Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері



бет2/6
Дата12.04.2023
өлшемі373,51 Kb.
#81767
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері 2нед

Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады; 2) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

  • Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады; 2) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
  • Уәкілетті орган: 1) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді; 2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау қағидаларын бекітеді; 3) мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын бекітеді; 4) мемлекеттік сатып алу веб-порталы жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларын бекітеді; 5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды, оның ішінде камералдық бақылауды жүзеге асырады, қажет болған кезде мемлекеттік сатып алуға қатысушылар ұсынған есептік деректердің, материалдар мен ақпараттың анықтығын тексереді; 6) мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасалғанға дейін, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, тапсырыс беруші мен конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып қабылдаған шешімдерінің күшін жою туралы не мемлекеттік сатып алудың күшін жою туралы шешім қабылдайды; 7) уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті саладағы уәкілетті органдар әзірлейтін және бекітетін үлгілік конкурстық құжаттамаларға (аукциондық құжаттамаларға) сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін айқындайды;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет