әсер етеді. Оқушы бір жыл бойы
уайымда болады. «Тестілеу тап сы-
де ұйқыдан қалдық. Баланы да, ата-
мен шектеу оңай болар еді. Бірақ,
уақыт талабы-осы. Мектеп бі
сауаттылығын көрсетуі тиіс. Осыған
тапсырмақ. Кейбір пәндерден тест
сынағы да өтеді.
та ұйымдастырылуда. Бі
майды. Сон
детті емес. Ор
науына болады. Ол санаттағы тү-
шешеді. Екіншіден, емти
әкелмейді. Өздері көріп жүр
туындамауы тиіс.
екі кезең бойынша өтпек. Оның бі-
бінде өтеді. Екіншісі-ҰБТ, ол
ҰБТ пункттерінде өтеді. Оқушылар
сырады. Оның төр теуі міндетті. Бі-
реуі-таңдау пәні. Ал, жо
ша ұсынылатыны-30 сұрақ. Білім
тылатын. Биыл ондай жеңілдік
уап беруге мүмкіндігі бар.
-Ұлттық бірыңғай тестілеуді
тап сыра алмай қалған оқушының
қай та тапсыруына мүмкіндігі бар
ма?
мүмкіндігі бар.
болашақ жолы қаланбақ. Мектепте
еді. Ата-аналардың да бала бо
қиналмай-ақ таңдайды. Осыдан 5-6
зы ғу шылық басым. Бір айтарлығы,
тес тік жүргізіп келеді. Бұл бір жа-
ні анық. Оқу орнының не гіз гі мақ-
ғары білімді мамандар даярлау.
баев тың атымен аталды.
алуға қатысқан. 1945 жылы 25 сәуір де
лып оқ атады. Берлинді азат етудегі
тіруге атсалысты. Ел үмітін ақ
қар ма орынбасары болды. Өз өті ні ші
болып еңбек етті. Осы жыл
сай лан ды. 1968 жылы Қазақ ССР Жо-
өтті.
жолы туралы естеліктерін бөлісті.
бе ріл ді.
3
ЕСКЕ АЛУ
Әулетіміздің асқар таудай тірегі болған,
балаларының жел жағындағы панасы, ық жа-
ғын дағы саясы, асыл жар, аяулы әкеміз Қуа-
ныш бай Тілеулесов осыдан бір жылдай уақыт
бұ рын арсыз ажалдың құрығына іліккен еді.
Жаз мыштан озмыш жоқ. Әулетіміз үшін аса
қадір менді жанның бұл күндері арамызда
жоқ тығына налимыз. Өмірде ізін жалғап, өрі-
сін кеңейтер ұл-қыз тәрбиелеп, оларды құт-
ты орындарына қондырған қадірліміз біздер үшін қазына еді.
Әкеміздің жүріп өткен жолы мен өзіндік адами болмысы не-
ме ре леріне әр кез үлгі болып қала бермек. Біздер отбасы үшін
өмір сүріп, балаларының бақытын бәрінен биік қоя білген аяулы
жанмен мақтанамыз. Ардақты әкемізді сағынышпен еске ала
отырып, 25 ақпанда сағат 12.00-де жылдық садақасы болатынын
барша жақын-жуық жамағатқа хабарлаймыз. Алдың пейіш, ар-
тың кеніш болғай. Алла алдыңнан жарылқасын.
Тілеулесовтер және Саржановтар әулеттері.
* * *
Ұзақ жасағанға да, ерте солғанға
да өмір деген қас-қағым. Сүңгіттей
азамат, жігіттің марқасқасы Кері мов
Әбдімұрат ағамыздың бұл пәнимен
қоштасқанына да 100 күн жиектеліп
қалды. Демі таусыл ма ғанда, 23 ақпан-
да 70 жасқа тола тын салтанат төрін де
қырандай қом данып, ақ тіле гін ақтар-
мас па еді?! Амал не, құт тық тау ретін
кезекті садақасындағы еске алу рәсімі алмастырады.
Ол туымы бөлек тұлға еді. 1964 жылы №15 орта
мектепті бітіргеннен кейін арман қуып, Алматыда
жастық жалауын желбіретті. Сұсты болмысы талай-
ды мойындатты. Спорт әлемі де одан үлкен үміт күтті.
Алайда, барлық мәртебе туған жерден бұйырды.
Алдымен астық тарату базасында әдіскер, кейін
№169 СПТУ, №68 ГПТУ-да тәрбиеші, соңынан ке ме
жөндеу зауытында кеме құрастырушы болып, өн ді ріс-
пен етене тәжірибе жинақтады. 1978 жылдан құр метті
еңбек демалысына шыққанша Арал ин дус триалды-
техникалық колледжінде өндірістік оқу шебері мінде-
тін абыроймен атқарды. Жастар сүйік тісі, сала қадір-
мені атанды.
Әбдімұрат ағаның сырбаз кейпі күні кешегідей
көз алдымызда. Көкесі Әбшүкір ақсақалдың өнегесін
жал ғастырып, ағайынның ұйытқысы, қауымшыл да
бауырмал қасиетімен көпшілік қошеметіне бөленді.
Көше ынтымағына да атсалысты. Заман ағымын зер-
делеп, кейінгілерге жол көрсетті. Ауыр сырқатқа мү-
жілмей, артының амандығын көңілге медет тұтты.
Жарқын бейнең жадымызда,Әбеке,
Атың әлі асқақтайды қам жеме.
Аңсап күткен жетпісің де қол жайып,
Жұртпен бірге дұға жолдар дәмете.
Мұса Сәдібеков көшесіндегі
тілеулес інілері мен келіндері.
Аяулы анамыз Балымбике Бұрханованың
арамыздан алыстап, бұл пәнимен қоштасып
кете барғанына да 100 күн толыпты. Жайдары
жүзіңді сағынып, аялы алақаныңды аңсаумен
күн артынан күн жылжып өтіп жатыр. Өзіңсіз
мына өмір соншалықты суық, қатал болса да,
амал нешік, көнуден басқа шара жоқ. Өзің келіп
қалардай елеңдеумен жүз күн де өте шығыпты.
Алланың ісіне амалсыз көндігіп, рухыңа Құран
бағыштаймыз. Ортамызда ойсырап тұрған
орның ешқашан толмайды. Әрдайым есімізде, жүрегіміздің
төріндесің, анашым. Алла алдыңнан жарылқап, жаныңа жәннаттан
орын бергей. Асыл анамыз Балымбике Бұрханованың жүз
күндік садақасы наурыз айының 4-5 күндері Ақбасты ауылында
болатынын барша ағайындарға хабарлаймыз.
Балалары, немерелері.
Жайдары жаздың шуақты бір күні
еді. 9 мамырдың қарсаңы болатын. Сұң-
ғақ бойлы, кеуделі келген, аққұба жігіт
ағасы сәлемдесті. Бұрынғы полиция
майоры екен. -Та ны ма дыңыз ба? Жыл-
қышы Жәке новтің Іскендір деген ұлы -
мын ғой. Сіз, біздің әкейді білетін де шы-
ғарсыз-ау.
-Қай Жәкенов?! Әлгі Фин және
Гер ман соғысына бастан-аяқ қатысып,
елге оралғасын ата кәсібі жылқысын
ба ғып, арлан-бө рі лерді шоқпармен со -
ғып, жайлы қо ны сынан бездірген, дү-
лей күш иесі Орын ба сар Жәкенов пе?
Е-е, білгенде қандай, кез дес кен мін, тіл-
дескенмін...
Сонау, 1917 жылдың күзі! Ақ пат ша-
ның тақтан құлап, ақтар мен қызыл дар-
дың өліспей-беріспей айқасып жатқаны
жайлы жайсыз хабар желдей есіп Сыр-
да
рия
ның «Қыз кеткен» белдігіндегі
«Бе ларық» ауылына да ұзынқұлақ арқы-
лы жеткен-ді. Сол аласапыранмен ара -
ласа болашақ шабандоз Орынбасар
есім
ді қара бала жарық дүние есігін
ашып ты-ау! Екі жасқа толар-толмаста,
аяу лы әкесі Жәкеннен айрылып, жап-
жас, уыз келін Айкүміс анасы аңырап
же сір қалады. Қара бала қария қатарына
ен ген Сабанбай атасының бауырында
өсті. Ол үш рет болыстыққа сайланған
ау қат ты да абыройы асқан, елге сыйлы
кісі еді. Орынбасар ата тәрбиесімен
жас тайы нан жүйрік баптады. Бәйгенің
ал дын бермеді. шабандоз баланы бәйге
до да сына шақырушылар көбейді. Не құ-
діреті барын қайдам, әйтеуір, ол мінген
тар лан боз әр кез қарақшыдан бірінші
бо лып өтті.
Осындай шат-шадыман күндері ол
он екіге қарағанда көзден ғайып болды.
Ауқаттылардың мал-мүлкі тәркіленді.
Абақ тыға қамалды. Жер аударылды, көз-
көрмеске айдалды. Сотсыз-үкімсіз атыл-
ды. Қақпыш қара бала он үшінде «Қос-
шы», «Серіктестік» ұйымдарында ағаш
со қамен жер жыртқан бесті жануардың
басын жетектеп кете барды... 1938 жы лы
әскери борышын өтеуге аттанды. Ке ңес-
фин соғысы бұрқ етті. Соғыс 1939 жыл-
дың 30 қарашасы күні ертеңгі сағат 8.00-
де басталды. Финдер 1927-1939 жыл дар
аралығында Карель бұғазынан КСРО
шекарасына дейін мықты бекініс са лып
тастаған-ды. Осы шайқасқа біздің кейіп-
ке ріміз Орынбасар Жәкенов те қойып
кетті. Қар жамылып, мұз жастанды.
Окоп қазды.
Айлы түн. Қақаған аяз, аппақ қар.
Око
бын кеңейтпек болып қимылдай
бер гені сол еді, аппақ киімді, екі «кө лең-
ке» бас салды. Олар «тіл» әкетпек еді.
Орын басар мылтығын алуға үлгірмеді.
Кү рекпен айқаса кетті. Жора-жолдасы
кө мекке келемін дегенше екі финді жай-
ра
тып-ақ салған-ды. Міне жігіт, міне
дүлей күш!-деп ко ман дирі ертеңіне жұрт
алдына шығарып арқасынан қақты.
Кеңес-фин соғысы 104 күнге со зыл-
ды. 1940 жылдың 12 наурызында бейбіт
келісімге қол қойылып, Ленинградтың
қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
Жәкенов 1941 жылдың сәуірінде әс-
кери борышын өтеп келіп, бейбіт өмір ге
құлшына кіріскен-ді. Сабанбай ата сы-
ның бір сөзі есінде қалған: «қалыңдығың
көк теңіздің ерке толқыны тербеп жат-
қан «Бөген» деген елді мекенде. Қалың
малы төленген. Атағы аймаққа мәлім
Есен бектің немересі, Айзада Өтейқызы»
деп құлағына құйған-ды. Бұл әңгімені
әс керден оралуына Садық ағасы да қоз -
ғаған. Арпа-бидайды жерге сіңіріп бол -
ға сын, бір хабарын алармын деп жүр ген.
Бірақ, пенденің айтқаны бола ма? 1941
жылдың шілдесінде алғашқы лек
пен
Ақтөбе қаласында жасақталған 101-дер-
бес атқыштар бригадасына жө неп бер ді.
«Әне келеді, міне келеді» деп ай қара ған-
дай болып жігітін күткен Ай за да қыз да
қапа боп, жабырқап қалған-ды.
1942 жылдың тамыз айында Мәс кеу-
ге келіп қаруланып, Калинин май да ны-
ның құрамындағы 39-армия шта бы ның
бұйрығымен 101-бригада ұрысқа түсті.
Букерево, Кувшино селоларын жой қын
шайқаспен басып алғанда-ақ, бұ рын да
соғыс көрген Жәкеновіңіз ай рық ша
көзге түсіп еді.
1943 жылдың қыркүйегі мен қазан
ай ла рын да 4-ші екпінді армияның са пы-
на енген 101-атқыштар бригадасы Де-
ми дов қаласының аумағындағы жау дың
қорғанысын тас-талқан етті. Смо ленск
және Витебск облыстарының 150-ге тар-
та селосы мен деревнясын да жан қияр-
лық атыс-шабыспен фашис тер ден боса-
тып алған-ды.
Витебск облыстық мұражайында
сақ талған құжатта былай делінген:-
«1943 жылдың 17 қыркүйек күні таңер-
тең 101-бригаданың екінші атқыштар ба-
та льоны шабуылға шықты. Бригада кес-
кілескен ұрыс жүргізе отырып, Кас пля
өзенінен өтіп, көршілес әскери бөлім-
дердің алға басуына жағдай жасады».
...Осылайша, бригада он күн бойы алы-
сып, отыздан астам Беларусь се ло ла рын
азат етті...». Жеке атқыштар бри га дасы
командирінің №079/н 25 қыркүйек, 1943
жылғы құпия бұйрығында: КСРО Жо-
ғарғы Кеңесі Президиумының аты нан
бұйырамын: «Командованиенің жа уын -
герлік тапсырмасын неміс бас қыншы-
ларымен шайқаста асқан ерлік
пен
орын дағаны үшін кіші сержант Орын-
ба сар Жәкенов «Қызыл жұлдыз» ор де-
ні мен наградталсын» деп тізім әрі қа рай
жалғаса береді...
1943 жылдың желтоқсан айының
ба сында Смоленск облысының бір де-
рев нясы маңындағы қанды қырғында
бай ланыс желісі үзіледі. Кіші сержант
Орын басар Жәкенов бастаған бай ла-
ныс шылар қарша бораған миномет пен
пулемет оғына қарамастан, жаумен аты-
са отырып, үзілген телефон желісін 67
рет жалғайды. Осы ерлігі бағаланып, Жә-
кенов омырауына «Ерлігі үшін» медалін
тағады. Ал, 1944 жылдың қаңтарында,
үскірік аяз бен түтеген боранда жанын
шүберекке түйіп, ержүрек Жәкеновтің
жайсаңдары полк командирі мен диви-
зия командирін байланыстыру мақ
са-
тын да, 42 рет үзілген өз желісінен қайыр
болмағасын, жаудың байланыс желісін
пайдаланады. Көрдіңіз бе, ретін тауып,
жаудың өз қаруын өзіне қарсы сілтейді.
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медаліне ол
осындай қиян-кескі ұрыстан кейін ие
болған-ды.
Орынбасар Жәкенов Ұлы Жеңістен
соң да, Украина мен Белоруссия жерінде
қираған қалаларды қалпына келтіруге де
үлес қосып, елге 1946 жылдың соңына
қарай табаны тиген-ді. «Жасың 30-ға
кел
ді, әуелі үйленіп ал»-деді ағайын-
туыс. Жора-жолдасын ерітіп, «Бөгенге»
тарт ты. Айзадаға жазған хаты әлсін-әл-
сін жетіп тұрған-ды. Ал, Айзададан хат
алуы сирек-ті. Қыз жазбады емес, жаз-
ды. Бірақ, соғыс жағдайында мекен-
жай дың жиі-жиі өзгеруі себепті, елден
жол дан ған сәлемдеме хат солдат қолына
тие бер мейтін-ді. Айзада Өтейқызы да
көп пен бірге тылда аянбай еңбек етті.
Қыста жылым бригадасына қосылып,
жазда су айдындарына ау-қабадан құр-
ды. Тіпті кемеге қайықтарын тіркеп,
шал қар теңізді шарлады. Жел қағып ақ
жүзі қарайды, Жылымның жуан арқа-
нын тарта-тарта ақ саусақ күс те ніп, до-
балданып ісінді. Осы азапты жыл дар...
Сар ғая күткен күндер... Жеңіс әкел ген
«Қызыл жұлдызды» жігітпен табыс қан-
да бәрі ұмыт болды.
Қосшы, серіктестік сатысынан өт-
кен «Беларық» колхозы «Ақбөгетке»
қо сы лып, «Жаңақұрылыс» колхозы де-
лін ді. Және бір реформа жүріп, кол хоз
фермаға айналып, «Приарал» кең
ша-
ры
ның қарамағына өтті. Кеңшардың
ма лы Қырды да, Сырды да жайлады.
