Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер(Сократ, Платон, Аристотель)



бет3/64
Дата20.12.2023
өлшемі426,39 Kb.
#141260
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер(Сократ, Платон, Аристотель). Педагогика ғылымы да басқа ғылымдар ретінде өз бастауын философиядан алған. Ежелгі грек философтары — Гераклит (б.з.д. 530 — 470 ж.), Демокрит (б.з.д. 460-370 ж.), Сократ (б.з.д. 469 — 399 ж.), Платон (б.з.д. 427-347 ж.), Аристотель (б.з.д. 384 -322 ж.) т.б. еңбектерінде білім беру мен тәрбие мәселесі жазылған.
СОКРАТ
Сократтың түсігінше, тәрбиенің мақсаты- заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзінді тану, аса құлықтылықты жетілдіру. Оқыту мен тәрбиелеудің алғашқы әдістемелік тәсілдерінің бірін Сократ ойлап тауып, кейіннен оны практикада қолданды, ол — сұрақ-жауаптық оқу әдісі («сократтық әдіс»). Сократтық әдістің мәні — оның сұрақтарының ретті қойылуында, яғни оларға жауап бере отырып білім алушы белгілі бір шынайы қорытындылар жасаған. ократ этикада рахымшылдық, мейірімділік, білімде, даналықты, жақсылықты терең түсінгенде ғана мейірімді бола алады, ол ақиқат - шындық, таза болмыс адам ақылының алғы шарты деп, өз кезеңі үшін ақылды дамытуды уағыздады. Саясатта Сократ әділетсіздікке негізделген барлық басқару формаларын -монархияны, тирантияны, аристократияны, пдутократияны -түгелдей қатаң сынға алды. Алайда, ол әділеттілікке негізделген мемлекетті қажет деп тапты. Сократ философия тарихында ақиқатты талмай іздеген терең, дара ойшыл ретінде орын алып, сақталалы.
Ол философия мен педагогиканың көкейкесті мәселелерін зерттеп, ғылымның кең жолына бет бұрған. Оқытуға ауызша баяндау әдісін енгізген, өзі эксперимент жасаған. Афин көшелеріне, алаңдарға, үй алдына көптеген адамдар жинап, сол кезеңнің ерекшелігі туралы жиі-жиі бас қосу жасап тұрган. Жинаған қауым оны "Сократтың индукциялық-өзіндік үздік ой-пікірлерін қабылдаған. Айнала орта туралы коптеген сұрақтарға жауап берген. Демек, ол осылай ойды философиялық оқу-ағартумен, тәрбиемен ұштастырған. Мүғалімнің танымдық ой-өрісін дамытудық педагогикалық жүйесін жасап ұсынған.
Сократтың философиялық жүйесі - адамның өзін зерттеу, оның тұлғалық және танымдық ерекшелігін табу. Шәкірттері Платон мен тарихшы Ксенофонттың айтуынша Сократтың философиясы орта ғасырдағы философтардың таным туралы ой-пікірінің, зерттеушің негізгі адғы шарты болған. Ол өз кезеңінде Софистердің іліміне қарсы болған. Содан кейінгі философ пікірлерінде таным мен дамудың, философиялық теория мен методологияның, әдістемесін, жүйесін жасады. Сократтың педагогикалық ой-пікірлері этика-философиялық негізде жасалды. Ол адам табиғаттың рахымы мен байлығын, оның қүдіретті күшін қоғамға, айнала ортаға жеткізуші екенін айта келіп, адамның өзі табиғаттың туындаушысы деген тұжырымға келді. Адам өзі өскен ортадан ешкандай зақым көрмейтін болсын - деді. Осы негізде ол тәрбиенің демократиялық бағытта дамуын куаттады. Сондай-ақ ол бала қасиетінің, оның туа біткен кейбір ерекше қасиеттерін сақтап қалуды педагогтар мен ұстаздар еңбегінің жемісі болуы тиіс - деді. Ұстаз беп шәкірттің арақатынасы туралы нағыз демократиялық бағытты ұстады. Ең біріншіден мүғалім үлкен беделге ие болады, сонпа ғана оны оқушы сыйлайды. Бала білгенін ұмытпайтын болсьш. Алайда ол мәңгүрттікке ұшырайды, ол үшін тәрбие құрғақ жаттауға құрылмайтын болсын, мазмұнының мәні артсын. Ол философиядағы әмбебаптық білім беруді жақтады. Қандайда оқу мен тәрбиенің түрі сатылы - басқыштық деңгейге көшсін, жүйелі білім жүйелі ұғым мен түсінікке баулиды. Одан жоғарылап бүкіл халықтық педагогика мен халықтық тәрбиенің негізі - түпнұсқа жасалады - деп өзі өмір сүрген заман үшін прогрессивтік идеяны қуаттады. Жеке тұлға дамуын жақтай отырып эстетикалық тәрбиені, этикалық парасаттылық, инабаттылық, қайырымдылық, үждағаттылық, тағылымдық -талғампаздық - адам болмысының жүйелі дамуын көрсетеді.
Өз дәуірінің қиыншылығына қарамастан, Сократ мемлекет қайраткер-лерінің жер туралы ілімді, өлшем мен жер кодексінің өзгерістерін жете меңгерсін, ол халық үшін өте пайдалы - деген келелі ой айтты. Сондай-ақ, олар табиғат байлығын сақтасын, азық-түлік, сауда-саттықтың теңдігін білсін - деп жаңа экономикалық жүйе ұсынды. Сократтың педагогикалық жүйесі - оны таптыйқ ой-пікірінің жалғасы - деп табылды. Аристотель педагогикалық, экономикалық пікірлері арқылы сол кезендегі аристокра-тиямен күресіп жатқан Афина мемлекеттерінің демократиялық Эллада қозғалысын жақтады. Аристотель халықтық еркіндікте өмір сүруін демократиялық негізде шешкісі келді. Білім алу теңдігін мойындады және жақтады. Оны өз ілімінде педагогикалық тұжырым етіп ала білді. Сократтың педагогикалық ойларының таптық және демократиялық негізі "Адамгершіліктік шығармаларында" айқын көрініс тапты. XVII ғасырда Чехословакия педагогы Я.А. Коменский өзінің "Ұлы дидактикасында" Сократтың педагогикалық ой-пікірлерін жақтағанын, оны әрі қарай дамытатынын атап көрсеткен және жазған.Сократ этика ілімінің дамуына зор ықпал етті. Ол граммагикалық мектептерді дамытуды жақтады. Грек тілі мен риториканы, әдебиет пен тарихтан білім бере отырып, шешендікке үйретуді бірінші кезекке қойды.


ПЛАТОН
Сократтың шәкірті Платон ақыл-ой, ерік және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас білдірді. Ол тәрбиені өкіметтің өзі ұйымдастыру керек, үстемдік етуші топтар — философтар мен жауынгерлердің талап-тілегіне сай
жұмыс істеу деп түсінді. Платон тәрбиенің бүкіл халықтығын жақтады. Тәрбие мемлекет тарапынан берілсін деп есептеді. Сондай-ақ, мектепке дейінгі тәрбиенің қоғам тарапынан болуын уағыздады. Ол Афина мен Спарта тәрбиесін біріктіре сыбайлас жүргізуді ұйғарды. Платон мектепке дейінгі ойынның рөлін жоғары бағалай отырып, әңгіменің балаларға ұғымды да, түсінікті болуын жақтады. 4-7 жастағы балаларға ойын мен әңгімені ұштастыра жүргізуді ұсынды. Ол мемлекет тарапынан берілетін тәрбиенің жуйесін ұсына отырып, кыз балалардың дене тәрбиесін жақсартуды талап етті. Сондай-ақ Платон академиясының маңызы ерекше, Платон академиясы әуелде мектеп өкілдерінің ішінен сайланған, схоларх басқаратын музаны қадір тұтатын философиялық коғам ретінде қалыптасады Платон академиясы негізінде сол дәуірдің өзінде 5 академия құрылды. 5-академия Платон философияның стоицизм, пипагоризм және перипатеттер мектебінің идеяларымен үштастырылады. Академияның оқу, тәрбие, білім алуды уағыздаған кездері болған. Осы негіздегі Платон пікірлері, ойлары мен ғылыми жүйесі педагогика ғылымының дамуына себеп болды
Платонның педагогикалық ойлары, өзінің "Макет" және "Заңдар" атты кітабында анық бейнелеген. Бұл еңбектерінде философиялық тұжырымда-рын, педагогикалық ойларымен ұштастыра түседі. Тәрбие және адамның білім алуы, оның толысуы мен қалыптасуы еңбектерінде шебер көркемделген. Тәрбиенің мақсаты, үлкендердің және жеке тұлғаның болашақ жас ұрпаққа қайырымдылық пен жан тазалығын қалдыру принципін орындауы – деген ұйғарымға келуі және тұжырымы. Платон өз еңбектерінде мүғалімге жоғаргы талаптар қояды. Білім беруші - ұстаз, окушысы мен шәкіртінің жан дүниесін толық түсінгенде ғана тұлғаны іске, баланы білімге үйрете алады - деген тұжырымы өз дәуірі үшін материалистік тұрғыда болды. XX ғасырда орыс педагогы К.Д. Ушинский Платонның бұл пікірін, өз кезіндегі, сол бір құлдық- аристократиялық коғамдағы бірден-бір материалистік және прогрессивтік – тәрбие талғамы жоғары пікір болды"- деп көрсетті. Сондай-ақ, қайта құру дәуірінің педагогтары Платонның педагогикалық, оның ішінде тәрбие туралы ойлары, XVIII – ғасырдың аяғы, XIX - ғасырдың басындағы орыс педагогикасының тіпті жер жүзі педагогикасына зор ықпалы болғанын атап көрсетті. Платон ілімі - көбі таптық негізде құрылған. Өз заманындағы езуші үстемдік иелерін әшкерлеп, құлдық қоғамдағы ойың сойылын соғушыларды әшкереледі. Идеализмнің зардаптарын жою жолдарын, оның құралдарын төменгі таптың қолына қару етіп ұсынды. Тәрбие ісіндегі бостандықты аңсады. Тәрбие теориясының әдіснамасын жасаушы топтар құру тәрбиенің жаңа қоғам болуы қажет - деген жаңа идея ұсынды. Балаға білім беруде, тәрбие ісінде тұтастық болсын, барлығы бірдей тәрбиеленсін, таптық қоғам, таптық тәрбие жойылсын - деген философиялық ой-пікірі "Заңдар" атты еңбегінде жандана түсті. Бала дүниеге келген күннен бастап арнаулы тәрбие мектебінде тәрбиеленсін, демек 7 жасқа дейін, мектепке дейінгі тәрбие циклінен өтсін, 7-17 жас арасында басты білім алсын, ондағы негізгі пәнді музыка мен гимнастика деп белгіледі - Платон.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет