Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жалпыұлттық Сырт қы істер және сауда министрлігін құруды ұсынды. Сыртқы сауда



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата06.03.2017
өлшемі3,85 Mb.
#8136
1   2   3   4   5

Б. ДҮЙСЕНОВ,

Арал ауданы бойынша 

мемлекеттік кірістер 

басқармасының басшысы.

«Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығында 

2010 жылдан бері басшылық қызметті абыройлы 

атқарып келе жатқан Зәуреш Жансұлтанқызы 

Әлімбетова осы жылдың 10 желтоқсанында 50 жасқа 

толуда. Мерейлі жастың төріне шығып, шадыман 

шаттыққа кенеліп жатқан тәжірибелі әрі жаңашыл 

басшымызды біздер қуанышымен шын жүректен 

құттықтаймыз! 

Сіз 15 жылға жуық уақыттан бері ерекше қор-

ғалатын табиғи аумақтардағы табиғи кешендерді 

қорғау саласында тынымсыз еңбек етіп, осы жолда 

көп белес-биіктерден өткен жігерлі жансыз. Әріптестеріңіз Сізді 

ақылшы басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қол-

даушысы ретінде ерекше бағалайды. Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге ақ 

ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-

дәулет тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға 

жете беріңіз, абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін. 

Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!



«Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығы мекемесінің ұжымы.

* * *

Қашан да шаңырағымыздың шаттығы болып, 

жүрген ортасын қуанышқа бөлеп жүретін аяулы 

пер зент,  қадірлі  бауыр,  асыл  анамыз  Камила 

Сақит жанқызы Дүйсенәлиева үстіміздегі жылдың 

9 желтоқсанында 37 мүшел жасқа толды. Біздер 

қадірлі жанымыз Камиланы мүшел жасымен шын 

жүректен құттықтаймыз! Қаладағы «Мереке» 

балабақшасында 10 жылдан астам уақыт бойы бала 

күтуші болып абыройлы еңбек етіп келе жатқан 

ардақтымыздың басына таймас бақ, отбасына 

береке-бірлік тілейміз. Көз қуанышы болған бала-

ла рының қызығына тоймай, ақ самайлы әже атануды Алла нәсіп 

етсін. Балаларының ертеңі үшін еңбектеніп, адал жолмен нәпақа 

тауып келе жатқан ардақтымыздың қызметіне табыс тілейміз. Арай-

лап атар әрбір таң қымбатты Камиламыздың шаңырағына шаттық 

сыйласын. Қашан да көргені қызық болғай. 

Анасы-Орынкүл, ағасы-Жандос, інісі-Бауыржан, апасы-Дина, 

сіңлісі-Мадина, ұлы-Нұржан және қыздары.

* * *

Құрметті Гүлбаршын, Сізді 30 жасқа толған 

туған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып, 

кіршіксіз көңілден шыққан ізгі тілектерімізді 

жол 

даймыз. Сізге осы қуанышты сәтте өмірде 



бақытты, ұжымда беделді, дос-жолдастарыңызға 

қадірлі де сыйлы болуды тілейміз. Әрдайым жү-

зі ңіз нұрға, өміріңіз жырға толып, алға қойған үл-

кен мақсаттарыңызға сүрінбей жете беруіңізге 

ті 

лек 


теспіз. Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, 

шаттық-қуанышыңыз мол болсын. Жүзіңіз күн дей 

күлімдеп, жүрегіңіз жаздай жайнасын, жана 

ры-


ңыз дан әрдайым нұр себелеп, жаныңыз шаттыққа кенелсін демекпіз.

Гүлбаршын, туған күнің құтты болсын,

Қуанышты, бақытты күндер көп боп тұрсын.

Әрдайым аспаның ашық болып,

Іс табысты, денсаулық мықты болсын!

Қызметтес аға-апалары.

Нарық  және  салық

·

·



Қазіргі таңда балық аулау кезінде Қа-

зақстан Республикасының Ішкі іс 

тер 

ми нис трлігінің  2015  жылғы  19  қаң тар-



да ғы  №34  бұйрығымен  бекітілген  «Су 

ай дын дарындағы  қауіпсіздік  қағи да ла-

ры ның»  талаптары  сақталмай,  қайғылы 

жағдайлардың орын алуы толастамай отыр. 

Арыға бармай-ақ, 2016 жылдың көлемінде 

Арал ауданының су айдындарында 4 тө-

тен ше жағдай тіркелді. 2 азамат қайтыс 

бол са, 5 азамат жоғалып кеткен. Орын 

ал ған  төтенше  жағдайдың  біреуінде  ғана 

2 азамат аман-есен табылса, қалған аза-

мат тарды  іздестіру  жұмыстары  әлі  жал-

ға су да.  Жоғалған  және  қайтыс  болған 

аза мат тардың  барлығы  да  балықшылар. 

Әри не,  бұлар  балық  аулауды  кәсіп  қылып, 

жан ұя сын  асырап  отырған  азаматтар 

екен дігі бәрімізге мәлім. Дегенмен де, өз 

өмі рін  тәуекелге  тігіп,  сақтық  шараларын 

ұмы ту ға  болмайтындығын  әрқашан  естен 

шығар ма ған  абзал. 

«Су айдындарындағы қауіпсіздік қа-

ғи да ларының»  талаптарына  сәйкес,  жүзу 

құ рал дары-ақаусыз  болуы,  құтқару  шең-

бер лерімен,  құтқару  жилеттерімен  және 

«Александров жібімен» қамтамасыз етілуі 

тиіс және оны белгіленген нормадан 

артық жүктеуге болмайды. 

Негізінен, ауданымызда балық шы лар-

дың кеңінен қолданылатын жүзу құралы-

«Прогресс» маркалы қайықтар екендігі 

бел гілі.  Аталған  қайықты  дайындаушы 

кә сіп орындар  оның  алдыңғы,  артқы  және 

қапталынан арнайы су кірмейтін бөлік-

тер мен,  яғни,  475-500  кг  салмаққа  дейін 

кө теріп,  су  бетінде  батпай  еркін  тұруын 

қам та масыз  етеді.  Дегенмен,  көптеген  ба-

лық шылар  жоғарыда  аталған  бөліктерін 

(қайықтың ішін кеңейту мақсатында) алып 

тастайды немесе қайықтың пайдалану 

мер зімі  ескіріп,  ақаулы  күйде  болады.  Со-

ны мен  қатар,  аталған  қайықтың  тех ни ка-

лық көрсеткіштері тек қана толқын ның 

биіктігі 0,75 метрден аспайтын су ай дын-

дарында және жағалаудан 3 кило метр ара-

қа шықтықта  ғана  жүзуге  мүмкін дік  береді. 

Сол себепті, Кіші Арал теңізінде балық 

аулағанда аталған қайық адам қауіпсіздігін 

толық қамтамасыз етпейтіндігі түсінікті. 

Сонымен қатар, күннің салқын мез-

гі лінде  құтқару  құралдарының  өзі    адам 

өмі рін 


сақтап 

қала 


алмайтындығын 

ұмыт 


 

паған абзал. Себебі, салқын суда 

адам ағзасының температурасы санаулы 

минут тарда  шама дан  тыс  төмендеуінен, 

қай 

ғы 


лы жағдайға  әкеліп соғуы әбден 

мүм кін.   

Кіші Арал теңізін пайдаланушы се-

рік 


 

 

тестіктер мен кәсіпкерлік ұйымдар 



жо 

 

ға 



рыда аталған су айдындарындағы 

қауіп  сіздік қағидаларының сақталуына өз 

тара  пы нан бақылауды күшейту керектігін 

білдіреміз.



М. КҮМІСОВ,

Арал ауданының төтенше жағдайлар 

бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау 

подполковнигі. 



Қаперіңізде  жүрсін!

·

·



(Жалғасы. Басы өткен сандарда)

Сұрақ: Егер дәрігерлер, стационарда жоқ 

болғандықтан дәрілерді өзіңізге сатып алуды 

ұсынса, онда ММС жұмсалған ақшаны қай 

жағ дайда қайтарады және дәрігерлер бұл тура-

лы науқасты ақпараттандыруға міндетті ме?

Жауап: Стационарлық көмек толықтай 

МӘлМС пакетіне кіреді және тегін ұсынылады. 

Егер пациент дәрілік препараттарды өз бе тін-

ше сатып алса, онда аурухана дәрігердің жол да-

масын ұсыну бойынша дәрілердің құнын өтеу ге 

тиіс. Қорға жүгінген кезде бұл жағдайлар тек-

серіліп, тиісті шаралар қолданылады.

Сұрақ: Медициналық сақтандыру қорына 

жұмыс істейтін зейнеткерлер жарналар тө лей-

ді ме?

Жауап: Жоқ,зейнеткерлер үшін мемлекет 

аударады.

Олар жұмыс істеген жағдайда, оның жұ мыс 

берушісі оған жарналарды төлеуден боса 

ты-

лады.


Сұрақ: Егер мен соңғы 3 жыл ішінде ме ди-

ци налық көмекке жүгінбесем, онда салымдар 

сомасы жиналады ма және оларды басқа мақ-

сатқа алуға болады ма?

Жауап: Жоқ.

Медициналық сақтандыру жүйесі ортақ 

болып табылады және қатысушылардың атау-

лан 


дырылған есебін және аурудың қатері 

келгенде жүйені қатысушылары арасында қара-

жат ты қайта бөлуді қарастырады.

Сұрақ: Біз ММС бойынша ЭКҰ-ға сүйене 

аламыз ба? Егер ия болса, онда неден бастау 

керек?

Жауап: Бұл процедура, мемлекет кепіл-

ден дірген  медициналық  қызметтер  пакетінде 

қалады (ТМККК). Сондықтан, процедураны ке-

зек тәртібінде өтуге болады (квота), қазіргі таңда 

бұл қызметті МӘлМС пакетіне қосу мәселесі қа-

рас тырылуда.



Сұрақ: Мысалы, егер адам апатқа ұшы-

раса, оған шұғыл көмек көрсету үшін жара қат-

танушыда медициналық сақтандыру бар ма 

екендігін анықтау керек пе?