Жә ке нов қыраулап қайырған үйір-үйір
жыл қы Қостанай облысымен шектес
кең жазиралы кеңістікке айдалды... Қыс
өтіп, жаз келді. Жаз өтіп, қыс келді. Қа-
ра құм ның қатпар-қатпар құмды ай ма ғы-
ның «Жаршағыл», «Көкқабақ», «Тә уіп»
жайлауларына көкалалы көп жыл қы ны
қаптатқан бас жылқышы Орын
басар
Жәкенұлының еңбектегі ер лік ісі елге
жай ыл ды. «Еңбек Қызыл Ту» орденімен
мара пат талып, әлденеше рет алғыс хат-
тар мен ақшалай сыйлыққа ие болды.
Өмір жолы тақтайдай тегіс емес. Бұ-
ра лаң, қисық, асу-асу белдері де бар.
Сондай бір ерді, елді сынар 1963-1964
жылдың алай-дүлей қарлы, боран ды, ақ
қоян қысы жұртты әбігер етті. Кең шар-
дың орталығына рация арқылы суыт ха-
бар жетті. «Жәкеновтің жылқысы ығып
кетті. Міне, бүгін үшінші тәулік, өзін де,
үйір-үйір жылқысын да таппадық».
Ақ түтек. Қар жауып тұр ма, әлде бо-
рап тұр ма, айырып болмайды. Сыртқа
шық саң, омбы қарға көмілесің. Не долы
құ
йын домалатып әкетеді. Ат-көлік
те, техника да жолға шығудан қалған.
Ұшақ ұшпайды. Аэропорт жабық. Ап та-
ға созылған аласапыран саябырлап, күн
ашы лып, жайма-шуақ қалпына түс кен
соң барып: «Жәкеновтің өзі де, ал дын-
дағы малы да аман екен» деп сүйін ші -
леген шалғайдағы рация дауысы саңқ
етті...
...Әлгіде ғана бульдозер жүріп өтіп-
ті. Ақ қар әр жерде тау-тау болып үйі-
ліп жатыр. Сегіз орындық «Уаз-69»-дың
руліндегі Әбілда Қызылбаев тере
зе-
ден жан-жаққа көз тастап келеді. Бүгін
тып-тынық. Кешелері алай-дүлей дауыл
соғыпты дегенде, нанғың жоқ. Жыл қы-
шылар қыстауы «Қараүңгірге» де таяп
қалған. Көз ұшынан екі атты көрін ді.
Көк шулан қасқырдың ізіне өкше лей
түскен. Алдыңғы қайыстай қара кісі,
күрең қасқа айғырымен бөріні қап тал-
дай беріп, ауыр шоқпарын сілтеп қалды.
Арлан мұрттай ұшты.
-Жұмағали,-деді ол, шомбал денелі
кө мекшісіне, -қонақтарды ауылға бас-
та, мен мұның қаншығын да қағып тас-
тайын, әйтпесе, кешкісін-ақ малға ша-
ба ды ғой.
- Пай, біздің Орекең дүлей ғой, дү-
лей-деді Жұмағали аға жылқышыны
мең зеп. Мен осы алпамсадай түріммен
ар ланды екі соғып әрең құлатамын, ол
бір-ақ соғып жантәсілім етеді.
«Қараүңгір» қонысына жетіп, ма-
ши надан түсе бергенімізде, Орекең де
ар лан ның қаншығын күрең қасқаға бөк-
теріп әкеліп жерге дүрс еткізді...
Аға жылқышы Орынбасар Жәкенов
сол тұста 46-47 жастар шамасында екен-
ау. Әңгіме-дүкен құрдық.
Өмірімнің 10 жылы сыртта өтті,-деді
ол, ойға шомып, -екі соғысқа бастан аяқ
қа
тыстым. Қираған қалаларды қайта
қал пына келтіруге де үлес қостым. Екі
рет жараландым. Соңғысы ауырлау
бол ды. Есім кіргесін, жан-жағымды си-
па лап «Қаруым қайда?» деппін ғой. «Сіз
госпитальдесіз!» депті медбике күліп.
Сондағы қанды қырғынға қарағанда,
жыл қының ығуы деген не тәйірі? Жыл -
қының түнгі күзетіне шыққалы жи на-
лып жатқанмын. Мына Айзада жең-
гең: «Отағасы, қалың киініңіз, күн
ра
йы бұзылғалы тұр» деп, байпақты
еті гімді, ішігімді, түлкі тымақты ал ды-
ма тастады. Және киініп далаға бет тей
бергенімде, орамалға түйілген ала қан-
дай затты қойныма тықты. Расында да,
ауа райы ұнамады. Ақпан айының орта
ша
масы. Осы күрең қасқаға қамшы
бастым. Арқадан қар аралас ызғырық
соқты дейсің!... Алапат басталды да кет-
ті. Дүркірей жөнелген жылқыға әзер
ілестім. Беталысы-батыс, құла дүз..
Ық
пана жоқ. Таң біліне жел ба
ғы
ты
сәл-пәл өзгергендей болды. Жыл
қы-
ның ық жағын ала, шашыратпай жи-
нап, қайырмалап келем. Алты-жеті
құлындаған құла бие бар еді, сол суы-
рылып алға түсті. «Тербенбес» шы ңы ның
етегіне құлатсам деймін. Оның ыл диы
сай-сала. Табиғаттың өзі жасаған кей бір
сайының ұзындығы 25-30 шақырым да,
ені 15-20 метрдей. Тереңдігі де 3-4 метр
бар-ау. Көктемде осы сайларға жаң-
быр, қар суы құйылып өзен боп ағады.
Құлпырып құрақ шығады... Ертеңіне,
түс ауған шамада, жылқылар бірін-бірі
ықтай келіп, үлкен бір сайға күмп бер-
ді. Шұрқырасып, қарды аяқтарымен ар-
шып, шөпке бас қойды. Бір заматта қар-
дың асты жылы қораға айналды.
«Уh» деп аттан түстім. Күн пәлендей
аязды емес. Бірақ, түтеген боран. Дәл
үс тіңнен түскен біреу болмаса, сені еш-
кім де таба алмайды. Жүрген ізді қар
ба сады. Көзім ілініп кеткен. Қабырғам
шым етті. Тері мен еттің арасында қал-
ған осколкінің орны бар-ды. Сипалап
едім, қолым әлде бір нәрсеге тиді. Алып
қарасам, шекер. Қатырылған құмшекер,
Айзаданың қойныма тыққаны осы екен.
Соғыста аш қалып, шөппен де қо рек-
тенгенбіз. Шекер рахат!.. Шетінен сын-
дырып алып, сора бересің. Үшінші тәу-
лікке қарай жел құбылаға ауды. Жыл-
қыны құлама сайдан жоғары шы
ғару
оңай болмады. Сосын да сайдың бас тау
алар сағасына қарай қуаладым. Осы
аралықта тағы бір екі тәуліктей бұр қа-
сын
мен алыстым. Сайдан шыққанда
іздеу шілер де жетті-ау! Әні, бар болғаны
осы ғана...
Ағамыздың қоңырқай тартқан қара
сұр келбетіне таңырқай қарай қылып-
пын. «Әні, бар болғаны осы ғана» дейді.
Ау-у, үйір-үйір жылқыдан осындай ала-
қиғаш бұрқасында бір бас та шығын
бер
ме
геніне мақтану, желпіну деген
бол маушы ма еді?! Ол кісіде бұл жоқ.
Күн де лікті ісі сияқты, жайбарақат.
Ай за дасы құйған қызыл-күрең шай-
ды терлеп-тепшіп тартып отыр. Фин,
Герман соғысынан аман келіп, қырық
жылдай жылқышының құтты құры
ғы
қолынан түспеген, Мәскеудің Бүкіл-
одақ тық ауыл шаруашылық көрмесіне
қатысып, қола медалін алған, алтындай
ұл-қыз өсірген қос орденді, ондаған
жауын
гер
лік және еңбектегі ме
даль-
дардың иегері Орынбасар Жә ке нов
осы 2017 жылы жүз жасқа толады екен.
«Ерлік еш уақытта ұмытылмайды» де-
сек, осындай соғыс және еңбек ар да-
геріне қандай құрмет көрсетілсе де, ар-
тық емес-ау!...
Достарыңызбен бөлісу: