Мемлекеттік бала-бақшадағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі


«БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ ОЙЫН ТӘЖІРИБЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ»



бет58/70
Дата07.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#19759
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   70
Байланысты:
МДОТдип жұм №2

«БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ ОЙЫН ТӘЖІРИБЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ»

«Ойын – бала қиялын шығармашылық ойлауға жетелейтін тәрбие құралы» дегендей, ойын – бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болады. Ойын балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазады: «Бала ойында қалай болса, кейін өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады». Сондықтан келешек өсіріп отырған тұлғаларымызды тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Ойынның негізгі ерекшеліктері - ол балалардың қоршаған ортаны адамдардың қимылын, іс-әрекетін олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеу болып табылады. Бала ешқашан үнсіз ойнамайды, ол жүреді, сөйлейді, ыңылдайды, секіреді, ойын барысында сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алады, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар болып табылады: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рольдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ұсынатын ойын ережесі. Әр ойыннан кейін баланың көңіл-күйін қадағалап отыру керек. Оларға ойын кезінде өз ұстанымына, мінез-құлқына мән беруіміз керек. Әрине ойыннан кейін әр балаға ойын ойнау барысындағы іс-әрекеттерін, жеке қасиеттеріне назар аударып, мінезіндегі өзгерістерін қадағалап отырамыз. Еңбек сүйгіштігі, ойын кезіндегі ұйымдастырушылығын, ойлау барысын, ойын ойнау белсенділігін зерттейміз. Бала бойындағы ойынға деген: Жоғары қызығушылығы; 180 Баланың еркіндігі; Қиялының ұшталуы; Шығармашылығының шыңдалуы; Байсалдылық, мәдениеттілік, мейірімділік қасиеттерінің оянуы; Биік қанағаттанушылығын. Білім беру саласында өскелең ұрпақты дамыған елдердің қатарында көру үшін үздіксіз еңбек етуде кез-келген педагогтің алдына қойған мақсаты – оқутәрбие сапасын көтеру үшін балалардың қызығушылықтарын арттырып, танымдық қабілетін дамыту. Бұл мақсатты жүзеге асыру педагогтің шеберлігі мен біліктілігіне байланысты. Егер сабақ тартымды да қызықты болса, балаларға өтілген сабақты игеру де оңай болады. Білім беру саласында балалардың білімді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін, әртүрлі жаңа технологиялар ауадай қажет. Сондай технологиялардың бірі – ойын элементтерін пайдалану. В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі, жасампаз өнерімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқыр білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты». Ойындар (іскерлік, сюжетті-рольдік, қимыл-қозғалыс, дамытушылық) баланың ойлау, есте сақтау, қабылдау, қиял сияқты психикалық үрдістерінің дамуына көмектеседі. Ойын арқылы бала адамгершілік құндылықтар жөнінде тәжірибе жинақтайды, оқылған жағдаятты жақсы меңгереді. Ойын арқылы балалар өздерінің құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға үйренеді. Ойындар сабақ мазмұнына сәйкес алынып, жеке және топтық жұмыстар жүргізуде алға қойған мақсаттарға жеткізіп, нақты қорытынды алуға көмектеседі. «Ойын», «Жаттығу» - балалардың танымдық қызығушылықтарын арттырумен қатар жаңа игерілген түсініктері мен іскерліктерін бекітуге арналған оқыту әдісі. Ойын әрекеттері мен жаттығулары арқылы баланың жеке тәжірибесі негізінде оқу материалының мазмұны жүзеге асырылады. Балалар ойындар жаттығулар нәтижесінде құрбыластарымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болады, өмірлік дағдыларды меңгереді. «Ойын – балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, өскен кезде жұмыста да көбінесе солай болады. Сондықтан болашақ қайраткер ең алдымен тәрбиені ойын арқылы алады». (А.С.Макаренко). Ойын арқылы балаларды жақсы көңіл-күйде жүруге дағдыландыруды ұйымдастыруға ерекше мән берілуі тиіс. «Әрбір бала өзінше шағын ғарыш, әлем деседі. Ол бұл дүниеге жай ғана емес, өзінің ерекше міндетімен келеді. Адам баласы дегеніміз – жоғарғы дүниеден жер бетіне жіберілген тіршілік иесі. 181 «Бала ойынмен өседі, дана оймен өседі». «Көне болмай – жаңа болмас, Бала болмай – дана болмас». «Ойнай білмеген,ойлай да білмейді». «Ойын» - бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған іс-әрекеттің түрі. Ойын – баланың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, алған білімдерін тереңдете түседі. Ойын баланың білімін тереңдете және түрлендіре түседі, әрі пысықтайды. Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлау қабілетін, қиялын қалыптастыруда зор маңыз алады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екендігін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады. Балалар бақшасында пайдаланылатын ойын түрлері: «Суретшілер байқауы» ойыны: Мақсаты: Теледидардан көрген ертегі және фильмдердегі кейіпкерлерді нақ көрсете білу. Нұсқау: Жүргізуші алдын-ала қиындыққа кірген кейіпкерлерді суреттейді. Балаларға бұл суретшінің рөлін ойнау барысында оны қара немесе түрлі түсті түрге айналдырып, кейіпкерлердің зұлым түрін мейірімді түрге айналдыра білуі қажет. Нәтиже: Балалардың белсенділігін арттырып, жақсы мен жаманды бірбірінен айыра білуге үйрету. Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері балалардың орындаушылық әрекеттің талап ететін шығармашылық ойындар, қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар, қайта жасау іс-әрекеттің жүзеге асыруға бағытталған балалардың іс-әрекеттерінің бақылауға бағытталған ойын түрлерін ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту-ойындары, дидактикалық ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар деп бөлуге болады. 1. Қабылдау қабілетіне: «Ине мен жіп» ойынының шарты: Тәрбиеші: Мен ине боламын, сендер жіпсіңдер, сендер менің артымнан бірбірлесіп белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе, сол ойыннан шығады. 2. Бұл қашан болады? Шарты: Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі, сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп, әңгімелеп береді. Есте сақтауға арналған ойындар: «Төрт құбылыс» шарты: Балалар шеңбермен тұрады. Тәрбиеші: «Су»- десе, қолдарын алдарына созады, «ауа» десе, қолдарын жоғары көтереді, «от» десе, қолдарын айналдырады, «жер» десе, қолдарын төмен түсіреді. Кім шатасса, сол бала ойыннан шығады. 182 Зейін тұрақтандыруға арналған ойын: «Дайын бол!» шарты: Балалар шеңбермен жүреді, тәрбиеші бір сөз айтады, балалар сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді. Мысалы: Қоян – секіреді, ат – шабады, құс-ұшады, қораз-қоқылдайды.т.с.с. Ойлау қабілетіне арналған ойын: Тәрбиеші: ат-шабады, ал қарлығаш-ит үреді, ал шошқа-жылан жорғалайды, ал балық үйде боздайды, ал жылқы – осылай ойын жалғаса береді. Қиялды дамытуға арналған ойындар: «Менің көңіл-күйім» шарты: мимикамен көңіл-күйін көрсетеді: ашулы, көңілді, таңғалу, ренжу, қорқу т.б. Ойын жаттығулар. «Амандасу рәсімі» ойыны: Шеңберге тұрып, қолымызды бір-біріміздің иығымызға қоямыз. Жымия қарап күлімсірейміз. Әр амандасу рәсімінің ерекшеліктері бар. Бүгін біз амандасу барысында фильмдегі кейіпкерлерді біріктірейік. Мысалы: Сәлем, Шолпан, сен маған «Қыз Жібектегі» Жібекті елестетесің. Рахмет, сен де қазақтың ару қыздарынан кем түсіп тұрған жоқсың.т.с.с. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар балалардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Құрылымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктейді: сюжеттік-рөлдік ойындар, драмалық ойындар, жаттығу ойындар, әдеби-музыкалық ойындар. Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері: балалардың орындаушылық әрекетін талап ететін ойындар, қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар, қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар, ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар. Қазақ халқы өмірге дені сау, шыныққан азаматтар тәрбиелеу жөнінде өз ұрпақтарына үлкен де бай мұра қалдырған. Соның бірі – ұлттық ойындар. Балалар ұлттық ойындар арқылы мінез-құлық қалыптастырып, өзіндік ерекше қасиеттерін айқындай түседі. Баланың ойыны ересек адамдардың еңбегіне еліктеуден өрістеп, бара-бара шын мәніндегі еңбекке айналады. Көшпелі өмір кешіп, мал баққан ата-бабаларымыздың көзі ашқаннан көрген театры да, өнері де, көңіл көтерер қызығы да ұлттық ойындар болғандығын естен шығармай, келер ұрпаққа жеткізу міндеті тәлім-тәрбиемен айналысып жүрген педагогтарға жүктеледі. Ұлттық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар: Білім беретін ойындар, тәрбиелейтін ойындар, дамытатын ойындар, диагностикалық ойындар, жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет