Тарих кезеңдер 1913 жезқАЗҒандағы алғАШҚы тау-кен жұмыстары



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата25.05.2023
өлшемі101,08 Kb.
#97209
  1   2   3   4


ТАРИХ КЕЗЕҢДЕР
1913
ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ТАУ-КЕН ЖҰМЫСТАРЫ
Жезқазған мыс кен орнында алғашқы ауқымды тау-кен жұмыстары және ағылшын Лесли Уркарт басқарған
«Спасск акционерлік қоғамы» компаниясымен Сарысу кен байыту фабрикасында мыс кенін дайын өнімге
қайта өңдеу басталды. Кәсіпорын 1920 жылдардағы Қазан төңкерісінен кейін мемлекет меншігіне
айналдырылды.
1928
ҚОҢЫРАТ МЫС КЕН ОРНЫНЫҢ АШЫЛУЫ
Академик Михаил Петрович Русаков Балқаш кешенінің негізіне айналған Қоңырат мыс кен орнын ашты.
ҚАРСАҚПАЙ МЫС ҚОРЫТУ ЗАУЫТЫН ІСКЕ ҚОСУ
Қазақстанның түсті металлургиясының тұңғышы. 18 қазанда Жезқазған кендерінен алғашқы қара мыс
өндірілді.
1929
ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ
1927 жылы Қ.И.Сәтбаевтың «Қарсақпай ауданы және Жезқазғандағы кен орнын зерттеу мен барлаудың
фундаменталдығы мен маңыздылығын дәлелдейді және 1929 жылы геологиялық барлау ғалымға
толығымен тапсырылады.
Қ.И.Сәтбаев басқарған геологтар ұжымы 1931 жылдың соңына қарай Жезқазғанда геолкомның
болжамынан бірнеше есе асып түсетін мыстың ірі қорларының бар екендігін дәлелдеді.
1934
Қонырат кеніші іске қосылды.
1937
Балқаш жылу электр орталығы (БЖЭО) пайдалануға берілді.
1938
БАЛҚАШ МЫС БАЛҚЫТУ ЗАУЫТЫНЫҢ АШЫЛУЫ
1931 жылы сәуірде КСРО Халық шаруашылығы Жоғары Кеңесінің «Цветметзолото» басқармасы Балқаш көлі
ауданында пирометаллургиялық зауыт салу туралы шешім қабылдады.
1938 жылы 23 сәуірде Балқаш кен байыту фабрикасында алғашқы мыс концентраты берілді.
1938 жылы 24 қарашада Балқаш маңындағы кендерден алғашқы қара мыс алынды және мыс құйылды.
ЖЕЗҚАЗҒАН КОМБИНАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
1938 жылы 10 ақпанда КСРО Ауыр өнеркәсіп халық комиссариатының № 50 бұйрығымен жаңа зауытты
жобалауға дереу кірісу тапсырылды. Онда жаңа шахталармен, кен байыту фабрикаларымен, жаңа қаламен
және мыс балқыту зауытымен Жезқазған комбинатын жобалау және салу көзделді. Комбинат және
алғашқы 5 шахта мен карьер 1943 жылы жұмысын бастады, құрылыс 1958 жылы аяқталды.
1941
1941 жылғы 21 наурызда № 52 бұйрықпен «Карагандашахтострой» мемлекеттік тресі бойынша
механикалық шеберханалар базасында жөндеу-прокаттау базасы (ЖПБ) ұйымдастырылды.
1948 жылы БХТ базасында Жөндеу-механикалық зауыты (ЖМЗ) құрылды.
1956 жылы ЖМЗ № 2 Қарағанды машина жасау зауыты (ҚМЗ) болып өзгертілді.
1966 жылғы наурызда ҚМЗ Тау-кен шахталық жабдықтарды жөндеу зауыты (ТКШЖЖЗ) болып өзгертілді.
1997 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қарағанды құю-машина жасау зауыты (КҚМЗ) болып өзгертілді.
1942
Ұлы Отан соғысы кезінде танк жасау өнеркәсібі үшін молибден өндірісін құру қажет болды. 1942 жылдың
мамыр айынан бастап комбинат металл шығара бастады. 1942 жылы наурызда зауыт түсті прокаттың
алғашқы өнімін берді. Соғыс жылдары КСРО-да танк құрышы үшін өндірілген әрбір 100 тонна молибденнің
60 тоннасы Балқаш мыс балқыту зауытына тиесілі болды.
1949
Қарағанды облысының облыстық атқару комитетінің шешімімен 1949 жылдың қыркүйегінде Қарағанды
МАЭС-2 құрылысына жер бөлінді.
Электр станциясының бірінші кезегі 1962 жылғы 12 маусымда бірінші турбогенераторды іске қосу арқылы
пайдалануға берілді. Жезқазған кен байыту фабрикасы-1 (ЖКБФ-1) пайдалануға берілді. Соңғы генератор
1968 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілді.
МАЭС-2 қуаты 100 МВт турбиналар орнатылған Қазақстандағы алғашқы электр станциясы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет