Мемлекеттік сатып алулардағы Академиялық адалдық және парасаттылық Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары



бет1/3
Дата13.12.2022
өлшемі11,34 Mb.
#56848
  1   2   3

Мемлекеттік сатып алулардағы Академиялық адалдық және парасаттылық
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін жетілдіру
2. Мемлекеттік сатып алуды өткізу ұғымы, қағидаттары
3. Мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі
4. Мемлекеттік жоспарлауды жаңғырту
5. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы бұзушылықтар үшін заңды жауапкершілікке тарту
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру
Демократиялық мемлекеттің құрылуы, осыған байланысты мемлекеттік аппараттың, оның қызметінің қайта құрылуы және Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан бастапқы елдің қоғамдық-саяси
өміріндегі өзге де өзгерістер мүлдем жаңа институт – мемлекеттік қызметтер көрсету саласының туындауына алып келді.Мемлекет әрқашанда мемлекеттік қызметтер көрсеткендігі анық.
Дегенмен, бұл қызметті мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша процедура ретінде мойындау тек қана дамудың демократиялық тұғырына өткеннен кейін ғана мүмкін болды.
Мұның барлығы жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатта растауға ие болып отыр. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының 2010–2020 жылдар кезеңіне арналған Құқықтық саясат тұжырымдасында қазіргі жағдайда әкімшілік құқық мемлекеттік-билік қатынастары саласын реттеумен шектелмейтіне назар аударылады. Онда: «Іс жүзінде азаматтарға және ұйымдарға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қатынасты реттейтін әкімшілік құқықтың жаңа институты
туындайды» делінген.Бұл жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсетудің қол жетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету маңызды болады, себебі осы көрсеткіш қоғам мен оның әрбір азаматының қажеттіліктеріне мән беру дәрежесін айқындайды. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметтер көрсету саласын жетілдіру бойынша жүзеге асырылып жатқан саясат мемлекеттік
қызметтер көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелерімен шектеліп қалған жоқ. Бұл саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер мәселесі де өзінің маңыздылығын жоғалтпай отыр және бұл кездейсоқтық емес.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласы өз табиғатында, мемлекеттік
аппарат қызметінің сыбайлас жемқорлыққа бейім бағыттарының бірі болып табылады. Себебі осы салада мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызметтер көрсетуді қолданушылардың, яғни қарапайым азаматтар, кәсіпкерлер және және т.б. арасында тікелей қарым-қатынас жүзеге асады. Өз кезегінде, мемлекеттік қызметтер көрсетуді мемлекеттік органдардың монополиялық тәуелділігіндегі игіліктер ретінде қарастыру қалыптасқан. Сондықтан, мемлекеттік қызметтер көрсету саласында сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің болу қаупі қатар жүреді. Мемлекет өзінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаларында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуі осылай түсіндіріледі. Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламада
мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін «электрондық» форматқа өткізу бойынша міндеттер қойылған болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет