Мемлекет және қуқықі теориясы Оцу ццралы


Қуқықтық қатынастардын қүрылымы



Pdf көрінісі
бет55/75
Дата07.09.2023
өлшемі7,78 Mb.
#106478
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   75
4. Қуқықтық қатынастардын қүрылымы. 
Құқықтық қаты- 
нас элементтер қүрамы бойынша күрделі құрылымга ие: күқықтық 
қатынастың субъектісі; құқықтық қатынастың объектісі; субъек- 
тивтік қүкық жэне заңды міндет (заңды мазмүн).
5. Қүкыктық қатынастардың субъектілері 
- бұл қүқықтық 
қатынастардың сәйкес субъективтік құқықтар мен міндеттерді 
иеленген қатысушылары. Құқықтық қатынас субъектісі - бүл 
өзінің қүқықәрекетқабілеттігін пайдаланушы қүқық субъектісі. 
Құқықтық қатынастар субъекгілерінің келесІ түрлері болады:
1. Жеке субъектілер (жеке түлгалар); бүларға азаматтар, аза- 
маттыгы жоқ түлгалар, қосазаматтыгы бар түлғалар, шетелдік 
түлғалар жатады. Азамап ығы жоқ түлғалар мен шетелдік азамат­
тар Қазақстанның аумағында Қазақстан азаматтары сияқты құ- 
қықтарды иеленіп, кұқықтық қатынасгарға түсе алады, алайда, 
оларға қатысты заңнамамен орнықтырылған шектеулер бар, 
мысалы, олар Қазақстан Республикасының өкілдік органдарына 
сайлана жэне сайлауға қатыса алмайды, Қарулы Күштер ката- 
рында қызметін өтемейді, мемлекеттік аппаратта белгілі бір 
лауазымды пелене алмайды және т.б.
2. Ұжымдық субъектілер; бүларға мыналар жатады: мемлекет 
(ол басқа мемлекеттермен халықаралық-құқықтық қатынастарга 
түскен жағдайда); мемлекеттік үйымдар; мемлекеттік емес 
ұйымдар (жеке фирмалар, коммерциялық банкілер, қоғамдық 
бірлестіктер және т.б.).
6. Қүкык субъектілерінің қүқыққабілеттігі және әрекетқа-
білеттігі. 
К^қықсубъектілік. К^ұқықтық қатынастардың субъекті- 
лері болу үшін түлғалар қүқыққабілеттік пен әрекетқабілеттікті 
иеленуі тиіс.
К^қыққабілеттік - бүл тұлғаның құқықтар мен міндеттерді 
иелену қабілеті. Әрекетқабілеттік - бұл түлғаның өз әрекеттері 
арқылы осы қүқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру қабілсті. 
Әрекетқабілеттіктің келесі түрлері болады: толық - 18 жастан 
басталады; жартылай - 14 пен 18 жас аралығында болады.
Әрекетқабілеттік шектелуі мүмкін. Конституцияда бекітілген- 
дей, азаматтардың құқықтары мен міндеттері заңмсн ғана және 
конституциялық қүрылымды, адамгершілікті, басқа тұлғалардың 
қүқықтары мен міндеттерін, денсаулығын қорғау, елдің қорга- 
нысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсапарын- 
да қажет болған шамада ғана шектелуі мүмкін.
Қүқыккабілеттік пен әрекетқабілеттік бір-бірінен ажыратыл- 
майды және көп жағдайда бір мезетте пайда болады. Азаматтык 
құқыктан басқа көптеген салаларда осындай жағдай орын алган.
76


Азаматтық құқықтағы құқыққабілеттік пен әрекетқабілеттіктің 
ажыратылуын былай түсіндіруге болады:
а) мүліктік қатынастар олардың жасына, еркінің жағдайына 
карамастан барлық азаматтар үшін қажет;
э) 
мүліктік қүқықтық қатынастар саласында құқыққабілеттігі 
бар, алайда эрекетке қабілетсіз түлғаның орнына оның заңды 
өкілі катыса алады.
Қүқықсубъектілік - бүл түлғаны қүқық субъектісі ретінде 
сипаттайтын құқыққабілеттік пен әрекетқабілеттік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет