызықты өтуіне көмектесті. Бұл оқушылардың өздерінің айтқан пікірі болатын. Алгебра пәнінен ашық сабақ өткіздім. Сабақ өткен тақырып бойынша есептер шығару болатын. Сабақты «Кім жылдам?» интерактиті ойыны арқылы өткіздім. Сабақ барысында оқушылардың толық сабаққа қатысуын бақылап, тапсырмаларды орындауда туындаған қиындықтарды түсіндіріп, қатемен жұмыс жасап, оқушылардың белсенділіктерін қадағаладым. Сабақ барысында сергіту сәтін, үй тапсырмасын тексеруде уақыт үнемдеу үшін «Quizizz» платформасын қолдандым. Және де оқушылардың өзін-өзі бағалауын қамтамасыз еттім. Рефлексия үшін «classroomscreen» сайтын қолдандым. Сыныпқа тәрбие сағаттары мен сынып сағаттарын өткіздім. Сынып жетекшіммен бірге сыныптың тәртібімен жұмыстанып, ата-ана жиналысына қатыстым. Оқушылардың сыныптан тыс шараларға қатысуына көмектестім. Сонымен қатар, мектептің ата-аналарды мектепке тарту шарасы бойынша, сыныптың ата-аналарымен танысып, ақылдасып, дайындығына атсалыстым.
Қорытындылай келсем, сараман уақытында, университет қабырғасында алған білімімді, сыныппен және ата-аналармен байланыс жасауда, жиынтық бағалауларда, тәжірибе жүзінде орындап, жүзеге асыра алдым.


Есеп беруші машықкер: Махсетова Жансая

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет