Буферлік мемлекет - екі немесе бірнеше үлкен мемлекет территориясы арасында орналасқан мемлекет. Буферлік мемлекет әскери басып кіру шегінде орналасқан, оның территориясы арқылы маңызды транспорттық байланыс өтеді. Мұндай мемлекет геосаяси тұрғыда тиімді аймақты бақылауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттің қоғам өміріне әсері:
Мемлекеттің қоғам өміріне әсері:
1) өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты азаматтық тұрғыда біріктіреді;
2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;
3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;
3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;
4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады
5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық белгілейді және жинайды;
5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық белгілейді және жинайды;
6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және оны қорғау мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін аумақты әкімшіліктерге бөледі.
7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады.
Қорытынды:
Қорытынды:
Ең алғашқы мемлекеттер адам санының белгілі бір табиғи ортаға қарама-қайшы келе бастауынан ұйымдасуда, шаруашылық жүргізуде өзгерістер жасауға мәжбүр болғандықтан пайда болса, кейіннен осы мемлекеттердің өздері басы бірікпей жатқан көршілеріне қысым жасауынан көрші аумақтарда да қорғану мақсатында адамдар бірлестігі — мемлекет пайда болды.