Оқытудың дамыту қызметі.Оқыту процесі, білімді меңгеру оқушыны дамытады. Оқушының тілі, ақыл-ойы, сенсорлық және қозғалыс аймағы, сезімі, ерік-жігері, қажеттіліктері, мотивтері дамиды. Оқыту - жеке тұлғаны дамыту құралы. Л.С.Выготский (1896-1934) тұжырымдаған психологияның маңызды заңдарының бірі - баланың дамуы оқытуға байланысты. Сондықтан білім мазмұнына баланы дамытатын материалдар енгізіледі. Оқыту процесінде П.А.Гальпериннің ақыл-ой жұмысын кезең бойынша қалыптастыру теориясы, М.Н.Скаткиннің, И.П .Лернердің мәселелік оқыту әдісі баланы дамытуға бағытталған.
Қазіргі оқыту тек білім берумен шектелмей, оқушыны әр жақты дамытуға, алдымен ақыл-ойды дамытуға бағытталған. Сонымен оқыту процесінің 3 міндеті болды. Олар бір-бірімен тығыз байланысты және оқытудық барлық бөліктерінде жүзеге асады.
Оқушылардың білімді ұғыну сатылары: