Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары



бет10/63
Дата21.04.2023
өлшемі170,69 Kb.
#85184
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63
Байланысты:
Мемлекеттік емтихан с РА тары

1. Педагогикалық байқау. Бұл педагогикалық зерттеулерді қолданып жүрген ең көп тараған әдісі. Байқау, ең алдымен, тәжірибе деректерін жинау мақсатын көздейді, байқалатын объектіліерді бөліп алып, әдетте фактілер мен белгілерді тіркеп отыратын күні бұрын жасалған жоспар бойынша жүргізіледі.
2. Әңгімелесу әдісі. Педагогикалық зерттеу әдісі ретінде өз алдына дербес қолданылады және байқау әдісімен толықтырылып отырады. Әңгімелесу әдісі күні бұрын белгіленген жоспар бойынша анықталуға тиісті зерттеу мақсаттарына сай жүргізіледі. Әңгімелердің барысы, мазмұны толық баяндалады, қорытынды жасалады.
3. Интервью алу әдісі. Бұл педагогикаға әңгімелесу әдісінің бір түрі ретінде социологиялық зерттеулерден ауысқан. Әдетте жүргізілген әңгімелеоден айырмашылығы интервью алған кезде алдын ала белгіленген сұрақтар, бір ізді дәйектілікпен әңгімелесушінің жауаптары жазылып алынады.
4. Сауал-сұрақ (анкета) әдісін қолдануда зерттеліп отырған проблемаға байланысты көпшілік пікірін білу және осы коллективтегі әр түрлі әрекеттердің, көңіл-күйлердің т.б. мәселелердің объективті деректері, субъективті салыстыру анықталады.
5. Мектеп құжаттарын зерттеу. Бұл әдіс оқушының жеке іс-қағаздарын, медициналық карталарын, класс журналдарын, оқушы күнделіктерін, жиналыстар мен мәжілістердің протоколдарын оқып үйрену, талдау, жинақтау мақсатында қолданылады.
6. Педагогикалық эксперимент әдісі. Зерттеу объектісінің педагогикалық тиімділігін анықтай түсу мақсатына сай жұмыстың қандай да болсын әдістері мен жолдарын зерттеу үшін арнаулы ұйымдастырылған әдіс. Педагогикалық эксмерименттің мынадай түрлері бар: табиғи, лабораториялық, іздеу мақсатын көздейтін эксперимент.
7. Кибернетикалық және математикалық әдістерді педагогикалық әдістерге енгізу. Бұл әдістер түрлі педагогикалық құбылыстардың өзара сандық байланыстарын, олардың өлшемін, сапалық ерекшеліктерін айқындау үшін қолданылады. Педагогикалық зерттеулерді математикалық әдістерді қолдану эксперименттік зерттеулердің сандық деректеріне статистикалық өңдеу үшін қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет