Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Оқыту – білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, біртекті процесс



бет9/64
Дата20.12.2023
өлшемі426,39 Kb.
#141260
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   64
Оқыту – білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, біртекті процесс.
1. Оқытушы оқушыларға білім беріп ,іскерлік ,дағдыға үйретеді.
2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті,дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.
Ал адамның білім алуы тек оқыту процесінің нәтижесі емес, оның білім алуына көпшілік ақпарат құралдары кино, радио, телхабар, т.б. ықпал жасайды.
Сонымен бірге дамның жетілуі, даму, өзін-өзі тәрбиелеу ұғымдары да педагогиканың зерттейтін мәселелері саласын толықтырады.
Жеке адамның дамуы – бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын және факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның дамуы мен жетілуінде мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуші рөл атқарады.
Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор. Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-мқұлық дағдысына бағытталған жұмыс.
Негізгі педагогикалық ұғымдар – тәрбие, ілім беру, оқыту біріне бірі тәуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, тәжірибеге дайындаудың басты құралы.
Педагогика пәннің мақсат­-міндетері:
Мақсаты: Құзіретті педагогтың сапаларын қалыптастыру, нақты құзіреттілікті қалыптастыру арасында білім мен білікті кешенді меңгерту, зерттеу жұмысының және кәсіби маманның дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Болашақ мұғалімдердің ақпараттық, коммуникативті, мәселені шешу құзіретті қалыптастыру.
2. Қазіргі педагогикалық идеялар және теориялармен таныстыру.
3. Педагогикалық жағдайларды теориялық тұрғыдан негіздеп, педагогикалық міндеттерді шешугеь үйрету.
4. Білім беру жүйесі туралы мемлекеттік құжаттарды талдауға, жұмыс жасауға үйрету.
5. Педагогикалық негізгі ұғымдарды меңгерту.
6. Студенттерге уәсіи мамандықтың дағдыларын бойларына сіңірту.
Зерттеу әдістері: бақылау әдісі, әңгіме әдісі, эксперимент, тексеру, педагогикалық процесті моделдеу, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың жұмысын зеттеу, кибернетикалық нәтижесін тәжірбиеге енгізу жолдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет