Байланысты: Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері 2нед
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.
2. Бақылау объектілері: 1) тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, конкурстық комиссия (аукциондық комиссия), сараптама комиссиясы, сарапшы; 2) өткізілетін мемлекеттік сатып алу нысанасы шегінде әлеуетті өнім беруші, өнім беруші, сондай-ақ олар жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер не қызметтер көрсету бойынша бірлескен атқарушылар ретінде тартатын тұлғалар; 3) тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуға қатысатын тұлғалар; 4) мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор болып табылады.
3. Уәкілетті орган тексерулерді мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде: 1) әлеуетті өнім беруші, конкурсқа не аукционға қатысушы, өнім беруші не олардың уәкілетті өкілі тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының не конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның), сараптама комиссиясының, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасап жазбаша жолданым не жалпыға бірдей қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданым бергенде жүзеге асырады. Мұндай шағымды қарау осы Заңның 47 және 48-баптарында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады; 2) құқық қорғау органдарының қаулылары келіп түскен кезде; 3) тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы алынған ақпаратты талдау нәтижелері бойынша жүзеге асырады.