Ата-аналар кештерінің мүмкін болатын тақырыптары:
Баланың дүниеге келуі және алғашқы жылдағы дамуы.
Баланың ең алғашқы кітабы.
Менің баламның болашағы? Мен оны қалай көремін?
Менің баламның достары.
Менің отбасымның мерекесі.
Біздің отбасымыздағы «болады», «болмайды» ұғымдары жайында .
Туған күнді қалай тойлайсыз?
Біздің балаларымыздың айтатын әндері.
Аталған кештен ата-аналар бір-біріне үлгі боларлықтай пікір бөлісіп, өз тәжірибелерінортаға салып, тың,жаңы, қызықты мәселелерді өздері үйренетіндей болғаны абзал.
Ата-аналармен жүргізілетін тренингтер-бұл ата-аналардың өз балаларына деген мінез-құлқын, қарым-қатынасын өзгертуге қпал ететін жұмыс түрі. Тренингтерге 12-15 ата-ана қатыса алады. Тренингке ата-аналар тұрақты түрде және белсенді қатынасқанда нәтижелі болады. Оның нәтижесіне жету үшін 5-8 рет өткізу тиімді. Ол негізінен балабақша психологымен бірлескен жұмыс жоспары жағдайында өткізіледі. Тренингтерді төмендегі тақырыптарда өткізу ұсынылады: «Менің сүйікті ойыншығым», «Менің сүйікті кейіпкерім», «Балалар ойын», «Балалықты еске алу», «Менің отбасым туралы бейне көрініс», «Компьютердің пайдасы мен зияны», т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |