Мемлекеттің әлеуметтік саясатының теориялық аспектілері


Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік саясат



бет4/10
Дата15.12.2023
өлшемі27,71 Kb.
#138988
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-37714

2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік саясат
2.1 Қазақстан Республикасының Конституциясы – адамның құқығы мен бостандығының кепілі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.


Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы – Сенат, төменгі палаталы – Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы ең жоғары құндылық ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекітті. Бұл қағида демократиялық мемлекеттің қызметі мен оның халықаралық- құқықтық міндеті. Конституцияда бекітілген жеке тұлғаның құқығы оны жүзеге асыру мен қорғаудың тиімді механизмін құруды болжайды. Адам құқығы, оны сақтау мен кепілдік беру бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі. Адам құқықтарын сақтаудың шындық жағдайы- демократияның маңызды көрсеткіші, оның кемеліне келуі мен руханилығының белгісі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық Өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»атты халыққа жолдаған жолдауында Стратегиялық жоспарын іске асырудың базалық шарттары экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш міндеттінің бірі: сенімді құқықтық орта қалыптастыруды жалғастыру екендігі айтылған.
Жалпы, адам құқығын қорғап, бостандығын ардақтау азаматтардың лайықты өмір сүріп, бай-рақатты тұрмыс кешуіне ахуал қалыптастыру– әлемдік қауымдастыққа көшін ұластырған Қазақстанның алдына қойған асыл мұраты.
Сонымен қатар конституциялық құқықтар, бостандықтар мен міндеттерді жүзеге асыру объективтік және субъективтік факторлардың бірлігіне де байланысты. Демократиялық қоғам құру жолындағы Қазақстан үшін аталған мәселені шетелдік тәжірибені қолдана отырып шешу тиімдірек екені сөзсіз. Қазақстан Республикасының халықаралық байланыстары, мемлекет азаматтарының шетел азаматтарымен арасындағы қарым-қатынасы бұл тәжірибеге әсерін тигізіп қана қоймайды, сонымен бірге оған ылғи да жол ашуды көздеп отырады.
Адам құқығы – қазіргі замандағы өзекті мәселелердің бірі. Мемлекет те, партия да, жеке лауазымды тұлға да емес, жеке қарапайым адам өзінің құқықтары мен бостандықтары арқылы кез келген қызмет ортасында болуы керек. Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылмайды және ол адамның туған сәтінен бастап өзіне тиесілі.
Кез келген адам мен азамат негізгі құқықтар мен бостандықтарды пайдалана алады. Демократиялық құқықтық мемлекеттің заңдылықтары адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығының теңдігіне, яғни оның ұлтына, нәсіліне, жынысына, тіліне, мүліктік және қызметтік жағдайына қарамастан кепілдік береді, тілдік, діндік, ұлттық, нәсілдік, әлеуметтік белгілеріне қарамастан оның құқықтарына шек қоюға тыйым салынады.
Адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы – сонау көне дәуірден қазіргі заманға дейін әлеуметтік нормалар арқылы басқарылып келді. Сондықтан жеке адамның құқығы мен бостандығы туралы теорияның мыңдаған жылға созылған тарихы және мол тәжирибесі бар.
Адам құқығы – тарихи, табиғи, объективтік құбылыс. Сондықтан әлеуметтік норма әр уақытта даму процесінде болады. Әлеуметтік норма адам қоғамымен бірге дамып, бірге өзгеріп, бірге өмір сүріп келеді. Қоғам дамып, нығайып, жақсарған сайын әлеуметтік норма да дамып, нығайып жақсарады, оның әділеттік, бостандық, демократиялық шеңбері де, кеңістігі де молаяды, күрделенеді.
Жалпы, адам құқығын қорғап, бостандығын ардақтау азаматтардың лайықты өмір сүріп, бай-рақатты тұрмыс кешуіне ахуал қалыптастыру- әлемдік қауымдастыққа көшін ұластырған Қазақстанның алдына қойған асыл мұраты. Қазақстан Республикасы адам құқықтарын қорғау саласында оң қадамдар жасауда. Біздің республикамыз келешекте де адам құқығы жөніндегі айтулы халықаралық, экономикалық, әлеуметтік және саяси пактілерге қосуға бет бұрып, үнемі басты назарда ұстауға кепілдік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет