Мемлекеттік емтихан пәндерінің мазмұны ("Ветеринариялық хирургия" мамандығы) 6В09101 – «Ветеринариялы медицина»



бет1/3
Дата09.02.2023
өлшемі50,5 Kb.
#66578
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
1863289820var 1560


Мемлекеттік емтихан пәндерінің мазмұны ("Ветеринариялық хирургия" мамандығы)


6В09101 – «Ветеринариялы медицина» білім беру бағдарламасына арналған Мемлекеттік емтихан программасы 


"Ветеринариялық хирургия" пәні
Ветеринарлық хирургия көптеген басты пәндерімен логикалық жағынан негізделген байланысы бар. Бұл пән болашақ мал дәрігерін тәрбиелеуді алғашқы орындардың бірінді тұр.
1. Ветеринариялық хирургия (1 бөлім) (Оперативтік хирургия)
Хирургиялық операция түсінігі, мақсаты мен нәтижелері. Операциялардың қажеттілігі мен карсы көрсетілімдері. Жануарларды бекемдеу, құлатып бекемдеу және фармакологиялық заттарды қолдану арқылы қимылсыздандыру. Хирургиялық инфекцияның алдын алу. Асептика және антисептика туралы ілім. Тері ішіне, тері астына, бұлшық етке, вена және артерияға қан тамырларына, сүйек ішіне инъекция жасау техникасы мен оның қажеттілігі. Наркоздың жіктелуі және түрлері, наркоз жасауға арналған дәрілік заттарды енгізу әдістері. Жергілікті жансыздандыру қажеттілігі мен қарсы көрсетілімдері. Дененің түрлі аумақтарына жасалатын новокаиндік тежеулер.
2 Ветеринариялық хирургия (2 бөлім) (Жалпы хирургия)
Жарақаттану туралы түсінік. Жарақаттанудың түрлері мен жіктеуі. Хирургиялық инфекциялар туралы түсінік. Сепсис. Тәнді инфекция. Жара және жара ауруы туралы түсінік. Жара белгілері мен түрлері. Жаралану кезіндегі жіті қан аздық. Жара процессінің биологиясы. Жараларды емдеу тәсілдері мен қағидалары. Термиялық, химиялық және термохимиялық күйіктер. Үсіктер. Тері аурулары. Терінің іріңді аурулары. Фурункулез. Карбункул. Экзема. Дерматит. Терінің домбығуы (лимфостаз). Бұлшық ет, сіңір, бурса аурулары. Буын және сүйек аурулары. Мидың жарақаттары, жүйке аурулары. Ісіктердің жіктелуі. Әр түрлі жануарларда ісіктердің орналасуы. Қатерлі және қатерсіз ісіктердің этиологиясы, даму патогенезі, клиникалық белгілері.
3 Ветеринариялық хирургия (3 бөлім) (Жеке хирургия)
Бас аумағының аурулары мен осы аумақта жасалатын операциялар. Мойын және кеуде аумағының аурулары және осы аумаққа жасалатын операциялар. Күре тамырдың резекциясы. Омыртқа, қабырға сынулары. Қабырға резекциясы. Бел және құрсақ аумағының аурулары және осы аумаққа жасалатын операциялар. Несеп – жыныс ағзаларының аурулары және жасалатын операциялар. Алдыңғы және артқы аяқтардың аурулары. Алдыңғы және артқы аяқтардың топографиялық анатомиясы. Алдыңғы және артқы аяқтардың жүйкелерін тежеу. Саусақтардың экзартикуляциясы. Буын, кілегейлі қапшықтарды және сіңір қынаптарын тесу.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет