Мемлекет- саяси жүйеде шешуші рөл атқарады, өйткені оның өзіне тән ерекше белгілері болады. Біріншіден, қоғамды интеграциялауға қабілетінің болуы, бұл қабілет қоғамда болатын әлеуметтік өзгешеліктерге, мүдделер тартысы дегенге қарамастан өз ықпалымен әсер етеді. Екіншіден, мемлекет- билік органы. Ол белсенді түрде қоғамдық қатынастарды ұйымдастыру ережелерін белгіленген нормаларды сақтағаны немесе бұзғаны үшін санкцияларды, көтермелеу мен жаза қолдануларды жүзеге асырады.Үшіншіден, қоғамда оның құқықтық шығармашылық қызметі болады. Төртіншіден, мемлекеттік биліктің көпшілікке тәндігі, жалпылық істерді басқарудың кәсібилендірілуі, мемлекеттік органдарға, олардың қызметкерлеріне өкілеттіктерді ерікті немесе еріксіз беру, басқа адамдарға сол өкілеттіктерді басқаруға беру. Бесіншіден, саяси кеңістік шегінің ерекшелігі мен оның айқындылығы.
Мемлекеттің географиялық шегі болады. Оның билігі жүретін аумағы, өзінің азаматтарын мемлекет мүшелерін қамтитын заңдық ықпалы болады. Осы заңдық ықпал бойынша мемлекет алдында әлгі мүшелерінің заң бекіткен міндеттері, құқықтары болады, олар алым-салықтар төлейді және тағы сондайлар.