Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты №90230046 Жайрем кенті «01» қаңтар 2023ж. (шарт жасасу орны) (шарт жасасу күні) «Казэнергоцентр»



бет2/15
Дата16.05.2023
өлшемі98,65 Kb.
#93516
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
2023 год Казэнергоцентр.Типовой ДОГОВОРА ГУ (2) (1)

2-тарау. Шарттың мәні
2. Сатушы сату нүктесіне дейін Тұтынушыға электр энергиясын беруге міндеттенеді, ал Тұтынушы осы Шарттың тәртібі мен талаптарына сәйкес тұтынған электр энергиясы үшін ақы төлеуге міндеттенеді.
3. Шарт Тұтынушымен оның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен тікелей электр желілеріне қосылған жабдығы мен коммерциялық есепке алу аспаптары болған жағдайда ғана жасалады.
3-тарау. Тұтынылатын электр энергиясын есепке алу

4. Сатушы берген және Тұтынушы қабылдаған электр энергиясының көлемі коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткішімен, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде – есептік жолмен анықталады.


5. Коммерциялық есепке алу аспаптарының саны осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес коммерциялық есепке алу аспаптарының тізбесінде көрсетіледі.
6. Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуды Сатушының немесе энергия беруші ұйымның өкілдері сағат 21-00-ден кешіктірмей жүргізеді. Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалану кезінде көрсеткіштерді қашықтықтан алуға кез келген уақытта жол беріледі.
Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу кезінде Тұтынушының өзіне-өзі қызмет көрсетуіне жол беріледі. Көрсеткіштерді алу және төлем құжаттарын төлеу кезінде Тұтынушы жіберген қателерді Сатушы және (немесе) энергия беруші ұйым олардың анықталуына қарай есепке алады.
7. Тұтынушы кезекті жылға электр энергиясын тұтыну көлемін анықтау үшін жабдықтау жылының алдыңғы жылы басталғанға дейін 30 күннен кешіктірмей осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр энергиясын беру туралы алдын ала өтінім береді.


4-тарау. Электр энергиясы үшін ақы төлеу тәртібі

8. Пайдаланылған электр энергиясы үшін төлем есептік кезеңнен кейінгі айдың 15 (онбесіне) дейін төленеді.


ҚҚС-ты қоса алғанда тиісті қаржылық жылға шарт бойынша сома – 4 517 291 теңге 34 тиын (Төрт миллион бес жүз он жеті мың екі жүз тоқсан бір теңге 34 тиын).


ҚҚС-ты қоспағанда тиісті қаржылық жылға шарт бойынша сома – 4 033 146 теңге 78 тиын (төрт миллион отыз үш мың жүз қырық алты теңге 78 тиын).

Бюджет түрі – Жергілікті бюджет


Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі – Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімі .

Бюджеттік бағдарлама – 081 жергілікті бюджет есебінен


Ішкі бағдарлама- ________________________________".


Ерекшелік – _151_ – коммуналдық қызметтерді төлеу.
Ерекшелік – ___ – сатып алынатын тауарлар, қызметтер мен жұмыстар бойынша Сатушыға ҚҚС сомасын аудару.

9. Егер Тұтынушы электрмен жабдықтау шартының талаптарын бұзғаны үшін ажыратылса, онда оны қосуды энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тұтынушының бұзушылықтарды жоюды және қосу үшін қызметке ақы төлеуді растайтын құжаттары қоса берілген өтінішін бергеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүргізеді.


9-1. Тұтынушылар төлем құжаттарын пошта байланысы, интернет-ресурсы арқылы, энергиямен жабдықтаушы ұйымның персоналы немесе бірыңғай есеп айырысу ұйымы арқылы алады.
Тұтынушының жазбаша келісімі болған жағдайда интернет-ресурс арқылы ғана алуға жол беріледі.
9-2. Тұтынушылар кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын шарт акцептінде көрсетілген тәсілдермен (электрондық пошта, факс, пошта жөнелтілімі, қысқа мәтіндік хабарлама, мультимедиялық хабарлама, қолданыстағы мессенджерлермен) электр энергиясын жеткізуді тоқтату (шектеу) хабарлама алады.

10. Тұтынушыға есептік айдан кейінгі айдың 7-күнінен кешіктірмей коммерциялық есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің және (немесе) осы Шарттың 4, 6-тармақтарына сәйкес жүргізілген есептеулер негізінде төлем құжаты жазылады және беріледі.


11. Коммерциялық есепке алу аспаптары электр желісінің теңгерімдік тиесілі шекарасында орнатылмаған кезде, тиесілі шекара мен коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату орнына дейінгі электр энергиясының ысыраптарын энергия беруші ұйым Тұтынушымен келісе отырып, есептік жолмен анықтайды, ал төлемді балансында желінің көрсетілген учаскесі орналасқан тарап жүргізеді.


12. Смарт-картасы бар есепке алу аспаптарын қолдануға негізделген электр энергиясының автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйесі болған жағдайда, Тұтынушы тұтынған электр энергиясы үшін төлемді төлем құжатынсыз өз бетінше анықтаған көлемде өтейді.
13. Жаңа тарифтерді қолданысқа енгізу тұтынушыларға 3 (үш) күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алдын ала хабарлағаннан кейін жүзеге асырылады және осы шартты қайта жасасу үшін негіз болып табылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет