Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау тәртібі 1. Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға ретінде әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, сондай-ақ тапсырыс берушінің алда болатын мемлекеттік сатып алуда мүдделерін білдіретін лауазымды адамын айқындайды.
2. Тапсырыс берушінің өзі тікелей не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындауға жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесінің атынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет ете алады.
Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы етіп тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемені айқындауға құқылы.
3. Тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме үшін тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
6
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі 1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі (бұдан әрі – Мемлекеттік жоспарлау жүйесі) – елдің ұзақ мерзімді (5 жылдан астам), орта мерзімді (бір жылдан 5 жылға дейін қоса алғанда) кезеңдерге арналған дамуын қамтамасыз ететін, мемлекеттік жоспарлау қағидаттарынан, құжаттарынан, процестері мен қатысушыларынан тұратын өзара байланысты элементтер кешені.
2. Мемлекеттік жоспарлау мемлекеттік билік органдарының және елді дамыту процесіне өзге де қатысушылардың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін арттыруға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және ел қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған қызметін қамтиды.
7
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қағидаттары 3. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) ішкі теңгерімділік – Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының даму мақсаттары, міндеттері және нәтижелер көрсеткіштері бойынша үйлесуін қамтамасыз ету;
2) тиімділік – мақсаттарды, міндеттерді және нәтижелер көрсеткіштерін таңдау оларға ресурстардың ең аз шығындарымен қол жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс;
3) "адамға бағдарлану" – мақсаттардың, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштерінің халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға және әл-ауқатын арттыруға түпкілікті бағытталуы;
4) дербестік – өз құзыреті шегінде елді дамытудың мақсаттарына қол жеткізу мен міндеттерін шешудің жолдары мен әдістерін таңдауда мемлекеттік жоспарлау процесіне қатысушылардың жеткілікті дербестігін қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік жоспарлау процесіне қатысушылардың жауапкершілігі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде міндеттерді шешудің тиімсіздігі және күтілетін нәтижелерге қол жеткізбегені үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету;
10
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары
4. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына мыналар жатады (иерархиялық маңыздылығы ретімен):
1) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы;
2) Жалпыұлттық басымдықтар;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспары, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясы;
4) Елдің аумақтық даму жоспары;
5) саланы/аяны дамыту тұжырымдамасы, ұлттық жобалар;
6) мемлекеттік органдардың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың (бұдан әрі – ұлттық компаниялар) даму жоспарлары.
5. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары төмен тұрған деңгейдегі құжаттарды әзірлеу қажеттілігі мен заңдылығы жоғары деңгейде тұрған құжаттардан туындайтын тұтас жүйе болып табылады, ал жоғары деңгейде тұрған құжаттарды мониторингтеу және бағалау төмен тұрған деңгейдегі құжаттарды іске асыру туралы анық ақпараттың негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері осы иерархияға сүйене отырып декомпозициялануға және айқындалуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын Жолдау (бұдан әрі – Жолдау) арнайды. Жолдаудың ережелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу және түзету үшін негіздеме болып табылады, сондай-ақ алдағы жоспарлы кезеңге арналған бюджетті қалыптастыру кезінде ескерілуге тиіс.
Жолдау жобасын әзірлеу, келісу, Жолдауды іске асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
7. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша доктриналар (стратегиялар), жекелеген басым бағыттар бойынша – мемлекеттік бағдарламалар, кешенді жоспарлар әзірленеді.
Доктрина (стратегия) – бұл белгілі бір мәселе бойынша көзқарастар жүйесін, саяси қағидаттардың, пайым мен көзқарастардың жиынтығын айқындайтын және Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін құжат.
Мемлекеттік бағдарлама негізінен дамудың идеологиялық, нормативтік және т.б. аспектілерін қозғайтын және елеулі қаржы ресурстарын бөлуді талап етпейтін жекелеген саясаттарды іске асырудың мақсаттарын, міндеттері мен тәсілдерін айқындайтын құжат болып табылады.
Мемлекеттік бағдарламаны Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Кешенді жоспарлар жекелеген маңызды салалық немесе өңірлік даму мәселелерін жедел шешуге арналған іс-шаралар жиынтығын қамтитын іске асыру сипатындағы құжат болып табылады.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің процестері
9. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің процестері оның құжаттарын әзірлеу, іске асыру, мониторингтеу, сондай-ақ түзету болып табылады.
10. Әзірлеу процесі құжатқа бастама жасаудан, ағымдағы жағдайды талдаудан, мүдделі тараптардан ұсыныстар жинаудан, қойылған міндеттерді шешу бойынша пайымды қалыптастырудан, қол жеткізілетін нәтижелер мен қажетті ресурстарды айқындаудан, құжат жобасын тұжырымдаудан, оны мүдделі тараптармен талқылаудан, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарымен байланыстырудан, белгіленген тәртіппен пысықтаудан, келісуден және бекітуден тұрады.
11. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің әзірленетін құжаттары мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
1) жекелеген құжатты әзірлеудің негізділігі, сондай-ақ таңдап алынған мақсаттардың, нысаналы индикаторлардың, міндеттердің, нәтижелер көрсеткіштерінің (аралық және түпкілікті) шынайылығы;
2) ұсынылған қол жеткізу жолдарының құжаттың мақсаттары мен міндеттеріне, игілікті алушылардың күтулеріне сәйкестігі;
3) құжаттың мақсаттарының, нысаналы индикаторларының, міндеттерінің, нәтижелер көрсеткіштерінің (аралық және түпкілікті) оны іске асырудың жоспарланған мерзімдеріне, сондай-ақ іске асыру мақсатында құжат әзірленген жоғары деңгейдегі Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары деңгейдегі құжатында белгіленген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі;
4) құжатты іске асыру үшін қаржы-экономикалық, материалдық-техникалық, еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілу;
5) құжаттың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге кедергі келтіруі мүмкін ықтимал сыртқы және ішкі тәуекелдер мен мән-жайларды есепке алу, сондай-ақ олардың туындауының алдын алу үшін, туындаған жағдайда оларды еңсеру үшін не құжатты түзету үшін қабылдануы тиіс шараларды айқындау.
1
3
2
4
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.