Мемлекетіміздің жеткен жетістігінің бір бөлшегі. Қазіргі заманда ғылыми техникалық



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі138,02 Kb.
#7293

 

 

143 



мемлекетіміздің  жеткен  жетістігінің  бір  бөлшегі.  Қазіргі  заманда  ғылыми  техникалық 

даму  адам  өмірінің,  қызметінің  барлық  саласын  қамтиды,  ал  ғылым  саласындағы 

теориялық  жəне  технологиялық  өзгерістердің  жалпы  стратегиясы  ғылымның  тұрақты 

өзегі  ретінде    дүниенің  ғылыми  бейнесін  білдіреді.  Ал  осы  ғылымды  көркейтіп,  одан 

əрі жетілдіріп, қалыптастыру жас ұрпақтың қолында. 

 

 



 

Əдебиет: 

1.

 



Білім туралы. - Об образовании: Қазақстан Республикасының Заңы. - Алматы: Литера, 2000. - 

96 б. 

2.

 

Қоянбаев,  Ж.Б.  Педагогика:  университеттер  студ.  арналған  оқу  құралы  /  Астана:                        



Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті, 1998. - 378 б. 

3.

 



Г.Қ. Нұрғалиева, С.Мусин. Салыстырмалы педагогика. -Алматы: Ғылым, 1999. 

4.

 



Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. Қазақтың тəлім-тəрбиесі. - Алматы: Сана, 1995. 

 

 

 

ОƏЖ 378.1 

 

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАҢА 

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

 

Киекбаева А.Б., Молдабекова С.К., Билялова А.Б. 

(Ш.Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау МУ) 

 

 

 

Жалпы  білім  беру  мекемелеріндегі  инновациялық  үдерістер  жəне  білім  беру 

жүйесінде  болып  жатқан  өзгерістер  болашақ  мұғалімді  кəсіби  даярлау  мəселесін 

қозғайды.  Жаңашыл  мамандық  иесіне  қойылатын  талаптар,  қазіргі  ЖОО-дағы 

мұғалімдерді əдістемелік даярлау жүйесін қайта қарастыруды қажет етеді. Жыл сайын 

əлем  мемлекеттері  үкіметтерімен  білім  беруге  2  трлн.  доллардан  аса  қаражат 

жұмсалады  екен.  Қазіргі  кездегі  жаңашыл  университеттердің  басты  идеясы  кəсіпқой 

мұғалімді  дайындау.  Ол  мұғалімнің  негізгі  ақыл-ой  ерекшеліктеріне:  рационалды 

шешім қабылдай алатын, шығармашыл, өз білімдері мен дағдыларын стандартты емес 

жағдайларды  қолдана  білу  жəне  т.б.  жатады.  Осы  орайда,  болашақ  маман  иесі  − 

студенттерді оқыту үдерісінде қандай шынайы мəселелермен кездесеміз? 

Студенттер  практикалық  сабақтарға  жауап  бергенде,  кейде  тек  қана  оқулықтан 

оқығанын немесе конспект жасаған материалын дəлме дəл айтып берумен шкетеледі, ал 

өз  бетінше  талқылап,  ізденіп,  альтернативті  шешімдер  іздеуге  барлығы  бірдей 

ұмтылмайды.  Əйгілі  Джон  Локк  өзінің  «Ақыл-ой  парасатын  меңгеру»  еңбегіндегі 

пайымдау  қателіктерінде  былай  деген  «...Бұл  əр  нəрсеге  байланысты  сирек 

пайымдайтын,  тек  қана  басқалардың...үлгі  көрсетуімен  ойланатын  жəне  əрекет 

жасайтын  адамдарға  тəн...,  олар  өз  бетінше  еңбектенуден,    дербес  ойлану  мен  зерттеу 

мазасызыдығынан  қашады»[1].  Ұлы  педагог  қазіргі  кейбір  студенттердің  ойлау 

жүйесіне  ұқсас  сол  заманғы  тəрбиеленушінің  түрін  көрсеткен.  Қазірде  бұл  мектеп 

іргесінен келе жатқан құбылыс, ондағы оқу үдерісінде көбінесе тек қана репродуктивті 

тəсілді  қолданумен  шектелу,  оқушының  күнделікті  сабақтарға  «жаттау»  əдісімен 

дайындалу, өзіндік рефлексияның жетіспеушілігінен туындауы мүмкін.  

Осы  орайда,  қазірде  оқыту  нəтижесін  жақсарту  үшін  қандай  құралдар 

қолданылады?  деген  сұрақ  туындады.  Бұл  сұраққа  бірыңғай  жауап  жоқ.  Қоғамда 


 

 

144 



қалыптасып  қалған  дəстүрлі  оқыту  жүйесін  өзгерту  үшін  реформа  қажет.  Бірақ  та  ҚР 

білім беру жүйесі үздіксіз өзгеріп, жетіле түсуде. Соған дəлел ретінде, соңғы үш жылда 

мектептерімізде  Кембридж  бағдарламасы  бойынша  оқыту  жүйесі  жүзеге  асуда. 

Бағдарлама жеті модуль бойынша дайындықты жүзеге асырады олар: 

      1. Оқыту мен оқудағы жаңа тəсілдер. 

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 

3. Оқыту үшін бағалау жəне оқуды бағалау. 

4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. 

5. Талантты жəне дарынды балаларды оқыту. 

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сəйкес оқыту жəне оқу. 

7.Оқытуды  басқару  жəне  көшбасшылық.,  бірақта  негізгі  акцент  сындарлы  оқыту 

бірақта  негізгі  акцент  сындарлы  оқыту  теориясына  жасалған.  Осылайша  оқыту  түрі 

оқушылардың    «сыни  тұрғыдан  ойлау  ақпарат  пен  идеяларды  синтездеу  қабілеті, 

ақпарат  пен  идеяның  шынайылығы  мен  салыстырмалы  түрде  маңыздылығы  туралы 

ойлана  білу  қабілеті,  өзінің  оқуына  қатысты  таңдау  жасау  жəне  басқалардың 

идеяларына  күмəнмен  қарау  қабілеті  ретінде  түсіндіріледі»  [2].  Оқушыларды  сыни 

тұрғысынан ойлай алуға үйрету сабақта əр түрлі стратегияларды қолдану, дағдыларды 

қалыптастыру арқылы жүзеге асады. Əрине осылайша технологиялар арқылы оқыту əрі 

қарай ЖОО-да жалғасын табуы керек. 

ЖОО-дағы білім беру үдерісіндегі келесі өзекті мəселелердің бірі ол ─ бағалау. 

Білім  берудің  талабына  сай,  студенттерге  арналған  оқу  бағдарламаларында  (силлабус) 

практикалық  сабақтар,  ОБСӨЖ,  СӨЖ  тапсырмаларын  орындауда  белігілі  өлшемдер 

(криетрий)  болуы  керек.  Қысқаша  айтатын  болсақ,  студент  білімін  нақты  қандай 

өлшемдерге  сай  бағалайтынын  білуі  тиіс.    Бағалаудағы  тағы  бір  маңызды  аспект  ─ 

студенттің өзін-өзі бағалауы. Студент өзінің оқу жетістіктерін объективті бағалай алса, 

онда  бағалаудың  сенімділігі  мен  адекваттылығы  жайлы  сұрақ  туындамайды. 

Александер[3]  бойынша,  бағалау  тек  қана  оқушының  білімін  бағалау  емес,  сондай-ақ 

оның  дамуы,  оқуы  жəне  ынтасы  туралы  түсінік,  сонымен  қатар  өзін-өзі  бағалау, 

қабілеттілік жəне күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. Сондай 

ақ,  студенттердің  өзін-өзі  бағалауы  үшін  олар  өздерінің  жұмыс  нəтижесі  қалай 

бағаланатынын  білуі,  сыни  тұрғысынан  ойлау  дағдысының  дамуы,    объективизмнің 

дамуы сияқты шарттар қажет. Егер де, студент өз оқу əрекетіне сыни тұрғыдан қарап, 

оған объективті баға алса, онда ол студенттің позитивті дамуының көрсеткіші болады. 

Өзін өзі бағалау жəне өзара бағалау дағдыларының қалыптасуы  мектеп қабырғасында 

бастау алуы керек.  

Қазірде  мектептерде  өзін-өзі  жəне  бірін  бірі  бағалау  түрлері  Кембридж 

технологиясының«Оқыту  үшін  бағалау  жəне  оқуды  бағалау»  модулі  қолдану  арқылы 

жүзеге  асырылуда.  Ол  формативті  жəне  суммативті  бағалау  түрлері.  ЖОО  да 

суммативті бағалау түрлеріне аралық бақылау жəне қорытынды емтиханды жатқызуға 

болады, яғни оқу жетістіктерін тіркеп, қорытындылау түрі. Формативті бағалау (оқыту 

үшін  бағалау)  оқытуды,  əдістерді  жəне  осы  мүмкіндіктерді  іске  асыру  түрлерін 

жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау болып табылады [2;55]. 

Мысалы оқытуда мадақтау, мақтау, сөздік баға, қолдау көрсеті адамда жағымды 

эмоциялар  тудырады.  Ал  жағымды  эмоциялар  ішкі  мотивацияның  қалыптасуына 

септігін  тигізеді.  Бағалауды  мұндай  түрлерін  арқылы  жүзеге  асыру  студентті 

объективті бағалауға мүмкіндік береді. 

Осылайша,  Кембридж  бағдарламасы  бойынша  оқыту  −  ЖОО-дан  бастау  алу 

керек  деп  ойлаймыз.  Өйткені  бүгінгі  студент  болашақта  мектеп  қабырғасында  жұмыс 

жасайтын  мұғалім.  ЖОО-ның  оқу  үдерісінде  болашақ  мұғалімнің  жаңашыл 

технологияларды 

қолдана 

білуі 


оқушыларды 

өмірге, 


еңбек 

мəдениетін 

қалыптастырудың негізін қалайды. 


 

 

145 



Əдебиет: 

1.

 



Əлемдік  педагогикалық  ой-сана.  10  томдық.  ─  Алматы:  «Таймас»  баспа  үйі,  2008.  4  том.  Жаңа 

дəуірдегі педагогикалық ойлар (XVII-XVIIIғ.ғ.) Жетекшісі: Қалиева К.М. –145-146 беттер. 

2.

 

Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012 



3.

 

Alexander,  R.J.  (2008) Towards  Dialogic  Teaching.  Rethinking  classroom  talk [Напутик  4th  edition, 



York, Dialogos. 

 

 



 

УДК 372.851 

 

ФУЗИОНИСТКИЙ ПОДХОД В ОБУЧЕНИИ ЭЛЕМЕНТАМ ГЕОМЕТРИИ 



МЛАДШИХ ШКОЛЬНИКОВ 

 

Кокарева М. 



(студентка группы ПМНО-11) 

 

 



 

В  Послании  народу  Казахстана  Лидер  нации  отметил:  «Наш  путь  в  будущее 

связан  с  созданием  новых  возможностей  для  раскрытия  потенциала  казахстанцев. 

Развитая  страна  в  XXI  веке  -  это  активные,  образованные  и  здоровые  граждане. 

Результатом  обучения  школьников  должно  стать  овладение  ими  навыками 

критического  мышления,  самостоятельного  поиска  и  глубокого  анализа  информации» 

[1]. 

Геометрический  материал  в  начальных  классах  представлен  уже  с  1  класса  и 



направлен на формирование у младших школьников пространственных представлений 

и понятия о геометрической фигуре как форме предмета [2]. 

Каждый  ребёнок,  по  мнению  О.С.  Якуниной  [3],  Н.С.  Подходовой  [4]  и  др., 

является  носителем  самоценного  и  самобытного  субъектного  опыта,  приобретённого 

им  в  период  дошкольного  детства  при  ориентации  в  пространстве  и  различных  видах 

деятельности с трёхмерными объектами. 

Опора  на  дошкольный  опыт  детей  приводит  к  необходимости  реализации  в 

процессе  формирования  у  младших  школьников  представлений  о  геометрических 

фигурах фузионистского подхода, на методическую необходимость которого в России 

первым  указал  Н.И.  Лобачевский  [5].  Понятие  «фузионизм»  (с  латинского  fusio  -

сплавление;  с  английского  fusion  -  сплав  металлов,  слияние,  соединение)  в  школьном 

курсе  преподавания  геометрии  означает  совместное  изложение  плоскостной  и 

пространственной составляющих геометрии - планиметрии и стереометрии [6]. 

И.В  Шадрина  считает,  что  принцип  фузионизма  способствует  разрешению 

противоречия между  «первичностью пространственных форм с точки зрения процесса 

познания  мира  и  абстрактностью  плоских  фигур  в  традиционной  логике  построения 

геометрических курсов, развивающихся от плоской к пространственной геометрии» [7]. 

Ж. Вернье установил, что содержание обучения младших школьников элементам 

геометрии,  направленное  на  формирование  у  детей  представлений  о  геометрических 

фигурах,  диктуется  возможностью  выделить  наглядно  -  практически  и  наглядно  - 

эмпирически 

геометрические 

объекты 

как 


обобщённые 

мысленные 

образы 

наблюдаемых предметов. Опыт ребёнка - дошкольника - деятельность в пространстве, с 



конкретными 

объектами. 

Овладение 

пространством 

начинается 

с 

усвоения 



пространственных отношений. Ребёнок он перемещает предметы, перемещается  сам и 

меняет свою систему ориентирования, тем самым организует мир вокруг себя [8]. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет