Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер sql тілінің стандарты және жүзеге асуы


SQL ішкі сұраныс ұйымдастыру ерекшеліктері



бет6/10
Дата15.06.2023
өлшемі51,07 Kb.
#101489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
SQL ішкі сұраныс ұйымдастыру ерекшеліктері

Көбінесе берілген тапсырманы бір сұраныс көмегімен шешу мүмкін емес. Бұл әсіресе SELECT операторының орындалуы кезінде есептелуі тиіс және алдын ала анықталмаған WHERE сөйлеміндегі мәнді салыстыру үшін қажет кездегі іздеу шартында қолданатын кезде актуалды. Мұндай жағдайда басқа SELECT операторының денесіне кірген аяқталған SELECT операторы көмекке келеді. Ішкі сұраныс сонымен қатар өзі SELECT операторы болады, ал оның сөйлемдерінің кодталуы негізгі SELECT операторының ережелеріне бағынады. Сыртқы SELECT операторы барлық операциялардың жалпы нәтижесін анықтау үшін ішкі оператор нәтижесін қолданады. Ішкі сұраныстар сыртқы SELECT операторының WHERE және HAVING сөйлемдерінде салыстыру операторынан кейін (=, , <=, >=, <>) орналасуы мүмкін – олар ішкі сұраныс немесе бағынқы сұраныс атын алады. Сонымен қатар ішкі SELECT операторлары INSERT, UPDATE және DELETE операторларында қолданыла алады. Ішкі сұраныс – бұл мазмұны сыртқы оператормен өңделетін және алынатын уақытша кесте құру құралы. Ішкі сұраныс мәтіні жақшаға алынуы қажет. Ішкі сұранысқа келесі ережелермен шектеулер қолданылады: сыртқы сұраныста қолданылғанымен ORDER BY сөйлемі қолданылмайды; SELECT сөйлеміндегі тізім жеке баған аттарынан немесе олардан құрастырылған өрнектерден тұрады – ішкі сұраныста EXISTS кілттік сөзі қолданылған жағдайды есептемегенде; үнсіз бойынша ішкі сұраныстағы баған аттары FROM сөйлемінде аты көрсетілген кестеге жатады. Бірақ, сыртқы сұраныстағы FROM сөйлемінде көрсетілген кесте бағандарына сілтеу рұқсат етіледі, ол үшін бағандардың білікті аттары (кестені көрсетумен) қолданылады; егер ішкі сұраныс салыстыру операциясына қатысатын екі операндтың біреуі болса, сұраныс бұл операцияның оң жақ бөлігінде көрсетілуі керек. Ішкі сұраныстың екі типі бар: Скалярлы ішкі сұраныс жалғыз мәнді қайтарады. Жалпы айтқанда, ол жалғыз мәнді көрсету қажет болатын барлық жерде қолданыла алады. Кестелік ішкі сұраныс бірнеше мәнді қайтарады, яғни бір жолдан аса орналасқан кестенің бір немесе бірнеше бағанынын мәнін. Ол кесте мүмкін болатын барлық жерде қолданылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет