Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары



бет31/64
Дата20.12.2023
өлшемі426,39 Kb.
#141260
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64
Байланысты:
Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары-emirsaba.org

Экологиялық тәрбие
Жоспар:
1. Экология және экологиялық тәрбие жайлы ұғым.
2. Экологиялық тәрбиенің мақсаты, міндеттері.
3. Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие.
Экология — 200 жылдық тарихы бар жас ғылым. Экология терминін неміс биологы Эрнест Геккель (1968ж.). "Естественная история происхождения" атты кітабында алғаш рет қолданған. Экология - "ойкос" деген грек сөзі, "үй, баспана" ұғымын білдіреді. Э.Геккельдің айтуы бойынша экология - зоологияның бір тармағы, жанды мақұлықтардың органикалық және анорганикалық ортамен өзара қатынасын зерттейді. Экология ғылымы жеке пән түрінде биология ішінде пайда болды. Экологияны ғылыми негіздеген эволюция туралы ілімнің негізін салушы ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин, оның анықтауы бойынша экология тірі ағзалардың ортадағы тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. "Экология" ғылымы теориялық және тәжірибелік маңызы бар барлық ғылымның кешенді негізінде тез дами бастаған салаға айналды. Экология дегеніміз - табиғатты пайдаланудық ғылыми-теориялық негізі.
Экологиялық тәрбиенің көкейтестілігі Қазақстандағы экологиялық апат аймақтарының болуымен тығыз байланысты. Батыс Қазақстан жұртшылығын әскери полигондар, экологиялық талаптарды өрескел бұзып отырған өндіріс орындары алаңдатып отыр.
Қарашығанақ кен орнын игеруге 3000 га-ға жуық егіс, жайылым және орман жері пайдаланылады. Бұрғылайтын қондырғылар мен магистралды газ мұнай тасымалдайтын құбырлар кездейсоқ апатты жағдайға ұшыратуы мүмкін, осы кезде қоршаған ортаның әсіресе жер бетіндегі сулардың ластануы орын алады. Апаттық жағдайлардың тууының негізгі себебі - тасымалдау құбырларының коррозия процесіне ұшырап, жарылуы (90,5 %).
Еділ мен Жайық өзенінің аралығында орналасқан аумағы 40 мың км2 құмды өңір орта есеппен теңіз деңгейінен 0,21м төмен жатыр. Жер астының тұщы су қоры мол екені анықталды. Облыс тұрғындары Азғыр мен Капустин Ярдағы әскери ядролық сынақ полигонын жабуды, сынақ аймақтарын өз иелеріне байырғы тұрғындарға қайтаруды, т.б. талап етіп, осы мақсатта бұқаралық саяси күрес шараларын жүзеге асыратын қоғамдық қозғалыс құруды ұсынды. 1990 жылғы мамыр 1992 жылғы мамыр аралығында "Нарын" қозғалысының орталығы Орда ауданында болды. Органикалық отынды жағу кезінде атмосфераға күкірттің қос тотығынан басқа азоттың қос тотығы да шығарылады. Күкірт пен азоттың қос тотықтары "Қышқылдық жаңбыр" деп аталатын жауын түсуіне себепші болады, олар топыраққа араласа отырып, оның қышқылдылығының жоғарылауына әкеп соқтырады. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігіне әсерін тигізді. Қышқылдық жаңбырлар металды жабдықтар мен құбырлардың тоттануын туғызуы мүмкін.
Әскери полигон Батыс Қазақстан облысы мен Астрахань облыстың шекарасында орналасқан. Адамдар мен тірі табиғатқа тигізген зияндары жөнінен "Азғыр", "Капустин Яр" белгілі Семей полигонынан асып түседі. Полигондар онкологиялық, жүрек тамыр және басқа ауруларды қоздырып, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зиянын тигізді.
Озон қабатының жұқаруы, қышқылды жаңбыр, жер ғаламшарларындағы климаттың жылына бастауы жер биосферасындағы тіршілікке тікелей қауіп төндіруде. Ойықтардың пайда болуына өнеркәсіптерден бөлінетін М, Си, Ғе, Мп, С1, Р оксидтері әсер етеді. Озон қабатының бұзылуы жер бетіндегі тіршілікке зиянды әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет