Тағы бір жаңалық бар. Ар-намыс кодексімен бірге Этика жөніндегі өкілетті тұлға туралы ереже күшіне енді. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік органдарында мұндай қызмет болмаған. Енді осындай штат бірлігі барлық ұйымдарда болады. Ол қызметті атқаратын адам ұжымда ар-намыс кодексінің қатаң сақталуын қадағалап қана қоймайды, сонымен қатар әріптестерінің құқықтарын да қорғайды. Мысалы, этика жөніндегі өкілетті тұлғаға бастығыңыздың шектен тыс қатал екенін айтып шағымдануға, жұмысқа деген қатынасыңыз қандай екенін бүкпесіз ашық айтып беруге болады. Мемлекеттік қызмет істері министрлігінде арнайы брифинг өтіп, онда журналистерге күшіне енген өзгерістер туралы толық есеп берілді. Вице-министр Айгүл Шаимова мемлекеттік органдарда ауқымды сауалнама жүргізілетінін айтты. Сол сауалнаманың нәтижелері қызмет ахуалын жақсартып, барлық деңгейлердегі мемлекеттік қызметкерлер жұмысының тиімділігін арттыруы тиіс екен.

Айта кетерлігі, этика жөніндегі өкілетті тұлға етіп кім болса сол сайланбайды. Ережеде бұл аса жауапты қызметті “ұжымда абыройы асып, құрметке ие болған адам” ғана атқара алады делінген.https://www.youtube.com/watch?v=sNK0tjzXJc4