Мемлекет және азаматтық қоғам Тулепбергенов Адильхан


Президенттік республикалар



бет4/5
Дата15.04.2023
өлшемі388,54 Kb.
#82949
1   2   3   4   5

Президенттік республикалар — бұл мемлекеттерде президент парламентаризммен қатар мемлекет және үкімет басшысының өкілеттігін қоса атқарады. Үкіметті тарату немесе құру тікелеу президенттің қолында болып саналады, бұл жағдайда парламент үкіметке әлеулі әсер тигізе алмайды (Қазақстан, АҚШ, Эквадор).

Парламенттік республикалар — бұл мемлекеттерде мемлекеттік басқару билігіндегі елеулі орында парламент алады. Парламент үкіметті құрып, кез-келген уақытта таратуға құқылы. Бұндай мемлекеттердің президенттері елеулі өкілеттілікке ие емес (Израиль, Грекия, ГФР).

Аралас республика — бұндай басқару формасы бар елдерде президенттің өкілеттілігі парламенттің өкілеттілігімен тең дәрежеде болады, сондай-ақ президенттің әр бір атқарған ісі, үкіметті құруы немесе таратуы міндетті түрде парламенттің қатысуымен жүргізілуі қажет (Ресей, Украина, Португалия, Франция).

Мемлекет тарихы

  • Жалпы ежелгі дүниедегі мемлекеттердің қалыптасуы кезінде экономдау, басқару, қорғану мәселелерін шешу барысында адамдар бірлестігі жаңа сапалық қасиеттерді бойына сіңіріп, реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғаны байқалады. Ал адамдар қауымдастығының не үшін реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғанының себебі әр түрлі елдердегі мемлекет туралы ұғымның сол кезеңдегі түсініктерінде жатыр. Ежелгі грек ойшылы Платон “ Мемлекет дегеніміз адамдардың азаматтық борышын өтеу үшін бірігуі” деп анықтама беріп, оның пайда болуына еңбек бөлінісі әсер етті десе, ал оның шәкірті Аристотель “ Мемлекет дегеніміз адамдардың пайдалы игілік үшін бірігуі” деп түсіндірді.
  • Көне Рим ойшылы Цицерон “Мемлекет дегеніміз ортақ іс, халық игілігі, ал халық дегеніміз адамдардың көрінген бір қосындысы емес, ол көптеген адамдардың құқық мәселесі бойынша келісімі мен мүдделер бірлігінің нәтижесінде байланысқан бірігуі” дейді. “Мемлекет” сөзінің араб тілінен аудармасы “иелік ету, иелену” деген ұғымды, яғни белгілі бір аумаққа, сол аумақтағы халыққа иелік етуді білдіреді. Ал түркі тілдес халықтардың кейбірі “мемлекет” сөзінің орнына “дәулет” сөзін пайдаланады. Енді дәулет дегеніміз байлық, яғни көшпелі тайпалардағы мемлекеттің қалыптасуына әсер еткен пайда табу идеясынан туындаған. Сонымен мемлекеттің әр түрлі себептердің нәтижесінде пайда болғанын оның атауы да аңғартады. Бірақ ондай себептер көп емес, шектеулі. мемлекеттің қалыптасуына географиялық орта немесе табиғи орта, адам саны, шаруашылық жүргізу тәсілі (экономика), өндіріс тәсілі мен еңбек бөлінісі, дін немесе дүниетаным іспеттес және басқа да сыртқы фактор әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет