Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары



бет30/64
Дата20.12.2023
өлшемі426,39 Kb.
#141260
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64
Байланысты:
Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары-emirsaba.org

Отбасы өміріне даярлау
Әр халықтардың дәстүр-салтындағы келін түсіріп, қыз ұзату, баланы үйлендіріп, ұрпақ жалғастыру мәңгілік құбылыс.
Осы заманға лайықтап, өткеннің мұрасын байыптап жастардыі жұбайлық өмірінің дұрыс басталуына бағыт-бағдар беру -қоғам мен мектептің, ата-ананың, бүгінгі тыныс-тіршілігіміздің маңызды шаруасы.
Бұл мәселеде халықтың ақыл-ойын, болмысын, арманын, тәлім-тәрбиесін Абайдан терең ұғындырған ақын болған емес. Сондықтан да Абай идеясына тоқталғанды жөн көрдік. Абай бозбала мен бойжеткенді жұбайлық өмірге баулуда мына мәселелерге назар аударды.
• Адам өмірінің сыңары, бір бүтіннің жартысы болатын өмір серік жар таңдауда тәрбиелі, ақылы ажарына сай, еңбексүйгіш адамгершілігі мол таза жүректі адаммен бас қосу. Жастың шақ -адам өмірінің ең қызың ең мағыналы, ең жауапты шағы, оның басты ерекшелігі, алданғыш көңіл, албырт сезім, сенгіш жүрек, батыл әрекет, қызыққа құмар, қызылға өш, өткінші дәурен екендігі.
• Жастық шақта отбасын құру, білім алу, еңбек қаракетіне төселу - адамшылықтың басталу шағы, оны дұрыс бастау қажет. Отбасын құру бақыты екі адамның тілек-мүддесінің бірлігі, жастар өз бақытының қожасы, мұны берік дәстүрге айналдыру олардың өз қолдарында.
Абай келешегіне үміт еткен жастарды жұбайлық өмірге алдын ала даярлықпен баруына ерекше мән береді. Отбасындағы тіршіліктің барлық жай-жапсарын, жетістік-кемістігін олардың алдарына жайып салып, жақсысын үйреніп, жаманынан жиренуге шақырды.
Елжандылық тәрбиесі
Елжанды болу – еліміздің азаматының аса маңызды адамгершілік қасиеті. Елжандылықтың мәні отанға деген терең және саналы сүйіспеншілік, оған берілгендік, оның табыстары мен жетістіктерін мақтан ету, оны бұрынғыдан да көрікті, құдіретті етуге ұмтылу. Отанға деген сүйіспеншілік адамдарды еңбек және жауынгерлік ерліктерге шабыттандырады, олардың өміріне қоғамдық маңыз береді және рухани байытады.
Ұлттық патриотизм мен елжандылық туралы біздің көрнекті жазушыларымыз бен ғұламаларымыз өздерінің көрнекті ой – пікірлерін қалдырып отырған. Осы ретте аты аңызға айналған Б. Момышұлы: «патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман - саулығы, қоғамдық, мемлекеттік тәуелді екенді сезіну, мемлекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды күшейту екенін мойындау; қысқасы айтқанда, патриотизм дегеніміз – мемлекет деген ұғым, оны жеке адам барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым - қатынасын біріктіреді», - деп терең және жан - жақты анықтама берген.
Б. Момұшұлының анықтамасы бойынша ұлттық елжандылық мыналардан тұрады.
- өз халқына сүйіспеншілік;
- өз халқымен қан жағынан байланысын сезіну;
- тұрып жатқан териториясы, ана тілі, тұрмыс – тіршілігі, тарихи дәстүрі, психологиялық ерекшеліктерін сақтап, дамытуға, оны өз ұрпақтарына өткізіп беруге бейімділік.
Осыдан бастап елжандылыққа тәрбиелеуді отбасынан бастау проблемасы келіп шығады. Жазушы Ә. Нұршайықов: «бала күннен батырлар туралы ертегілер, аңыздар тыңдап, ерлікті мадақтайтын тақпақтар жаттап, эпостық шығармаларды етене қабылдамаған адамдардың бойында бес кісінің күші болса да патриот бола алмайды», - деп елжандылық тәрбиесін берудегі отбасының маңызына тоқталып өткен. «Тәрбиенің күшімен шындалған патриотизм, қынаптан суырған қылыштай жарқ етіп, Отанды басқыншы жаудан қорғау сағатында өз қуатын көрсетеді», - дейді жазушы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет