МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ҚҰРАСТЫРУ АРҚЫЛЫ БАЛАНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ТУРАЛЫ
«Құрастыру» ұғымы латын тілінің сөзінен шыққан, ол модельді құрастыру, салу, белгілі бір ретке келтіру, түрлі заттарды өзара байланысқа келтіру деген мағынаны білдіреді. Құрастыру өнімді іс-әрекеттер қатарына жатады, себебі белгілі бір өнім алуға бағытталған. Отандық психологтар мен педагогтар (Л.С. Выготский, В.В. Давыдов, А.В. Запорожец, Н.Н. Поддьяков, Н.А. Ветлугина, Н.П. Сакулина, Е.А. Флерина және т.б.) балалардың шығармашылық және ойлау қабілеттері мектепке дейінгі жаста қалыптасатынтығын дәлелдеген. Құрастырумен жұмыс жасауда балалар жаңа материалдармен танысады, оны құрастыруда баланың ой-қиялы дамиды, бөліктерді біріктіріп құрастыру іскерліктерін меңгереді. Бала өз ойынан құрастыру кезінде белгілі қабілеттілікті игеріп, іс-тәжірибесін қолдана отырып, жаңа затты құрастыруда ақыл-ойын жұмсап, белсенділік танытады. Сонымен бірге, мектеп жасына дейінгі балалар үшін өнімді қалыптастыру үрдісі маңызды мағынаға ие. Баланың іс-әрекеті жоғары эмоциялық қызығушылықпен, ізденуге деген талпынысымен, түрлі шешімдеді түрлі жолдармен жүзеге асырып көруімен ерекшеленеді, сол арқылы соңғы нәтижеге қарағанда сол іс-әрекеттері арқылы көп рақат алады. Бұл - баланың ойлау қабілетінің ерекшелігі [3]. Қазіргі психологияда ойлау ұғымына әр түрлі түсінік беріледі, ойлау дегеніміз - әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық үрдіс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Ойлау - сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім үрдісінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі [4]. Ойлау – аса күрделі психикалық үрдіс. Ойлаудың жоғарғы психикалық үрдіс ретінде өзінің ерекше сипаттамалары мен белгілері болады. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінен заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. 66
Сурет 1. Ойлау белгілері Ақиқатты жалпылау түрінде бейнелеу Объективті Шындықты жанамалау арқылы тануға мүмкіндік береді Бір мәселелерге байланысты пайда болады
Ойлаудың белгілері Баланың ойлауы екі жасында басталады. Ол оның жүре бастау, қозғалысының шарықтау, көзқарасының кеңеуі және тілді меңгеруімен байланысты. Баланың ойлауы міндетке деген танымдық міндет түрінде туындайды. Затты ұстап, оларды басқара отырып, заттың қасиетін біледі. Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі мекемелерде құрастыру сабағы арнайы сабақ түрінде екі аптада бір рет өткізіледі. Құрастыруды үйрену кезінде балалардың жоспарлы ойлау іс-әрекеті дамиды, бұл - іскерліктің қалыптасуындағы маңызды фактор болып табылады. Балалар құрылысты немесе бұйымды құрастыра отырып олардың қандай болатынын ойша елестетеді және де оларды қандай жүйеде қалай жасайтынын күні бұрын жоспарлайды. Құрастыру термині - әр түрлі заттарды, бөліктерді бір жағдайға келтіріп құрау деген мағынаны білдіреді. Құрастыру іс-әрекеті дегеніміз - бұл өзінің қызметіне сәйкес бұрыннан ойластырылған, белгілі бір нақты өнім алуға бағытталған әрекет түрі. Құрастыруды үйрену арқылы балалардың ойлауы дамиды, іс-әрекетін жоспаралай білуге дағдыланады. Белгілі бір құрылысты немесе заттарды құрастырып, олардың қандай жүйеде, қалай болуы қажеттігін күні бұрын ойластырады [5]. Құрастыру іс-әрекеті сондай-ақ мектепке дейінгілерді адамгершілікке тәрбиелеуде де негізгі құрал болып табылады. Осы іс-әрекет үрдісінде жеке бастың мынадай маңызды қасиеттері - еңбек сүйгіштік, дербестік, талапкерлік, ұйымдастырушылық, мақсатқа жету үшін табандылық қалыптасады. Құрастыру іс-әрекетінің түрлері: -арнайы үлгі бойынша және сызба нұсқалар бойынша құрастыру; -ұсынылған шарт бойынша құрастыру; -тақырып бойынша құрастыру; -өз еркімен құрастыру; -конструкторлармен құрастыру. -табиғи материалдармен құрастыру; -компьютерлік құрастыру. Аталған құрастыру іс-әрекетінің түрлері бойынша мектепалды тобында балаларға ұсынылған тақырыптарды әр түрі формаларды орындауға мүмкіндік бар. Мысалы: «Көпір» тақырыбында «Жаяу адам өтетін көпір» мен Ойлау белгілері Ақиқатты жалпылау түрінде бейнелеу Объективті Шындықты жанамалау арқылы тануға мүмкіндік береді Бір мәселелерге байланысты пайда болады 67 «көлік өтетін көпірді» жеке-жеке немесе екеуін бірге құрастыруға болады. Сондай-ақ, өзеннің үстіне салынған көпір, темір жолдың үстінен өтетін көпір түрінде құрастыру да баланың өзіндік ынта ықыласы мен талап-тілектерін қанағаттандырып, құрылыс материалдарын қолданып, шығармашылықпен еңбек нәтижиесіне жетуге бағыттайды. Ұсынылған үлгі сабақ жоспарларындағы әдіс-тәсілдерді тәрбиеші өзінің шығармашылығымен толықтырады. Кейбір сабақтардағы көркем сөз, дидактикалық ойындар басқа да баланың шығармашылығын дамытуда тәрбиешіге өзінің ізденістерімен қарау ұсынылады. Құрастыру әр түрлі геометриялық денелер жиынтығынан, ірілі-ұсақты бөлшектерден тұрады. Сабақ кезінде балаларды қажетті бөлшектерді таңдап алуға үйрету, өздері жасайтын затты кеңістікте орналастыруға жаттықтыру керек. Әр түрлі құрастыруға қажетті құрастыруды балаларға берер алдында тәрбиеші оның әдістемелік нұсқауымен танысып, алдын-ала біліп алуы қажет. Балаларға не қажеттігін ойластырып, өзінің үлгісін, ұсынысын дайындауы керек [6]. Ойынға арналған құрылыс материалдарынан құрастыру мектеп жасына дейінгі балалар үшін құрастыру дың ең қолайлы және жеңіл түрі боп табылады. Құрылыс жиынтықтарының бөлшектері параметрлері математикалық дәл өлшеммен белгіленген геометриялық денелерді (шаршыларды, цилиндрлерды және т.б) білдіреді. Бұл басқа материалдарға қарағанда балаларға аз ғана қиыншылықпен болса да оның бөліктерінің пропорциональдылығымен олардың симметриялық орналасуын бере отырып заттың құрылысын алуға мүмкіндік береді.
Сурет 2. Құрастырудың түрлері Қағазбен құрастыру жұмыстары арнайы сабақтарда және бос уақыттарында өз еріктерімен де жүргізіледі. Қағаздан алуан түрлі заттар жасауға болады. Бұл іс-әрекет-баланың қызығып айналысатын сүйікті ермек ойындары. Тәрбиеші қағазбен құрастыруда алдын ала дайындаған үлгілер арқылы көрсетіп, сипаттап, әңгімелеп түсіндіреді. Үлгіге талдау жасап, балалар тікелей қағазбен жұмысты тәрбиешімен бірлесіп жасайды. Арнайы тапсырмалар беру, ойын-жаттығулар ұсыну, дайындалған жұмыстарды толықтыру, өңдеу, шығармашылық іс-әрекетке бағыттау еңбек нәтижесіне жетуге ықпал етеді. Қағазбен құрастырудың түрлері: 68 - жолақ қағаздардан бейнелер жасату; - үшбұрыштап бүктеу арқылы бейнелер жасату; - төртбұрыштап жануарлар бейнесін жасату; - цилиндр пішіндерден бейнелер жасату; -конус пішіндерден бейнелер жасату; - қораптардан түрлі заттар бейнесін жасату; - қағаздарды умаждап бүктеу арқылы бейнелер жасату; - оригама бойынша түрлі заттар жасау; - қағаз өнері (қағаз пластика) әдіс-тәсілімен бейнелер жасату. Қағазбен құрастырудың кезендері: Бірінші кезең - қажетті затты жасауды сипаттау, іс-әрекет барысын баяндау, әңгімелесу, ситуациялық ойындар, көркем сөз қолдану, т.б. арқылы құрастыруға бағыт, нұсқау беру. Екінші кезең - баланың алдына проблемалық сипаттағы мінтеттер қойып, оны жүзеге асыруда тікелей іс-әрекетке кірісу. Өзінің тәжірибедегі игерген дағдыларын қолдана отырып, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру. Үшінші кезең - баланың өздігінен дербес әрекет етуіне, шығармашылық белсенділікпен өз ойынан үлес қоса білуге бағыттау [7]. Әрбір тақырып күрделі емес құрылыстардан басталып бірте-бірте олардың мазмұны күрделене түседі. Алғашқы сабақтарда балалар негізінен дайын және жартылай дайын үлгілер бойынша құрылыстар тұрғызады. Мысалы, тірегі шаршы және тік бұрышты боп келген бір-екі қатарлы, үйлердің карапайым және күрделі құрылысын жасайды [8]. Құрастыру барысында балалар белгілі бір құрастырудың түрлерімен ойлау қабілетінің дамуына ықпал етеді. Балалар сурет түрінде, құрастыру түрінде, өлеңдерден көптеген жаңалықтар ашады. Ашылулар мен заттар жаңалығы субъективті сипатта болады және ол - бала негізгі ерекшелігі болып табылады. Сонымен бірге, мектеп жасына дейінгі балалар үшін өнімді қалыптастыру процесі маңызды мағынаға ие. Баланың іс-әрекеті жоғары эмоциялық қызығушылықпен, ізденуге деген талпынысымен, түрлі шешімдеді түрлі жолдармен жүзеге асырып көруімен ерекшеленеді, сол арқылы соңғы нәтижеге қарағанда сол іс-әрекеттері арқылы көп нәтижиеге жетеді. Әдебиеттер 1. Шиянов Е.Н. Гуманизация педагогического образования: состояние и перспективы. — Ставрополь, 1991. — 206 с. 2. Парамонова Л.В Формирование обобщенных представлений у детей дошкольного возраста в процессе конструктивный деятельности // Умственного воспитание дошкольников / Под ред. Н.Н. Поддьякова, - М.: Педагогика, 1972. 48-49 с. Парамонова Л.М Детские творческое конструктирование 9-стр. 3. Айтматов Ш, «Дұрыс ойлау-өнер» атты кітапта- Алматы: Рауан, 1991. Жұмабекова Ф. Құрастыру және қол еңбегі әдістемелік құрал Алматы «Рауан» 1994. 24-бет. 69 Флерина Е.А. Место роль строительного материала в дошкольном учреждении.- М., Гос, изд. 1929 г, стр 40. Құрастыру және қол еңбегі әдістемелік құрал И. А. Лабаева,1998 Парамонова Л.А. Конструктирование М., «Карапуз», 1997 стр 40-42. Нечаева В.Г, Корзакова Е.И. Строительные игры в детском саду.- М.:Просвещение, 1966.- 189 с.
Әдебиеттер 1. ҚР «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» 2010 жыл 7 желтоқсанда №1118 Жарлығы. 2. «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру» стандарты 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен. 3. Ф.Н. Жұмабекова «Мектепке дейінгі педагогика», Алматы- Фолиант 2008жыл.
Әдебиеттер : 22 1. К.Ж.Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. Оқулық. Тараз. Тар.М.У. 2003 13-бет 2. А.К.Ахметов.Принципы технологии и содержание образовательной программы. Алматы. 1995.29-бет 3. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан — 2030 " Жолдау. 17-бет 4. .З.Әділбекова «Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды енгізу». 5. Республикалық ғылыми – әдістемелік басылым. 2/2017. 27-бет 6. «Отбасы және балабақша» №4.2016 36-бет
Достарыңызбен бөлісу: |