Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары



бет19/63
Дата21.04.2023
өлшемі170,69 Kb.
#85184
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   63
Байланысты:
Мемлекеттік емтихан с РА тары

Қоғамдың пікір. Балаларға тәрбиешінің қоятын талабы ең алдымен ұжымның талабы екендігін түсіндіру керек. Ұжымның талабы - жалпы қоғамдың пікірдің көрінісі. Қоғамдың пікір ұжымдағы іс-әрекетті ұйымдастыру және мінез-құлықты қалыптастырудың негізгі әдісінің бірі.
Қоғамдың пікір ұжым мүшесінің, жекелеген топтардың іс-әрекетін, қылығын бағалауда қолданылады. Қоғамдың пікірдің негізгі нысандары - ұжым мүшелерінің жиналыста, жиындар да, митингіде, жергілікті баспасөзде және дөңгелек үстел басында, ашың әңгімеде, кемшіліктерді сынап, жаңа міндеттерді жүзеге асырудың жолдарын белгілеуі.
3. Қоғамдың мінез-құлықты қалыптастыру және оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру. Іс-әрекет - адамдардың қоршаған ортаға белсене қатысуының негізгі нысаны, ішкі жан дүниесінің көрсеткіші, дамуының, өздігінен жетілуінің шешуші белгісі. Адамның іс-әрекетінің дамуына қарым-қатынас ерекше әсер ететіндіктен, іс-әрекеттен тыс тәрбиенің болуы мүмкін емес.
Бала іс-әрекетіне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:
– іс-әрекеттің мақсатының анықтығы, оның жеке адамға, қоғамға, ұжымға пайдалылығы, оқушының ынта ықыласын, қабілеттілігі мен іскерлігін ескеру; оқушылардың ортақ істі сезімталдықпен орындауына қолайлы жағдай жасау.
– баланың мүддесі мен бейімділігін ескере отырып, оның көңілінен шығатын, шамасы жететін қоғамдың жұмысқа, еңбекке қатыстыру өздігінен әрекет ету тәжірибесін кеңейтеді.
– іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру балалардың белсенділігіне байланысты. Жұмысты жоспарлау, жеке тапсырмаларды бөлу, оның нәтижесін тексеру, т.б. міндеттерді балалар шешіп отыруы керек. Бала талабы мен қабілетін еңбекте көрсеткенде дамиды.
– тәрбиешінің басшылығы, жұмыс барысында кеңес беру, балалардың ынтасын арттыру. Жұмыстың мазмұны мен түрлерін, әдістерін жандандыратын материалдың және моральдың жағдайды сақтау.
Оқушылар ұжымының қоғамдың пікірі арқылы іс-әрекет-тің нәтижесін қорытындылау.
Педагогикалық талап әдісі іс-әрекеттердің бір түрін тежеу, енді бір түрін мадақтау тәрбиеленушінің санасын дамытады. Л.Г.Макаренко: "Егер жеке адамның басына тиісті талаптар қойылмайтын болса, онда ұжымды құруға, ұжым ішінде тәртіп құруға да болмайтындығы, әрине, өзінен-өзі түсінікті нерсе. Мен жүйелі түрде талаптар қойылуын жақтайтын адаммын", - деп педагогикалық талап әдісінің басқа әдістерге қарағанда ерекшелігін көрсеткен.
Оқушылардың өмірінде педагогтің талап қоюы шешуші рөл атқарады. Нақтылы педагогикалық жағдайға байланысты талаптың, түрі, мазмұны іріктеледі. Тәрбиеші мен тәрбиленушінің өзара әңгімесі мен байсалды, сенімді қарым-қатынас педагогикалық талаптың нәтижелі болуына ықпал жасайды. Тұтас педагогикалық процесте тәрбиеленушіге педагогикалық талап қою мен дұрыс іс-әрекет істеуге мәжбүр ету қатар жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет