9 тақырып. ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ /. Қога.иның саяси жүйесінің түсінігі. 2. Саяси жүйелердің түрлері. 3. Қогамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орнм мен рөлі 1. Қоғамның саяси жүйесініц гүсінігі. Қоғамның саяси жүйесі-
бұл белгілі бір саяси функцияларды атқарушы мемлекеттік және
мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Мұндай
институттардың қатарына қоғамдык емірдің билікке байланысты
саласына қатысушы мемлекет, партиялар, кәсіптік одақтар жэне
басқа да ұйымдар мен қозғалыстар жатады. Саяси жүйе сыртқы
және ішкі саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз етеді, әлеуметтік
топтардьщ мүдделерін қалыптастырады, білдіреді жэне қорғайды.
Оның сипаты, ең алдымен, осы саяси жүйенің пайда болған жэне
қызмет ететін элеуметтік ортасы арқылы анықталады:
1) Еңбек нэтижелері саналы түрде мемлекеттік ұйымдасқан
адамдардың ерекше тобымен бөлінетін элеуметтік орта. Мұндай
ортада меншіктің мемлекеттік жэне қоғамдық түрлері орын алады;
өзіндік меншікке рұқсат берілуі мүмкін, ал жеке меншік мүлдем
болмайды. Мұндай саяси жүйелерде мемлекеттік билік қоғамның
экономикалық өміріне тоталитарлы түрде араласады; мемлекет
идеологиясынан өзгеше ойлау басып-жаншылып отырады; мемле-
кеттік идеология, дін, мәдениет, білім, ғылым қалыптасады. Билік-
те тек бір саяси партия болады.
2) Әлеуметтік ортаның екінші түрі қоғамның экономикалық
өмірінің нарықтық-ақшалық негізіне, еркін кәсіпкерліктің тәжіри-
бесі мен идеологиясына негізделеді. Мүндай саяси жүйелерде
мемлекет нарықтық экономика үшін жагдайларды ұйымдастыру-
шы ретінде көрініс табады, азаматтардың қүқықтары мен бостан-
дықтарын қамтамасыз етеді. Мүндай жүйеде партиялар билікті
сайлау компанияларына қатысу аркылы жаулап алуға тырысады;
құқықтық нысандар саяси мақсаттарға жетудің негізгі құралына
айналады.
3) Әлеуметтік ортаны ұйымдастырудың үшінші түрі - аралас
түр, ол конвергенция деген атқа ие болды. Конвергенциялық саяси
жүйелер бір әлеуметтік ортадан екінші әлеуметтік ортаға өту
кезінде пайда болады. Конвергенциялық саяси жүйелерге эртүрлі
мақсаітағы жэне мазмұндагы көптеген саяси инстигуттардың
араласуы тэн болып келеді.
2. Саяси жүйелердің гүрлері. Саяси жүйелердің пайда бола-
тын әлеуметтік ортасының сипатына карай мынадай саяси жүйе
түрлері болады: тоталитарлық, либералдық-демократиялық жэне
аралас жүйелер; ал өзара байланысу сипатына қарай ашық жэне
жабық саяси жүйелер болады.
32