Жауап: Жоқ, керек емес, өйткені шұғыл кө-

мек барлық азаматтарға, МӘлМС-ке қатысуға 

тәу ел сіз  көрсетіледі.

(Жалғасы бар).

Еліміз білім үдерісінде жаңаша ба ғыт-

қа бет алған кезеңде  жаратылыстану ғы-

лы 


мының орны ерекше. Сондықтан, сан 

түрлі мамандық иесі атануға көп мүмкіндік 

беретін жара ты лыстану пәндерін  жүйелі 

оқыту  қазіргі таңда заман талабына айнал-

ды десек артық болмас.

Осы орайда, біздің мектебімізде де ма-

те матика, информатика, физика пән бір-

лестігінің  ұйымдастыруымен  «Әлем нақты 

ғылымдар тілінде »  атты пән ап 

та 


лығы 

болып өтті. Апталық аясында ал 

ды 

мен, 


тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Тәу ел-

сіздік-таң нұрым» атты Paint гра фи калық 

ре дак торында  сурет  салу  сайысы  ұйым дас-

тырылды. Бұл сайыс оқушылардың отан-

сүй гіштік сезімдерін байқатып, білім бә се-

ке сіне де қабілетті екендіктерін көрсетті. 

«Із ден, талаптан, еңбектен»  атты қолөнер 

көрмесі де балалар қиялын бір шыңдады.

Математика пәнінің мұғалімі, білікті ұс-

таз Ж.Ержанова  «Нақты ғылым біздерде, 

кө 

ріңіздер сіздер де» тақырыбында жас 



ма  ман  дармен берері көп, тағылымды жұ-

мыс өткізді. Информатика пәнінің мұ ға лімі  

Р.Меңдалиева  8-сыныпта    өткен  «Қа зір гі 

заман  дербес  компьютердің   архи тек ту-

расының даму  үрдісі»  атты ашық са ба ғын 

жаңа форматта  үлгі сабақ ретінде әріп тес-

теріне ұсынды. Бала қабілетін дамытуда 

 

тиімді болатын әдіс-тәсілдерді орынды 



қол дана  білді.  Деңгейлік  бағдарлама  бой-

ын ша  сертификат  алған  математика  пә ні-

нің мұғалімі Б.Сералиев 6-сыныпта «Те ріс 

сандарды қосу» тақырыбы бойынша өткі-

зіл ген ашық сабағында оқушы ынтасын кө-

те ре тін  формативті бағалаудың  сан түрін 

пай 

даланды. Мен де өз пәнім бойынша 



физикадан 7-сыныпқа «Механикалық қоз-

ға лыс. Санақ денесі» атты сабағымда за-

ман ауи тәсілдердің оқушы үшін ең тиімді 

тұс та рын  қолдандым. 

Оқушыларды да, мұғалімдерді де бір 

серпілткен апталық жоғарғы дәрежеде қо-

ры тындыланып,  әр  шараға  белсене  қа тыс-

қан оқушылар  марапатталды.

Бұл шара әріптестерімнің Қазақстанның 

білім беру саласының ілгерілеуіне қосқан 

тамшыдай болса да  өзіндік үлесі деп ойлай-

мын.


Ж. ӘУЕЗОВА,

№248 орта мектептің 

мұғалімі

Тоқабай ауылы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 

9 қаңтарындағы «Газ және газбен жабдықтау тура-

лы» заңына сәйкес автогаз құю станцияларында, егер 

олар арнаулы заңнамадағы қауіпсіздікке сәйкес орын-

далмаса, күнделікті тұрмыстық жағдайда пайдала-

нылатын газ баллондарына құйылуына қатаң тыйым 

салынады,-делінген. 

Бүгінде Арал ауданында «Байқоңыргаз» ЖШС-

нің филиалына қарасты 2 газ құю бекеті бар. Атал-

мыш мекеме арнаулы автокөліктермен Қамбаш, 

Аманөткел, Бөген, Қаратерең, Қарақұм, Сексеуіл, 

Ақбасты, Жіңіш кеқұм секілді шалғай ауылдық жер-

лерге газ баллон дарын тасымалдауда. Сондай-ақ, 2 

арнаулы газ құю бекеттерінен де же ке тұрмыстық 

газ баллондарын газбен толтыруды қамтамасыз етіп 

келеді. Газ құю бекеттері заманауи стандартқа сәйкес 

өлшеу құралдарымен жұмыс жасайды. Жеке тұрғын 

үйдегі газ плиталарындағы баллон тұратын ақауларды 

мекемедегі арнаулы мамандар жөндеп береді. 

Осы ретте, тұтынушылар тарапына арнаулы құ-

жаттары, рұқсат қағаздары бар газ құю бекеттерінен 

алынған газды пайдалану өз қауіпсіздіктері мен ден-

саулықтары үшін өте маңызды екенін айта кеткіміз 

келеді.


А. ҚАРЫМСАҚОВ,

«Байқоңыргаз» ЖШС-нің 



Арал филиалының басшысы.

Газетіміздің келесі нөмірі 

16 желтоқсан, жұма күні шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет