Мектептің экологиялық паспорты


Мінездеме беруші: машықкер Махсетова Жансая



бет6/7
Дата18.05.2023
өлшемі292,67 Kb.
#94616
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
практика докк

Мінездеме беруші: машықкер Махсетова Жансая
Махсетова Жансая Берикқызы

Сараман кезінде жасалған жұмыстар

Саны (цифрмен және жазумен)

Мамандығы бойынша сабаққа қатысты




Басқа пәндерден сабаққа қатысты




Мамандығы бойынша сабақ өткізді




Сыныптан тыс тәрбие шаралары






Сынып жетекшінің пікірі

Бағасы:


Қолы:
Пән мұғалімі: Жаймухаммедова Фатима

М. Өтемісов атындағы БҚУ


физика-математика факультеті
математика – информатика
білім беру бағдарламасының
IV курс МИ-41 топ студенті
Махсетова Жансая Берикқызына

Мінездеме


Махсетова Жансая Берикқызы 23.01.2023 – 05.05.2023 жж. аралығында Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының «№18 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде педагогикалық сараманнан өтті. Сараман барысында 7 «Е» сыныбына жетекшінің қызметін атқарып, сыныпқа жетекшілік етті.
Жансая сараман барысында сыныппен жақсы тіл табысып, мектеп ұжымына деген сый-құрметін көрсете алды. Ол өзіне жүктелген тапсырмаларды уақытылы орындап, кез-келген істі тиянақты әрі жауапкершілікпен атқарды. Сыныптың барлық іс-қағаздарымен танысып шықты. Сараманның алғашқы аптасында және өзге кейбір уақыттарда сыныптың сабақтарына қатысып, оқушылардың оқу үрдісі мен сабақ уақытындағы өзін-өзі ұстауына, және де мұғалімдердің іс-тәжірибелеріне бақылау жүргізді.
Жансая үшін кейбір сынып ұлдарымен тіл табысу сараманның алғашқы күндерінде қиындау болды, бірақ бірнеше күннен кейін жақсы тіл табысып кеткенін байқадым. Оқушылармен жұмыс жасау барысында машықкердің бойынан сабырлылық, жауапкершілік қасиеттері байқалды.
Апта сайын өткізілетін тәрбие сағаттарына көмектесіп, оқушылармен қызықты түрде байланыс жасап, жаңа бағдарламаларды қолданды. «Мен – патриотпын!», «Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыптарында сынып сағатын, «Жол қауіпсіздігін сақтаймыз», «Өзіңізді қоғамдық ортада қалай ұстайсыз?» тақырыптарында ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыйыкова Шынар Палтабаевна қатысты. Тәрбие сағаты өте жақсы деңгейде өтті. Жансая сыныптан тыс тәрбие сағаттарында АКТ-ны қолданып, оқушыларды сабаққа тарта білді.
Сараман барысында Жансая өзін жақсы, сабырлы түрде, жақсы мұғалім бола алатындығын көрсетті. Сонымен қатар, компьютерлік бағдарламаларды жетік меңгергендігін, сабақ беру барысында көрсетіп, дәлелдей алды.
Жансая болашақта биіктерді бағындырар, оқушылардың жүрегінен орын алар маман иесі болатынына сенемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет