Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Мемлекеттік қызмет әрқашан да мемлекет қаражат қорынан қаржыландырылады, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мен жолсапар шығындары бюджеттен өтеледі және қажет болған жағдайда арнайы баспанаға, ғимаратқа орналастырылып, өздеріне жүктелген өкілеттілікті атқаруға қажетті арнаулы керек-жарақпен жабдықталады.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің айрықша мәртебесі болады. Қызмет мерзімі ішінде мемлекеттік қызметшілерге өз өкілеттігін жүзеге асыруға керекті міндеттер мен арнайы құқықтардан бөлек әлеуметтік артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 21-бабында әрбір адамның өз елін басқаруға қатысуға құқы танылған.

1 қаңтардан бастап ел мемлекеттік қызметкерлердің этика кодексі өзгерді. Енді ол Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі деп аталады және мемлекеттік қызметтегілер үшін қызметтік этика ережелерін белгілейді. Әсіресе, жұмысын жаңа бастап жатқан азаматтарға пайдалы болмақ екен: қызметке кірер кезде әр қызметкер қатаң тестілеуден бөлек, үш күн ішінде этика кодексімен танысып, соған қол қойып, ондағы ереже-заңдарды қызметтегі өмірі барысында қатаң ұстануы тиіс. «Открытая Азия онлайн» жаңарған құжаттың ерекшеліктерімен танысты.