Мемлекеттік бала-бақшадағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі


Балалар бақшасындағы эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары



бет12/70
Дата07.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#19759
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   70
1.4.Балалар бақшасындағы эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары
Балалардың эстетикалық тәрбиесі балаларды тұрмыс эстетикасымен, еңбектегі, табиғаттағы, қоғамдық құбылыстардағы әсемдікпен таныстыру жолымен және өнер құралдары арқылы жүзеге асырылады. Балаға өмір сұлулығын сезінуді және түсінуді үйрету ересектердің ұзақ жұмысын керек ететін күрделі де қиын міндет.

Туған үйдің қабырғасы, баланы алғашқы жасынан бастап қоршаған заттар оған мықтап әсер етеді. Жайлы мебель, түрлі түстердің жарасты үйлесімі, өнер бұйымдары, үйді безендірудің жалпы стилі көзбен, түй-сінумен қабылданатын осылардың бәрі сәбидің есінде, санасында сақталып қалады.

Балалар бақшасындағы тұрмыс эстетикасы көркем қарапайымдылық-тан, күнделікті тұтынылатын заттардың ақылмен таңдалып алынуынан, әр заттың өз орнында жарасып тұруынан, басы артық еш нәрсенің болмауынан көрінеді. Қабырғалардың бояуы жайдары, ашық болуға тиіс.

Балалар бақшасын безендіруге қойылатын талап балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау міндеттерімен, олармен жүргізілетін тәрбие жұмысының мазмұнымен анықталады. Олардың ішіндегі ең бастылары мыналар:

1. Үй жиһаздарының пайдалылығы, жабдықтардың практикалық

тұрғыдан қажеттілігі.

2. Тазалық, қарапайымдылық, әдемілік.


  1. Әрбір заттың көзге сүйкімді, анық көрінуін қамтамасыз ететіндей түс пен жарықтың дұрыс ұштасуы.

  2. Безендірудің барлық компоненттері біртұтас ансамбль қүрайтын болуға тиіс.

Топты безендіруде бейнелеу өнеріне: картиналарға, эстамптарға, қол- данбалы өнер заттарына ерекше орын берілуге тиіс. Бүл балалардың

Эстетикалық ұғымдарын кеңейтеді, өнер шығармаларын түсінуге негіз қалайды, көркемдік ләззат береді, өрнектің, гүлдің суретін салу, әдемі ойыншық жасау талабын туғызады.

Картинада бейнеленген сюжеттер балалардың түсінуге шамасы келе тіндей болуға тиіс. Бұлар — адамдар еңбегі, балалар бақшасының өмірі пейзаждар, натюрморттар, құстар мен жануарлар тіршілігі, ертегілер әдемі. Барлық топтарда натюрморттарды, жануарлар бейнеленген эстамптарды, ертегі тақырыбына жазылған картиналарды пайдалануға болады. Пейзаждарды естияр, ересек және мектепке дайындайтын топтарда пайдалану ұсынылады. Мектепке дейінгі ересек балалар атақты суретшілердің: Саврасовтың «Ұзақтар ұшып келді», Левитанның «Алтын күз», «Март» картиналарының, Шишкин пейзаждарының, Васнецовтық «Алёнушка», «Ханша мен сұр қасқыр», Серовтың «Алхоры ұстаған қыз», Кончаловскийдің «Сирень» картиналарының және басқаларының көшірме-лерін көбірек ұнатады. Бөлмеде 2—3-тен артық картина болмауға тиіс. Балалардың ерекше назарын аударатын үлкен бір, шағындау екі-үш картина- болғаны жақсы. Картиналарға жарық жақсы түсетін олар біріне-бірі кедергі жасамайтын болуға тиіс, сондықтан оларды бір-біріне тым жақын орналастырмаған жөн. Картиналар мен эстамптарды жыл мерзімін, балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысы міндеттерін ескере отырып алмастыру керек. Мысалы, алда тұрған әңгіменің тақырыбына, оқы-латын көркем шығармаға, ойынға байланысты картиналар іліп қойған жақсы.

Балалар бақшасын безендіруде халықтың қолданбалы өнер шығарма-дарына маңызды орын берілуге тиіс. Барлық топтарда ұлттық бұйымдар болуы керек (кітап мүйісіндегі мебель және алмасып тұратын екі-үш зат). Көңілді дымковолық ойыншық, жестоволық поднос, керамикадан жасалған шығармалар болғаны жақсы.

Әрине, балаларды әдемі заттармен қоршап қою жеткіліксіз, оларды сұлулықты көре білуге, оны аялап, бағалай білуге үйрету керек. Сондықтан тәрбиеші үй ішінің тазалығына, гүлдер, картиналардан бөлмеге енетін сұ-лулыққа балалардың назарын аударып, балалардың бөлмені өздері әдемі-лейміз деген ықыласын көтермелеп отыру керек.

Мұның бәріне бірте-бірте үйрету керек. Мысалы, балалармен бір күтушінің жұмысын бақылай жүріп тәрбиеші оның бөлмеде тазалық сақтап қана қоймай, сонымен бірге жайлылық орнататынына балалар көзін жеткізеді. Жақсы жиналған, тап-таза болып жарқырап тұрған бөлме жайнап кетеді. Сондықтан балалардың өздері де әуелі ересектердің жәрдемімен, содан соң олардың еске салуымен, ал ересек топта өздігінен – ақ тазалық пен тәртіп сақтауға бірте-бірте әдеттенеді.

Балаларды алғашқы жасынан бастап, мінез-құлық мәдениетімен ұштастыра отырып, сыртқы пішін эстетикасына үйрету керек. Бұл жағы тәрбиешінің өз басының өнегесі, оның ішкі және сыртқы мәдениетінің бірдей болуы ықпал етудің аса күшті құралы болып табылады. ...

Туған елдің табиғаты да эстетикалық тәрбиенің қуатты құралы.Оның сұлулығы балалық шакта өте-мөте жарқын әрі терең қабылданады, сезім мен ойда берік орныққан аяулы әсер адамның бүкіл ғұмыры бойына еш ұмытылмайды.

Тәрбиеші балаларға табиғат әлемін ашып береді, олардың гүл жарна-ғындағы мөлдір шықтың, алуан түрлі шөптердің, батып бара жатқан күн бояуының ғажап әдемілігін түсінуіне көмектеседі. Тек осы сұлулықты өзің көріп, бала жүрегіне жол табатын әсерлі сөздермен жеткізе білуің керек. Бұл түрғыда оған табиғат туралы көркем шығармалар баға жетпес көмек көрсетеді, сондықтан тәрбиеші көркем шығармаларды көп білуге және шебер пайдалануға тиіс.

Балалар үнемі ұшырасып отыратын қоғам өмірі мен адамдардың еңбе-гі де эстетикалық тәрбиенің маңызды құралы болып табылады. Құрылыс-шылардың ынтымақшыл еңбегі балалардың жақсы құрылыс салуға, тату әрекет жасап, бір-біріне ұқыпты болуға деген ықыласын туғызады. Теңіз-шілердің, ұшқыштардың, мұғалімдердің, дәрігерлердің еңбегін суреттеу мектеп жасына дейінгі балаларды осы мамандықтармен таныстырып қана қоймайды, сонымен бірге соларға ұқсасам деген тілек туғызады. Осының бәрі олардың ойындарында бейнеленіп, адамгершілік және эстетикалық сезім тәрбиелеуге көмектеседі.

Сондықтан тәрбиеші экскурсия өткізуге мұқият әзірленеді, экскурсия үстінде балалар өздеріне қажетті сезімдік тәжірибе жинайды. Дұрыс әзір-леніп, өткізілген экскурсия мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін кеңейтеді, оларды көруге, салыстыруға, қорытуға үйретеді, ал мұның өзі творчестволық қиял мен қабілет дамуының негізі болып табылады. Мақ-сатты бақылаулар мен экскурсиялардың барысында педагог қайсыбір құбылыстың елеулі белгілеріне ғана емес, сонымен бірге табиғатты өзгер-туші ынтымақшыл еңбектің сұлулығына, адамдар арасындағы өзара көмекке, жолдастыққа, бір-біріне қамқорлық жасауға негізделген өзара қарым-қатынастың игілігіңе балалардың назарын аударады. Балаларды шын баураған нәрсе олардың ойындарында, суреттерінде, әңгімелерінде міндетті түрде бейнесін табады.

Көшелер, үйлер, ескерткіштер де балаларға эстетикалық және адам-гершілік тәрбие беруге көмектеседі. Олардың сұлулығымен және өзіндік ерекшелігімен танысу ең қарапайымнан және ең жақын жерден: балалар бақшасының үйінен, өз көшесінен басталады. Жасы өсіп, білімі молайған сайын балаларды қаланың, селоның көрнекті орындарымен таныстыру та-қырыбы кеңейеді. Балалар қай жерде тұрса да ересек топтарда оларды Отанымыздың астанасы Астанамен, оның алаңындағы «Бәйтерегімен» міндетті түрде таныстырады.

Бұл жұмыстың барысында тәрбиешілер балаларға құрылыстар мен ансамбльдердің кейбір архитектуралық ерекшеліктері туралы түсінік береді, жекелеген формалар мен сызықтардың өзіндік ерекшелігіне, архитектураның лайықтылығына, оның табиғи пейзажбен қалай қабысып түрғандығына балалардың назарын аударады. Алған әсер балалардың ойындарында бейнеленеді. Олардың салған құрылыстары барған сайын неғұрлым күрделі де әдемі бола береді. Жекелеген үйлер, көпірлер, вокзалдар балалар творчествосында көшелер ансамбліне біріге бастайды.

Өнер эстетикалық тәрбиенің көп қырлы және сарқылмас құралы болып табылады. Ол балаларды бүкіл елдің өмірімен таныстырады, Отанды, оның адал, мейірімді, батыл адамдарын сүюге тәрбиелейді. Өнер шығармалары қуаныштық, эстетикалық ләззаттың, рухани баюдың қайнар бұлағы болып табылады. Оның көптеген түрлері: әдебиет; музыка, сурет өнері, скульптура, театр, кино балалардың қолы жеткен игіліктер. Өнердің әр түрі өмірді өз ерекшелігімен бейнелейді және баланың ақыл-ойы мен сезіміне ерекше әсер етеді.

Балалардың алғашқы жасынан бастап-ақ халықтың ауыз творчество­сы, балалар әдебиеті олардың жақын серігіне айналады. Олардың өмірінде ертегілер айрықша орын алады. «Бұл ертегі дегеніңіз қандай тамаша. Оның әрқайсысы — поэма»,— деп А. С. Пушкин ертегіге жоғары баға бергенді.

Барлық нәрсе сөзбен жеткізіле бермейді. Сезімнің музыкада ғана не-ғұрлым терең және толығырақ жеткізілетін қырлары бар. П. И. Чайковский: «Сөздің шамасы келмеген жерде неғұрлым әдемі тіл музыка құдірет алады» деп жазған болатын. Музыка эмоциялық әсерді күшейтеді. Ол балаға өте қажет. «Балалық шақтың ойынсыз, ертегісіз мүмкін емес екендігі сияқты, музыкасыз да ол мүмкін емес» екендігіне В. А. Сухомлинский кәміл сенген болатын.

Бейнелеу өнері де балаға қажет. Ол көзбен көретін бай бейнелер ту-дырады.

Мереке кездерінде балалар бақшасында өнердің әр түрі балаларға өзі-нің бар ерекшелігімен және бірлігімен ықпал жасайды. Мерекелер мектеп жасына дейінгі балаларға қатты әсер етеді, олардың есінде ұзақ сақталады да, эстетикалық тәрбиенің маңызды құралына айналады.

Балаларға арналған өнерге қойылатын талап жоғары. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін таңдап алынатын шығармалар көркемдік дәрежесі жағыңан жоғары, түсінуге жеңіл, тәрбие беру міндеттеріне сай болуға тиіс.

Әрбір келесі жас тобы үшін көркем материал эстетикалық тәрбие мін-деттерінің тереңдеуіне байланысты бірте-бірте күрделендіріле береді. Бұл «Балалар бақшасындағы тәрбие программасында» ескерілген, онда әрбір жас тобына арналған көркем шығармалар көрсетілген.

Сайып келгенде, балаларға арналған керкем шығармалардың орында-лу сапасы өте маңызды, баланың эстетикалық тәрбиесі көп жағынан соған байланысты.

Эстетикалық тәрбиені жүзеге асыруда балалар бақшасы жетекші орын алады. Дегенмен жанұяның ролі де зор. Балалар бақшасы мен жанұя ық-палының бірлігі жағдайында ғана эстетикалық тәрбие міндеттерін толык көлемінде жүзеге асыруға болады. Балалардың әрқайсысы музыкант немесе суретші болмауы мүмкін, бірақ әрбір баланың өнерге сүйіспеншілігі мен ықыласын тәрбиелеуге, эстетикалық талғамын, музыканы түсінуін, сурет салудың қарапайым дағдыларын дамытуға болады және солай ету керек те.

Тәрбиеші жанұяның балаларға эстетикалық тәрбие беру үшін қажетті жағдай жасауына көмектеседі. Ол ата-аналарға тұрмыс эстетикасының маңызы туралы айтып, балаларға не оқып беру, музыка тыңдау үшін қандай кассета сатып алу керек екені туралы кеңес береді, жанұяда бала творчествосы үшін балаға қажетті нәрсенің бәрі: альбом, қарыңдаштар, бояулар, ойыншықтар, кітаптар болуына ат салысады.

Балалар бақшасы мен жанұяның эстетикалық тәрбиесінде сабақтастықтың болуы адам меңгеруге тиісті рухани мәдениеттің бастапқы негізін қалыптастырады.

Өнер де эстетикалық тәрбиенің көп қырлы және сарқылмас құралы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет