Мемлекеттің әлеуметтік саясатының теориялық аспектілері


Қазақстан Республикасындағы Міндетті әлеуметтік сақтандыру



бет5/10
Дата15.12.2023
өлшемі27,71 Kb.
#138988
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-37714

2.2 Қазақстан Республикасындағы Міндетті әлеуметтік сақтандыру

Міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу әлеуметтік қорғаудың екінші деңгейіне жатады және әлеуметтік қатер басталғанда ресми сектордың қызметкерлерін қорғаудың қосымша жүйесін құруға бағытталған.


Міндетті әлеуметтік сақтандыру заңнамасына сәйкес әлеуметтік қатердің бес түрімен қамтылған (еңбек ету қабiлетiнен айрылу, асыраушысынан айрылу, жұмысынан айрылу, жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылу, жаңа туған баланы асырап алуына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылу).
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізудің негізгі мақсаты – әлеуметтік қатер туындау нәтижесінде жоғалтқан табыстың бөлігін өтеу болып табылады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін қаржыландыруды жұмыс берушілер әлеуметтік аударымдарды төлеу есебінен жүзеге асырады.
Әлеуметтік төлемдердің мөлшері тікелей әлеуметтік аударымдардың уақытында және толық аударылуына байланысты болады.
Бұл ретте, егер бұрын әлеуметтік төлемді алушылар жинақтаушы зейнетақы жүйесінде қатыспаған болса, онда міндетті әлеуметтік сақтандырудың енгізілуіне байланысты тағайындалған әлеуметтiк төлемдерден (асыраушысынан айрылу жағдайға әлеуметтік төлемінен басқасы) 10 % мiндеттi зейнетақы жарналары ұсталып, жинақтаушы зейнетақы қорына жiберiледi.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405–ІІ Қазақстан Республикасының Заңы.
Осы Заң мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша әлеуметтiк қатер жағдайының басталуына қарай мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларды әлеуметтiк қамсыздандырудың қосымша нысандарын құрумен байланысты осы Заңда көзделген қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру мынадай түрлерге бөлiнедi:

  1. жұмысынан айрылған жағдай;

  2. жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдай;

  3. жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдай;

  4. бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдай.

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын сақтау мен орындаудың жалпыға бiрдейлiгi;
2) әлеуметтiк төлемдердi қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шараларға мемлекеттiң кепiлдiк беруi;
3) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың мiндеттiлiгi;
4) осы Заңға сәйкес әлеуметтiк аударымдарды әлеуметтiк төлемдерге пайдалану;
5) әлеуметтiк төлемдердiң осы Заңда көзделген шарттар бойынша мiндеттiлiгi;
6) әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн саралау;
7) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттік органдардың қызметіндегі жариялылық.
Мемлекет азаматтарға әлеуметтiк қатер жағдайлары басталған кезде осы Заңда белгiленген шарттармен мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына кепiлдiк бередi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет