Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Педагогика пәні, оның мақсат-міндеттері, негізгі ұғымдары, зерттеу әдістері



бет8/63
Дата21.04.2023
өлшемі170,69 Kb.
#85184
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   63
Байланысты:
Мемлекеттік емтихан с РА тары

2. Педагогика пәні, оның мақсат-міндеттері, негізгі ұғымдары, зерттеу әдістері.


Педагогика пәні, негізгі ұғымдары.
Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит, Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді. 
Педагогика деген сөз, яғни термин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүруші, баланы жетектеп мектепке апарушы деген сөз.Анығырақ айтатын болсақ, Педагогика термині гректің екі сөзінен: пайс – балалар және эгейн – баланы басқару,тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика – бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе түсуде. Сондықтан педагогика- бала тәрбиесі жайындағы ғылым, – деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы – тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика – жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие- жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап,оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педагогика пәнін толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық.
Әрбір ғылымның өзіне тән зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы: философиядағы ұғымдарға болмыс, материя, қозғалыс; ал педагогикада – тәрбие, білім беру, оқыту жатады.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз.
Педагогикалық ұғымдардың бірі – тәрбие.
Тәрбие дегеніміз – адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тжірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын,атап айтсақ : отбасы, мектепке дейінгі мекеме, оқу-тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары,баспа орвындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.
Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамдарды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру.
Тәрбие терминін тар мағынада Тәрбиеші тәрбиелейді, кең мағынада Өмір тәрбиелейді деп қолданудың тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар.
Тәрбие – тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, мәселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.
Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие – педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары – мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты процесс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып,жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып ерекше әдіс- тәсілдерді қолданады.
Тәрбие жайлы әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді.Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндірушілер де бар. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.
Білім беру – табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білу.
Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И.Пестолоцци.
Білім беру- оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет