Мемлекет пен азаматтық қоғам ертеден ғалым заңгерлердің, саясаттанушылардың, философтардың, тарихшылардың, әлеуметтанушылардың және экономисттердің назарына іліккен. Бұл кездейсоқ нәрсе емес еді, өйткені оларды түсінуге орай мемлекет пен азаматтық қоғамға қатысты проблемаларды, әсіресе мемлекеттің, азаматтық қоғамның сақтанғыштығы, өмір сүргіштігін мәселелерін шешу, олардың қазіргі қоғам алдында пайда болған міндеттерді шешу қабілетті соларға байланысты. Ұзақ уақыт бойы саясаттануда «мемлекет» және «азаматтық қоғам» ұғымдарынын жеке қарастырылмай, бір мағынада қолданылып келгені белгілі. Осыған орай «мемлекет» және «азаматтық қоғам» ұғымдарының қоғамдық өмірдің әр түрлі жақтарын көрсететіндігін атап айтқан жөн. Мемлекет және азаматтық қоғам топтар, индивидттер және т.б. Ортақ маңызды мүдделерінін көрінісін беру формасы болып табылады, оларды жүзеге сырудың тәсілдері іспетті. Солай болғанмен де оларды түсіндіруде пікірлер мен бағалаулар шашыраңқы.