Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы



Pdf көрінісі
бет1/20
Дата31.03.2017
өлшемі1,11 Mb.
#10638
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

 
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 желтоқсанда № 12590 болып 
тіркелді
 
      РҚАО-ның ескертпесі!
 
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 
4-тармақтан
 қараңыз
 
       «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 
желтоқсандағы Заңының 16-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
 
      1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
 
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Электрондық мемлекеттік сатып алуды 
жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 23 маусымдағы № 378 бұйрығының 
(нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің 2015 жылғы 23 шілдедегі 
92255 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 31 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 
жарияланған) күші жойылсын.
 
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы 
департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
 
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;
 
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны 
мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми 
жариялауға жіберуді;
 
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында 
орналастыруды қамтамасыз етсін.
 
      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 5-бөлімнің 16-
параграфын, сондай-ақ 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 424 және 426-
тармақтарды қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми 
жариялануға тиіс
 
      Министр                                    Б. Сұлтанов
 
  Қазақстан Республикасы    
 
 Қаржы министрінің      
 
 2015 жылғы 11 желтоқсандағы 
 
 № 648 бұйрығымен      
 
 бекітілген          
 
   Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары 
      1. Осы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының 
Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық 
цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 
қаңтардағы Заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін 
айқындайды.
 
      2. Қағидалар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібіне сәйкес 
жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
 
   1. Жалпы ережелер 
      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
 
      1) веб-порталда тіркелу – мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектісінің веб-портал 
арқылы мемлекеттік сатып алуға қол жеткізуі;
 
      2) веб-порталға қатысушы – веб-порталда тіркеуден өткен тапсырыс беруші, 
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші;
 
      3) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – мемлекеттік сатып 

алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік 
органның ақпараттық жүйесі;
 
      4) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы (бұдан әрі – ұйымдастырушы) – тапсырыс 
берушінің лауазымды тұлғасы не құрылымдық бөлімшесі немесе осы Қағидаларда белгіленген 
тәртіппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге 
асыру үшін айқындалған заңды тұлға;
 
      5) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы (бұдан әрі – бірыңғай 
ұйымдастырушы) – Заңның 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының 
Үкіметі, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдігі немесе 
аудан, қала, қаладағы аудан әкімдігі айқындаған, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру 
және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
 
      6) мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) 
– мемлекеттiк сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
 
      7) мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай 
оператор) – мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған, акцияларының 
(жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет болып табылатын 
заңды тұлға;
 
      8) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт) – Заңда көзделген 
жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы 
жасалған, электрондық-цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт;
 
      9) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық цифрлық нысанда ұсынылған және 
электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
 
      10) құжаттың электрондық көшірмесі – өтініш берушінің немесе аталған құжатты 
куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушының 
өзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету 
орталығының уәкілеттік берілген қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен 
куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық 
цифрлық нысанда толығымен көрсететiн құжат;
 
      11) уәкілетті өкіл – веб-порталға қатысушының бірінші басшысының тиісті шешімімен 
веб-порталда барлық іс-қимылдарды атқаруға, соның ішінде электрондық құжаттардың 
көшірмелерін куәландыруға уәкілеттілік берілген веб-порталға қатысушының қолданушысы.
 
      12) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен 
жасалған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілігін және мазмұнының 
өзгермегенін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
 
      13) жеке кабинет – мемлекеттік сатып алу рәсімдерін, сатып алуға қатысуларын, 
сондай-ақ веб-порталда орналастырылған автоматтық хабарламалар мен мәліметтерді алуды 
жүзеге асыруға арналған пайдаланушының веб-порталдағы автоматтандырылған жұмыс орны.
 
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      4. Осы Қағидаларда пайдаланатын басқа да ұғымдар Қазақстан Республикасының 
қолданыстағы заңнамаға сәйкес қолданылады.
 
   2. Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау 
      5. Осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс 
беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді мемлекеттік сатып алудың 
бекітілген немесе нақтыланған жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала 
жоспары) негізінде қабылдайды.
 
      6. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму 
жоспары, қаржыландыру жоспары) негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан 
бойынша әзірлейді және бекітеді.
 
      7. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес тиісті бюджет комиссиясының 
оң ұсынысы негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып 

алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
 
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      8. Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары мемлекеттік сатып алудың 
жылдық жоспары бекітілгенге дейін қолданылады. Тапсырыс беруші тиісті бюджетте (даму 
жоспарында) бекітілмеген мәліметтерді қоспағанда, мәліметтерді веб-портал арқылы 
мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарынан мемлекеттік сатып алудың бекітілген 
жылдық жоспарына ауыстырады.
 
      9. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму 
жоспары, қаржыландыру жоспары) бекітілген (нақтыланған) күннен бастап он жұмыс күні 
ішінде бекітеді (нақтылайды).
 
       10. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала 
жылдық жоспары) мынадай мәліметтерді қамтиды: 
 
      1) мемлекеттік сатып алудың сәйкестендіру коды;
 
      2) қосылған құн салығын есепке алмағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру 
үшін бөлінген соманы қоса алғанда, анықтамалыққа сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, 
көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы;
 
       3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері; 
 
       4) тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған 
мерзімдері мен орны; 
 
      5) Заңның 43-бабында көзделген жағдайларда, әрбір қаржы жылына бөлінген және 
көзделген сомалар шегінде кестеге және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды берудің, 
жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері;
 
      6) Заңның 51-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру шарттары. 
 
       11. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып 
алудың алдын ала жылдық жоспарын) әзірлеу кезінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін 
қызметтерді осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен лоттарға бөлуді жүзеге асырады. 
 
      12. Тапсырыс беруші мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып 
алудың алдын ала жылдық жоспары) бекiтілген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде 
уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланбай ұсынылатын, Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды 
құрайтын мәліметтерді және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын 
мәліметтерді қоспағанда, оны веб-порталда орналастырады.
 
      13. Тапсырыс берушілер Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес айына бір реттен 
асырмай мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар 
енгізеді.
 
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      14. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып 
алудың алдын ала жылдық жоспарына) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы 
шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, уәкілетті органға мемлекеттік 
сатып алу веб-порталын пайдаланбай ұсынылатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және 
(немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, 
енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды веб-порталда орналастырады.
 
      15. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып 
алудың алдын ала жылдық жоспары) бекітілген немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық 
жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) өзгерістер және (немесе) 
толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей тауарларды
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жоспарланатын мемлекеттік сатып алу туралы 
ақпаратты бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынады.
 

      16. Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 31), 32) және 35) тармақшаларына және 50-
бабына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер мемлекеттiк 
сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) 
енгiзілуге жатпайды.
 
      17. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi осы Заңның 39-бабы 3-
тармағының 4), 9), 31), 32) және 35) тармақшаларына және 50-бабына сәйкес сатып алуды 
қоспағанда, мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген (нақтыланған) жылдық жоспарында 
(мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, 
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуға жол берiлмейдi.
 
      18. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес шарт жасасқанға дейін:
 
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджетті нақтылау (түзету), 
бюджет жобасын бекіту кезінде болған мемлекеттік сатып алудың бекітілген (нақтыланған) 
жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделген 
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар 
қысқартылған (енгізілмеген);
 
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның стратегиялық 
жоспарына, тапсырыс берушінің бюджетіне (даму жоспарына) мемлекеттік сатып алудың 
бекітілген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық 
жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу 
қажеттігін жоққа шығаратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, 
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
 
      Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген жағдайда, мемлекеттік сатып алудың жылдық 
жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) ағымдағы жылы осындай 
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған өзгерістер мен 
толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
 
      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      19. Тапсырыс беруші не ұйымдастырушы осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген 
шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
 
      1) өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысатын тұлғаларды қабылданған шешім 
туралы хабардар етеді;
 
      2) конкурсқа (аукционға) қатысуға енгізілген өтінімдерді қамтамасыз етуді 
қайтарады.
 
   3. Ұйымдастырушыны немесе бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау тәртібі 1-
параграф. Ұйымдастырушыны айқындау тәртібі 
      20. Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға ретінде 
әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу 
рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші ұйымдастырушыны және тапсырыс берушінің алда 
болатын мемлекеттік сатып алуда мүдделерін білдіретін лауазымды адамын айқындайды.
 
      21. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін 
орындауға жауапты өз құрылымдық бөлімшесінің немесе лауазымды тұлғасының атынан 
ұйымдастырушы бола алады.
 
      22. Тапсырыс беруші Заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес тапсырыс беруші 
ұйымдастырушы етіп тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемені 
айқындауға құқылы.
 
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      23. Тапсырыс беруші Заңның 7-бабының 3-тармағына сәйкес тапсырыс берушіге 
ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме үшін тапсырыс беруші ұйымдастырушы 
ретінде әрекет етуге құқылы.
 
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 (алғашқы 

ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      24. Тапсырыс беруші Заңның 7-бабының 4-тармағына сәйкес тапсырыс берушіге 
ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме үшін тапсырыс беруші олардың арасынан 
ұйымдастырушыны айқындауға құқылы.
 
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      25. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі Заңның 7-бабының 5-тармағына сәйкес өзіне 
ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеме, оған қатысты өзі мемлекеттік басқару органы 
ретінде әрекет ететін заңды тұлға не оған қатысты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 
мемлекеттік басқару органы ретінде әрекет ететін заңды тұлғамен үлестес тұлға үшін 
ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
 
      Мемлекеттік кәсіпорын не дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу 
үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға Заңның 7-бабының 
5-тармағына сәйкес өзімен үлестес тұлғалар үшін ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге 
құқылы.
 
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      26. Тапсырыс беруші конкурс (аукцион) тәсілімен ұйымдастырылатын және өткізілетін 
мемлекеттік сатып алу рәсімін орындау үшін бірыңғай ұйымдастырушымен келісім бойынша оны 
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде айқындайды.
 
      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      27. Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға ретінде 
әрекет еткен жағдайларды қоспағанда, ұйымдастырушы тапсырыс берушімен, әлеуетті өнім 
берушілермен, тиісті комиссиялармен және сарапшымен өзара қарым-қатынастарда өзінің 
атынан өкілдік ететін лауазымды адамды айқындайды. Ұйымдастырушының өкілі мемлекеттік 
сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшенің 
қызметкерлері қатарынан айқындалады.
 
   2-параграф. Бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау тәртібі 
      28. Бірыңғай мемлекеттік сатып алуды өткізу мақсатында:
 
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі тапсырыс берушілер үшін бірыңғай 
ұйымдастырушыны айқындайды.
 
      Бірыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді 
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді Нормативтік құқықтық актілерді 
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12556 болып тіркелген «Мемлекеттік сатып алуды 
ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, 
жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 669 бұйрығына сәйкес уәкілетті орган 
айқындайтын бюджеттік бағдарламалардың және (немесе) тауарлардың, жұмыстардың, 
көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша орындайды;
 
      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдігі тапсырыс 
берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындайды.
 
      Бірыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді 
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді тиісті облыстың, республикалық 
маңызы бар қаланың және астананың әкімдігі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және 
(немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша орындайды;
 
      3) ауданның, қаланың, қаладағы ауданның әкімдігі тапсырыс берушілер үшін бірыңғай 
ұйымдастырушыны айқындайды.
 
      Бірыңғай ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді 
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді тиісті ауданның, қаланың, қаладағы 
ауданның әкімдігі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, 

көрсетілетін қызметтер бойынша орындайды.
 
      Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
   4. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және 
өткізу 1-параграф. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды 
өткізу туралы хабарлама 
      29. Ұйымдастырушы баға ұсыныстарын ұсыну мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс 
күнiнен кешiктiрмей баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу 
туралы мынадай:
 
      1) бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткізiлетiн мемлекеттiк сатып алудың 
нысанасы болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін 
қызметтердiң көлемi туралы мәліметтерді;
 
      2) болған кезде Қазақстан Республикасының ұлттық немесе үкіметтік емес 
стандарттарын көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін 
қызметтердің қысқаша сипаттамасын;
 
      3) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету орнын;
 
      4) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң талап етiлетiн 
мерзiмдерiн;
 
      5) әлеуетті өнім берушілердiң баға ұсыныстарын ұсынуды бастау және аяқтау мерзiмi 
туралы;
 
      6) техникалық ерекшелігін көрсете отырып, шарттың жобасын веб-порталда қазақ және 
орыс тілдерінде орналастырады.
 
      30. Мыналар:
 
      1) негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз 
етуді (лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді) қосымша жинақтау, жаңғырту және 
қосымша жарақтау үшін;
 
      2) тауарды лизингке беру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні айқындау және 
лизингтің нысанасын мұқият сипаттау қажеттігі туындағанда;
 
      3) тапсырыс берушіде бар тауарды жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету 
үшін жүзеге үшін мемлекеттік сатып алу жағдайларын қоспағанда, осы Қағидалардың 29-
тармағында көзделген орналастырылатын ақпаратта тауар белгілеріне, қызмет көрсету 
белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік 
үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып 
алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге 
тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға нұсқамалардың болуына жол берілмейді
 
   2-параграф. Әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарын ұсынуы 
      31. Әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларда көзделген мәліметтерді қамтитын бiр ғана 
баға ұсынысын ұсынады, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол 
берiлмейдi.
 
      Әлеуетті өнім берушілер баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін берілген 
баға ұсыныстарын қайтаруға рұқсат етіледі. Бұл ретте баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі 
өткенге дейінгі енгізілген өзгерістермен баға ұсыныстарын қайта ұсынуға жол беріледі.
 
      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 
№ 93
 (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 
      32. Әлеуетті өнім берушінiң баға ұсынысын беруі оның шарт жобасында көзделген 
елеулi талаптарды сақтай отырып, тауарды берудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер 
көрсетудi жүзеге асыруға келiсiм бiлдiргенінің нысаны болып табылады.
 
      33. Әлеуеттi өнiм берушiнiң баға ұсынысында тауарларды жеткiзуге, жұмыстарды 
орындауға, қызметтердi көрсетуге байланысты барлық шығыстар кіреді.
 
      34. Әлеуеттi өнiм берушi баға ұсынысын ұйымдастырушыға веб-портал арқылы 
хабарландыруда көрсеткен баға ұсыныстарын беру мерзiмi аяқталғанға дейiн осы 

Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
 
      35. Баға ұсынысын берген әлеуетті өнiм берушiге веб-портал тиiстi хабарламаны 
автоматты түрде жiбергеннен кейiн баға ұсынысы қабылданды деп саналады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет