Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті
Физика-математика факультеті
Бір апталық сабақ кестесіне гигиеналық баға Дайындаған: Махсетова Ж.Б. Топ: МИ-41
Жаңаөзен, 2023
Бір апталық сабақ кестесінің гигиеналық бағасы
Апталық сабақ кестесі: 7 «Е» сыныбына
Алгебра – 10;
Геометрия – 10;
Физика – 10;
Химия – 10;
Орыс тілі және әдебиеті – 9;
Қазақ тілі және әдебиеті – 9;
Шетел тілі – 8;
Тарих – 8;
Биология – 6;
География – 6;
Информатика – 5;
Дене шынықтыру – 4;
Көркем еңбек -4 ;
Қорытынды: Дүйсенбі күнінің сабақ кестесі талапқа сай келеді;
Себебі: шың 2-ші және 3-ші пәндерде көтеріліп, 4-ші пәннен кейін түседі.
Күннің бірінші пәні орташа қиыншылықты биология пәнінен басталып, 2-ші пән физика мен 3-ші пән алгебрада көтеріліп, дене шынықтыру, жаһандық құзіреттілік пәндеріне дейін ауысты.
Шың жаһандық құзіреттілік пәнінде төмендейді.
Жалпы балл – 48 құрайды.
Аптаның әрбір күнінің балы
Күндер
Балы
1
Дүйсенбі
48
2
Сейсенбі
55
3
Сәрсенбі
46
4
Бейсенбі
49
5
Жұма
47
Қорытынды: Оқушыларға ауырлық тудыратын жағдай жоқ.
Сабақ кестесі заңдылыққа сай. Шың сейсенбі, бейсенбі күндеріне сәйкес келеді. Сабақ кестесі орташа құрылған.
Қиын пәндер аптаның сейсенбі, бейсенбі күндеріне қойылған.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті
Физика-математика факультеті
Денсаулық парағы Дайындаған: Махсетова Ж.Б. Топ: МИ-41
Жаңаөзен, 2023 Жаңаөзен қаласы бойынша №18 жалпы білім беретін КММ
Мектепте оқушыларға ұсынылатын денсаулық бюллетендері бір тақырыпқа сай, оны мүмкіндігінше толық қамтуға тырысады.
Медпункте ілініп тұратын немесе басқа да ақпараттық бюллетенді шығаруды бастамас бұрын, сізді ойландыруы тиіс:
бюллетень қайда және қалай орналастырылады;
тақырыбын және көрсетілуі керек ақпараттарды анықтау.
Санитарлық бюллетень – бұл бір тақырыпқа арналған санитарлық білім беру газетасы.
Тақырыпқа қойылатын талаптар. Оқушылардың назарын аударту үшін, бюллетень атауы үлкен, мақсатты және айқын көрінуі керек.
Мәтінге қойылатын талаптар. Санитарлық бюллетеннің мәтіні қол жетімді тілде жазылуы керек. Бюллетень кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде оқырманға жеткізілуі керек негізгі мәселе таныстырылады. Ал негізгі бөлімде оның мәні ашылады. Егер бір ғана мәтін болса, онда оны фрагменттерге бөліп, әрқайсысы мазмұнына сәйкес атауы керек. Қорытынды сұрақтар мен жауаптардан немесе жай автордың қорытындыларынан тұруы мүмкін. Мәтін ұранмен, таұырыптан туындаған үндеуімен аяқталады.
Мазмұнға қойылатын талаптар. Көрсетіліп тұратын денсаулық бюллетеньдері профилактикалық болуы шарт. Алдын алу шаралары нақты және анық көрсетілуі керек.
Экспозицияға қойылатын талаптар. Санитарлық бюллетень оқылатындай етіп көрінетін жерде (стендте) орналастырылуы керек.
Жаңаөзен қаласы №18 жалпы білім беретін мектеп КММ – нен сараманнан өткен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті физика-математика факультетінің IV курс МИ-41 топ студенті Махсетова Жансая Берикқызының мектеп гигиенасы бойынша
Есебі Мен, Махсетова Жансая Берикқызы, «Математика-информатика» пән мұғалімдігі бойынша мемлекеттік педагогикалық сараманнан 23.01.2023 ж. – 05.05.2023 ж. аралығында Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №18 жалпы білім беретін мектеп КММ – нен өттім. Сараманның алғашқы күні мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Рыскалиева Калдыгул Ондасыновна маған екі тәлімгер бекітіп, 7 «Е» сыныбы берілді. Сыныпта барлығы 22 оқушы болатын, екі аптадан кейін оқушы саны 21 болып азайды. Мектеп екі ауысымдық жүйеде оқиды. Оқушылар сабақтан бос уақытында және демалыс күндері түрлі үйірмелерге, сыныптан тыс шараларға қатысады. 7 «Е» сыныбында «Жол қауіпсіздігін сақтаймыз!», «Дұрыс тамақтану» тақырыбында екі тәрбие сағатын өткіздім. Жол қауіпсіздік ережелері туралы бейнеролик көрсетіп, түсіндірдім. Жол қауіпсіздігін сақтау – денсаулықтың кепілі екендігін ұғынды. Дұрыс тамақтанудың пайдасын түсіндіріп, пайдалы және зиянды тағамдамен таныстырдым.