«Мемлекеттік тілдің зерттелуі, оқытылуы және қолданылуы»



Дата19.12.2022
өлшемі156,28 Kb.
#58118




АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

«Qazaq tili» Халықаралық академиясы және Мемлекеттік тілді дамыту институты үстіміздегі жылдың 9 желтоқсанында тілтанушы ғалым Бижомарт Сейсенбекұлы ҚАПАЛБЕКТІҢ 60 жасқа толуына орайластырылған «Мемлекеттік тілдің зерттелуі, оқытылуы және қолданылуы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.


Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, қазақ тілтанушылары, жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, докторанттар, магистранттар мен студенттер, БАҚ өкілдері қатысады.


Конференция барысында мынадай тақырыптар талқыланбақ:

  • Қазақ тіл біліміндегі жұмсалымдық бағыт

  • Тіл саясаты және қазақ тілінің қоғамдағы өрісі

  • Қазақ тілін оқытудың жүйесі, деңгейлері

  • Ахметтануға кіріспе пәнінің материалдары

  • Латын қарпіне көшудің қиындықтары, шешу жолдары

  • Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім



Конференция 2022 жылдың 9 желтоқсанында сағат 10:00-де Ғылым Ордасының (Шевченко көшесі 28) кіші конференц залында өтеді.
Шараға онлайн түрде Zoom платформасы арқылы қосылуға болады.
Конференция сілтемесі:


Қатысу шарттары.
Конференция мемлекеттік тілде өтеді. Конференция материалдары желтоқсан айында электронды жинақ ретінде шығарылады. 2023 жылдың бірінші тоқсанында іріктеліп жинақ ретінде басылып таратылады.
Материалдар 2022 жылдың 5 желтоқсанына дейін қабылданады.
Конференция бағдарламасына қосу үшін ұйымдастыру комитетінің мекенжайына баяндама (мақала) және конференцияға қатысушының тіркеу формасы электронды түрде (міндетті түрде) ұсынылуы қажет.
Конференция материалдарының жинағына жауапты редактор: Мұхаметқали Аида
Е-mail: mtdi_2021@mail.ru
Телефоны: 8747 355 16 11 (Аида), 8 747 793 52 64 (Малика), 8 707 246 98 46 (Айжан)
Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  1. Материалдар электронды нұсқада mtdi_2021@mail.ru

почтасына қабылданады. Файл «Microsoft Office Word құжаты» форматында сақталуы тиіс.

  1. Автордың аты-жөні, тегі, қызмет орны, ғылыми атағы, елі (шрифт Times New Roman, жартылай қою, курсив, 14 кегль) беттің жоғарғы оң жақ бұрышына орналастырылуы қажет (үлгіні қараңыз).

  2. Мақаланың атауы (шрифт Times New Roman, жартылай қою, 14 кегль) – беттің ортасында (үлгіні қараңыз).

  3. Негізгі мәтін Times New Roman (14 кегль) шрифтімен бір жоларалық интервал арқылы орындалады (үлгіні қараңыз). Негізгі мәтіннің абзацтық шегінісі – 1,5; теңестіру – ені бойынша; мәтіндегі тасымалды орналастыру – автоматты түрде.

  4. Әдебиеттер тізімі – негізгі мәтіннен кейін (шрифт Times New Roman (кегль 12) (үлгіні қараңыз).

  5. Әдебиетке сілтеме төртбұрышты жақшаға алынады және сөйлем соңында әдебиеттер тізімінен алынған дереккөздің №, сондай-ақ беттің № (үлгіні қараңыз) тұрады.

  6. Автор туралы мәліметтер мәтіннің соңында көрсетіледі: тегі, аты, әкесінің аты (толық); қаласы; жұмыс орны және лауазымы; ғылыми дәрежесі және атағы; студент, магистрант, докторанттар оқу орнын, курсын, факультетті немесе кафедраны көрсетеді (үлгіні қараңыз).

  7. Материалдардың көлемі 5 беттен аспауы тиіс.



Назар аударыңыз! Конференция тақырыбына сәйкес келмейтін, сондай-ақ редакцияның сараптауынан өтпеген материалдар жинаққа қосылмайды.

ҮЛГІ

МАҚАЛАНЫҢ АТАУЫ

Әбдіғали А.С. Қазақстан, Алматы,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Кіріспе. (мәселенің өзектілігн көрсету)
Негізгі бөлім (қазіргі күйін сипаттау, проблемаларын көрсету)
Қорытынды.(шешу жолдары, ұсыныстар, тұжырымдар)
Әдебиеттер.

ӘДЕБИЕТТЕР (үлгі):

  1. Автор. Атауы. Басылым орны. Шығарылған жылы, беті.



Автор туралы мәлімет: Аты-жөні (толық); қала; жұмыс орны және лауазымы; ғылыми дәрежесі, атағы; байланыс үшін байланысу ақпараты (телефон, E-mail)





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет