Мәлімет Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты №91 жалпы орта білім беретін мектебінде қылмыстық көшбасшылыққа бейім оқушы жоқ екендігін мәлімдейміз Мектеп директоры: А. А
Мәлімет Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты №91 жалпы орта білім беретін мектебінде қылмыстық көшбасшылыққа бейім оқушы жоқ екендігін мәлімдейміз
Мектеп директоры: А.А.Тагаев
Шымкент қаласының білім басқармасы тапсырмасына сәйкес білім беру ұйымдарының қауіпсіздік талаптарын сақтау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың, ойынқұмарлықтың, буллингтің , әлімжеттіктің алдын-алу мақсатында №91 жалпы орта білім беретін мектебінде атқарылған іс-шаралардың қорытындысы. 5-11 сынып оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында мектеп инстпекторы, ДТІЖО, мектеп психологы, ұлдар ұйымының жетекшісі, сынып жетекшілермен бірлесе отырып «Буллингтің, әлімжеттіктің, денсаулыққа зиянды заттарды қолданудың алдын-алу» бойынша жиындар, тәрбие сағаттары өткізілді.
«Ойынқұмарлыққа тәуелділікті анықтау» мақсатында мектеп психологы, ДТІЖО бірлесе отырып анонимді сауалнама алынды. Ойынқұмарлықтың келтіретін залалы жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Жасөспірімдер арасында әлімжеттіктің алдын-алу мақсатында» анонимді сауалнама алынды, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Мектеп оқушылары арасында буллингтің алдын-алу» мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, видеороликтер көрсетілді. Буллингке тап болған жағдайда ата-анасына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне хабар беру керектігі ескертілді.
«Денсаулыққа зиянды заттарды қолданудың алдын-алу» бойынша электронды темекі, спиртті ішімдіктер қолданудың зияндығы жайлы 5-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары, сынып сағаттары жүргізіліп, видеороликтер көрсетілді. Сауалнамалар алынды.
Салауатты өмір салтын сақтау мақсатында спорт шеберлерімен кездесу ұйымдастырылды, спорттық іс-шаралар өткізілді. Атап айтар болсақ воллейбол, баскетбол, шахмат, ата-аналармен де бірлесе отырып спартакиада өткізілді.