Сабақтарды орындаудың НҰСҚаулығы бекітілген зертханалық және студиялық сабақтарды орындаудың нұсқаулығы негізінде



бет1/13
Дата03.10.2023
өлшемі43,7 Kb.
#112774
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖӘНЕ СТУДИЯЛЫҚ
САБАҚТАРДЫ ОРЫНДАУДЫҢ НҰСҚАУЛЫҒЫ

Бекітілген зертханалық және студиялық сабақтарды орындаудың нұсқаулығы негізінде


I. Химиялық лабораториядағы қауіпсіздік техникасыны ережелері

Органикалық химия лабораториясында жұмыс істеудің қауіпсіздік техникасы алғашқы көмек көрсету.
Химиялық лабораториядағы жұмыс қауіпті келеді. Себебі кейбір заттар белгілі дәрежеде улы,жанғыш, қопарылғыш. Сондықтан лабораторияда жұмыс істеудің жалпыға бірдей тәртібі бар.
1.Лабораторияда жалғыз жұмыс істеуге болмайды, себебі қауіпті жағдайда оған ешкім көмек көрсете алмайды.
2.Лабораторяда жұмыс уақытында тазалық, тыныштық, тәртіп, қауіпсіздік техникасын сақтау керек.
3.Лабораторияда жұмыс істейтін әрбір адам өрт сөндіруге қажет жабдықтар мен патечканың қай жерде тұратынын білу керек.
4.Лабораторияда шылым шегуге болмайды, тамақ ішіуге тыйым салынады.
5.Студенттер істелінетін жұмыстың техникасын меңгермей жұмысқа жіберілмейді.
6.Тәжірибені тек таза ыдысқа жүргізу керек. Экспериментті бітірген соң ыдыстарды бірден тазалау керек.
7. Жұмыс кезінде тазалықты, ұқыптылықты сақтау керек. Пайдаланылған заттардың беттің терісіне және қолға тиюінен сақ болу керек. Көптеген заттар (галогентуындылар, фенолдар, нитроқосылыстар, қанықпаған қосылыстар және басқалар) тері мен кілегей қабықты тітіркендіреді.
8.Лабораторияда еш заттың дәмін татып көруге болмайды. Заттарды сақпен оның буы немесе газын жеңіл қимылмен желпіп өзіне қарай бағыттап иіскеуге болады, ыдысқа еңкейіп иіскеуге болмайды.
9.Реактив сақталатын барлық банка, склянка және ыдыстардың атын көрсететің этикетка болуы керек.
10.Ішінде ерітіндісі немесе заты бар склянканы алдымен бір қолмен мойнынан, ал екінші қолмен түбін ұстау керек.
11.Органикалық заттарды және ерітінділерін пипетка арқылы ауызбен соруға тыйым салынады.
12.Сұйық және қатты затты пробиркада және колбада қыздырғанда олардың ауызын өзіне немесе көршіне бағыттауға болмайды. Ашық қыздырылып жаткан сосудтың үстінен қарауға болмайды, себебі ыстық масса шашырап, жарақаттауы мүмкін.
13.Жұмыс біткен соң газ, су, электр энергиясын өшіру керек.
14.Раковинаға концентрлі қышқыл мен сілті ерітінділерін, әртүрлі органикалық еріткіштерді, күшті иісті және жанғыш заттарды төгуге болмайды.
15.Әрбір лабораторияда міндетті түрде сақтандырғыш маска, противогаздар, респираторлар болуы керек.
16.Әрбір лабораторияда өртке қарсы қолданылатын құралдар болуы керек. Ішінде құмы мен қалағы бар жәшік, өртсөндіргіш одеало, толтырылған өрт сөндіргіштер болуы керек.
17.Лабораторияның орнықты жерінде алғашқы көмек көрсететін медикаменттер танниннің спирттегі ертіндісі, калий перманганаты, бор қышқылы, натрий гидрокарбонаты, йод тұндырмасы, мақта, бинт пластырь, күйдіруге қарсы қолданылатын мазь болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет