Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Педоцентристік тұжырымдама



бет47/64
Дата20.12.2023
өлшемі426,39 Kb.
#141260
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   64
Байланысты:
Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары-emirsaba.org

Педоцентристік тұжырымдама. Педоцентристік тұжырымдама бойынша оқыту процесінде негізгі рөл бала іс-әрекетіне беріледі. Оның негізіне Д.Дьюй (1859-1952), Г.Кершенштейнер (1854-1932), В. Лай (1862-1926) дидактикасының жүйелері жатады. Д.Дьюй оқыту процесін баланың қажеттіліктері, қызығушылығы қабілетіне қарай құруды ұсынды. Оқыту мақсаты - баланың жасы және ақыл-ой қабілетін, түрлі іскерліктерін дамыту. Оның тұжырымдауынша оқыту бұл дайын білімдерді айтып беру, жаттау және жаңғырту смес, оқушылардың алған білімдерін іс-әрекетте қолдануы. Оқыту процесі құрылымы: іс-әрекет процесінде қиындықты сезу, мәселені тұжырымдау, қиындықты жеңу, мәнін айту. Мәселені шешу үшін гипотеза ұсынып, оны тексеру, алған білімге сөйкес пікірлер айту және іс-әрекет зерттеушілік ойды туғызып, ғылыми ізденіске жол ашады. Әрине, мұндай тәсіл ақыл-ойды дамытуға, экологиялық мәселені шеше білуге көмектеседі. Бірақ мұндай дидактиканы шектен тыс барлық пәндерге және барлық деңгейге таратумен келісуге болмайды. Оқуда тек оқушылардың қызығушылығына сүйену жүйелілікті жоғалтып, материалдарды кездейсоқ іріктеуге әкеліп, оны терең талданады. Мұндай оқыту өнімсіз, уақыт көп кетеді.
Қазіргі дидактикалық жүйе екі жақты - оқыту және оқу. Олар оқыту процесінде бірге жүреді, екеуімен де дидактика айналысады. Қазіргі дидактикалық тұжырымдама бағыттары: бағдарламалық, мәселелік, дамыта оқыту (П.Гальперин, В.Занков, В.Давыдов), когнитивтік психология (Дж.Брунер), педагогикалық технология, ынтымақтастық педагогикасы.
Бірыңгай дидактикалық жүйе жоқ, кейбір теорияға ортақ нәрсе бар. Көптеген оқыту тәсілдері оқыту мақсатын - тек білімді қалыптастыру демей, оқушылардың жалпы дамуы, еңбек, ақыл-ой, көркемөнер іскерлігіне үйрету дейді. Оқыту мазмұны негізінен пәндік болып құралады. Бастауыш және жоғары сыныптарда интегративтік курстар бар. Осы жерден оқу процесі білім мазмұнының мақсаты және мазмұнына сай жүргізіледі, сондықтан екі жақты басқарылатын процесс деп түсініледі. Мұғалім оқушылардың оқу танымдық қызметіне басшылық етіп, өздік жұмыстарын ұйымдастырады, ынталандырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет