Мемлекет, үстем таптың (әлеуметтік топтың, барлық халықтың тап күштері одағының) көпшілік саяси үкіметтің ерекше ұйымы бола отырып, өзінің міндеттері мен қызметтері бар



бет7/7
Дата07.01.2022
өлшемі48,99 Kb.
#17301
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
6-semestr-10-tema-kaz1

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚР қазіргі мемлекеттік қызметі құқықтық материяны білдіреді, ол үнемі қозғалыста болады: ол өзгереді, толықтырылады, мәселелерді шешудің жаңа амалдарын іздестіру жүргізіледі, мемлекеттік-қызметтік қатынастарды реттейтін жаңа нормативтік актілер әзірленеді. Қазақстанның мемлекеттік қызметінің мәселелерін атап шығу, болашақта осы салада маңызды өзгерістер болуы мүмкін екендегін куәландырады.

Заңнаманың қазіргі дамуы, Қазақстанның кәсіби шенеуніктер институтын жаңғырту жолында тұрғандығын дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Бұл институт, қызметкерлердің саяси бейтараптықтарына, қабілеттеріне, кәсіпқойлығына және қызметтік міндеттерін сапалы орындағандарына сүйене отырып, көптеген елдерде тұрақты мемлекеттік басқаруды қамтамасыз етеді және мемлекеттікті дамытудың және сақтаудың маңызды факторы болып табылады.

Мемлекеттік қызметті реформалау көптеген факторлармен шартталған, олардың бастысы мыналар болып табылады: мемлекеттік басқару жүйелерін реформалау және ҚР жаңа мемлекеттілігін құру қажеттілігі; мемлекет билігін заң, сот және атқарушы деп бөлу принципінің әрекетін қамтамасыз ету; құқықтық реформаны жүзеге асыру; экономикалық және шаруашылық реформаларын жүргізу; мемлекеттік өкімет органдарын нығайту; ҚР субъектілерінің мемлекеттік билік органдарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын нығайту;

Қазіргі таңда мемлекеттік-қызметтік процестерді құқықтық реттеу мемлекет аппаратын, мемлекеттік басқару жүйелерін реформалаудың заңдылықтары мен тенденцияларын дамыту қарқынынан қалыс қалуда.

Мемлекеттік қызмет құқықтық институт ретінде тұрақты басқаруды қамтамасыз етуі қажет; ол әртүрлі саяси күштердің қызметін теңдестіруде, саяси қақтығыстарды шешуде, әлеуметтік-саяси өмірді тұрақтандыруда белгілі бір рол ойнауы мүмкін.

Әлемдік озық тәжірбиеге сәйкес мемлекеттік басқару органдарындағы саяси және әкімшілік – атқарушы қызмет, сондай-ақ оларға сай лауазымдар қатаң түрде бөлінеді.

Тіптен нарықтық басқаруы бар барлық мемлекеттерде осы үлгі уақытпен сынауды өтті, және тәжірибе көрсеткендей ең эффектілі және кең таралған болып табылады. Жалпыға мәлім және объективті себептер бойынша Қазақстанда өткізілетін экономикалық реформалардың негізгі параметрлері орталықтан берілді және «жоғарыдан-төмен» схемасы бойынша жүзеге асырылды.

Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құру кезінде негізгі мәселе орталық атқарушы органдардың құрылымдарын оңтайландыру және олардың қызметтерін реттеу болып табылады. Осы мәселенің оң шешім табуы аймақтық басқаруды оңтайландыру және орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында қызметтерді қайта бөлу үшін қолайлы жағдай туғызады, ол реформаның екінші кезеңінің мақсаты болып табылады.

Сөйтіп, Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметті реформалаудың мақсаты тиімді мемлекеттік басқару есебінен тұрақты әлеуметтік – экономикалық дамуды қамтамасыз ететін, мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін жасау болып табылады.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Закон РК «О государственной службе» от 23 ноября 2015 г.

  2. Концепция новой модели государственной службы Республики Казахстан № 119 от 21 июля 2011 года

  3. Турисбек А.З. «Государственная служба в Республике Казахстан: проблемы
    теории и практики» (автореферат)// http://law.edu.ru

  4. Стратегия «Казахстан-2050»: Новый политический курс состоявшегося государства от 14 декабря 2012 года


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет