4.Әлеуметтанулық қиялды бағыт ретінде қолдана отырып,қазақстандық және өзге қоғамдардағы баспанасыз адамдардың әлеуметтік жағдайын сипаттаңыз.
Баспана - әлеуметтік жағдайдың белгісі тәрізді.Баспана яғни жеке пәтер немесе өз үй жайы яғни өзгелерден оқшаулайтын төл шаршы метрлері болуы әрбір адамның материалдық қаржылық,қоғамдағы рөлінің, әлеуметтік жағдайының айнасы саналады. Баспана мәселесі әлі күнге дейін болып жатқан қоғамдағы ірі мәселелердің бірі. Әсіресе ірі қалаларда Алматы мен Астана мегаполис жерде көп, себебі бұл қалалардың халқының көп шоғырлануында.Дегенмен қандай өңір аймақтарда болмасын көпбалалы баспанасыз отбасыларды да кездестірудеміз. "Баспанасыздар" кезегі аталғанымен анығында, бұл - мемлекеттен үй алуға дәмелі жандардың, үкімет қолдауына үмітті азаматтардың тізімі десекте болады.Тіпті, 90 жылдардың аяғынан -2000 жылдардың басынан бері кезек күтіп жүргендер бар. Ал коммуналды тұрғын үй қорынан жылда берілетін пәтерлер саны елорданың өзінде жүзден аспайды. Мұндай қарқынмен баспанаға мұқтаж тұрғындардың қатары алдағы жүз жылда сирей қоймайды. Сондықтан жеке шаршы метрге иелік етуді көздеген азаматтар баспаналы болу үшін өз бетінше қам жасауға мәжбүр.Ал "Қолжетімді баспана-2020" секілді мемлекеттік бағдарламалар тығырықтан шығудың бірқатар амалын ұсынады. Мемлекеттік органдар бұл бағдарламаға әзірлікті 2012 жылы бастаған болатын.Қазақстан заңнамасына сәйкес әр жанға шаққандағы норма 18 шаршы метрден келеді.Үш адамнан тұратын отбасыға тиесілі шаршы метр көлемі 54 қана. Үй бағасының тым қымбат болуы нарықтағы ұсыныс пен сұраныстың ара қатынасындағы айырманың үлкендігінде жатыр. Жалпы айтқанда әлеуметтік тұрғын үй мен эконом санаттағы үйлердің тапшылығы тұрғын үй нарығындағы теңгерімсіздікті ұлғайтса, алыпсатарлар мен көлеңкедегі капитал жағдайды одан әрі ушықтыра түсуде. Дамыған мемлекеттердің көбінде эконом санаттағы пәтерді сатып алу үшін отбасылар 3.5- 4 жыл ақша жинаса жеткілікті. АҚШ тұрғындарының өз қаражатына тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі бұдан да жоғары. Америкалықтар орта есеппен 54 шаршы метрлік пәтерді екі жылдай уақытта сатып ала алады. Ал Германияда мұндай баспана сатып алу үшін қаражат жинау мерзімі-4.5 жыл, Ұлыбритания мен Жапонияда -6жыл, Франция мен Италияда шамамен 7 жыл. Ал Қазақстан, Ресей Беларуссияда -8-9жыл деп есептелген. Бұл көрсеткіштердің барлығы әрбір елдегі жалақы санымен жер көлеміне байланысты. Мемлекеттік баспана бағдарламаларының ойдағыдай жүзеге асуы құжаттық деректер мен сандық көрсеткіштермен шектелмесе керек. Себебі он жыл бұрын қолға алынған тұрғын үй мәселесі әлеуметтік баспана тапшылығын әлі күнге дейін жоя алған жоқ. Әсіресе жас отбасылар , көпбалалы отбасылар ,студенттер үшін үй алуға шамалары келмейтін адамдарға қиын. Олар ай сайын пәтерақы төлеп немесе туысқандарының үйлерін жағалап жүруде. Сондықтан бұл салады әлі қыруар қаржы жұмсап мемлекетшіл ұстанымды бекітіп, жан жақты ойластырылған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру қажет. Қазіргі таңда мұндай бағдарламалар саны өте көп, баспана алудың тиімді тәсілдерін үйрететін мамандар саны да артуда, әрбір адам бұл мәселеге бей-жай қарамай сауатты бола білсе және де көп жұмыс жасап баспанаға қаражат жинақтаса бұл мәселенің де қарасы азаятыны сөзсіз.