Мемлекеттік бала-бақшадағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі


Жас ерекшелігі психологиясы туралы білімі



бет18/70
Дата07.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#19759
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70
Байланысты:
МДОТдип жұм №2

Жас ерекшелігі психологиясы туралы білімі:



  • Балалардың басым көпшілігінің қызығушылығын туғыза білу;

  • Балалардың өздігінен дербес әрекет ету дағдыларын қалыптастыру;

  • Жеке-дара оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдалана алуы. 

Жаңа технологияларды пайдалана білу:



  • Қазіргі іс-тәжірибелерді пайдалана білуі;

  • Білім беруді дамыту бағыттарын айқындау білуі. 

Тәрбиешінің өз қызметінде жетістікке жетуінің шарттары:

  1. Сабақтан тыс пәндер туралы ақпараттармен қамтамасыз етуі

  2. Сыртқы кескін-келбеті.

  3. Мінез-құлық және пайымдау мүмкіндіктері.

  4. Оқу тәрбие процесіндегі қарым-қатынас мәдениетін сақтай білу.

  5. Педогоикалық талаптарды орындай білу.

  6. Әзіл-қалжыңға мән бере білу.

  7. Балалардың жеткен жетістігін мақұлдай , қолдай білуі.

  8. Балалармен қарым-қатынас мәдениетінің болуы.

  9. Шыдамдылық және төзімділік.

  10. Басқалардың пікірін сыйлай білу.

  11. Балалардың құпия сырын сақтай білу.

  12. Басқа адамдарды түсіну және сөзіне білу қабілеттілігі.

  13. Еркіндік, икемділік .

  14. Табан астындағы тосын іс-әрекетке әдіс-тәсіл қолдана білуі.

  15. Байқампаздығы, бақылампаздығы.

  16. Кез келген жағдайда қарым-қатынас жасай алуы.

  17. Балалардың қызығушылығына қарай әрекет ете білу дағдысы.

Тәрбиешінің бойында болатын маңызды сапалары: ақылдылығы, қайрымдылығы, мәдениеттілігі, білімділігі, кәсіби шеберлігі, балаларға деген сүйіспеншілігі, тәртіптілігі, шығармашылық қабілеттілігі, белсенділігі, жан жақты қызығушылығы , ұйымдастырушылық қабілеті, бір нәрсемен шұғылдану, зиялылығы, әзіл-қалжынға бейімділігі, басқаны тыңдай білуі, талдау жасай білу қабілеті, еңбексүйгіштігі, мейрімділігі, әділдігі, ашықтығы, шыншылдығы, әділеттілігі, әдептілігі, жақсылық жасай білуі.

Тәрбиешінің педогоикалық шеберлігі тәрбие жұмысының әрбір кезеңінде не істейтінін, не үшін істейтінін, қандай нәтижеге жеткісі келетін саналы , анық және дәл білуіне байланысты болмақ. Шебер тәрбиешінің бөлмелерді педагогикалық және эстетикалық талаптарға сай жабдықталуы, тәрбие жұмысына қажетті көрнекі құрадарының түгел болуы, педогоикалық мақсатқа сәйкестелінген болуы шарт. Олардың өз орнында тұруы жемісті еңбек етуге жағдай жасайды. Шебер тәрбиешінің негізгі қасеттерінің бірі- педогоикалық әдептілік. Педагогикалық әдептілік бала психологиясын және оның жас ерекшеліктерін жете білуді талап етеді. Әдептіліктің қайнар көзі- балаларды сүю және қадірлей білу. Педагогикалық әдептіліктің бір көрінісі – шамамен сезу қасиеті. Сонда тәрбие әдістерінің көпшілігі нәтижелі болады. Қолайлы әдісті таба білу шеберлік пен әдептіліктің көрінісі. Шеберлік үйретумен, үйренумен, өз ісіне деген сүйіспеншілікпен, тәжірибемен, жұмысқа ұқыпты қараумен саналы, ойлы еңбекпен қалыптасады.

Тәрбиеші қызметінің ерекшелігі: педагогтік әдепті игеру, ел үшін ерлікпен еңбек ету, педогогтік бедел, педагогтің артистігі, педагогтік оптимизм, кәсіби шеберлікті үнемі шыңдап отыру, т.б.

Тәрбиешінің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының мазмұны.


Ата аналармен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны, формасы. Әдістеріне тоқталамыз. Отбасы –бұл баланың өмір сүру ортасы: қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеумен , қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адасдардың мейірім шуағын сезінетін орын. Отбасына барлығы жақсы болған жағдайда-балалар жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуметіне көтеріле алады.

Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық- баланың қанағаттану деңгейі мен тәрбиешінің жұмысының сапасын арттырады, ол төмендегі жағдайларға негізделеді: өзара сапалы қарым-қатынас, өзара сыйластық,әлемге деген түсіністік көзқарас және оның тиімділігі ықпалын ұзақ уақыт бойы сезіну, бір-біріне серіктестік барлық қатысушыларға жағымды әсер ететіндей болуы тиіс, сонда ғана тәрбие мен білім беру өз нәтижесіне жетеді. Осы орайда, балабақшаның ата-аналармен жұмысының мазмұны төмендегідей:



  • а) Ата-аналармен педагогикалық, психолоиялық біллімдерін көтеру; (Дәрістер оқу, семинарлар ұйымдастрыу, жеке және топтық кеңестер, тәжірибелік жұмыстар, т.б.);

  • б) Ата-аналарды оқу-тәрбие жұмыстарына қатыстыру; (ата-аналар жиналысы, бірлескен шығармашылық жұмыстар, материалдық-техникалық база жасауға көмектесу);

  • в) Балабақшаның әкімшілігімен бірлескен жұмыстар (ата-аналар комитеті, ата-аналар кеңесі, аталар алқасы, әжелер клубы).

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың формасы мен әдістері олардың пеагогикалық мәдениетін көтеруге балабақша мен отбасының өзара ынтымақтастығына және тәрбие жұмысының әлеуметін арттыруға бағытталған болуы керек.

Ата-аналармен жұмыстың әдістері : бақылау, әңгіме, пікірлесу, тест жүргізу, сауалнама жүргізу.



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет