وَ هُوَ حَسْبِي بِسْمِ اللَّـهِ الرَّحْمَـٰنِ الرَّحِيمِ
أَلْحَمْد لِلَّهِ أَلَّذِى خَلَقَ أَلْخَلَقَ أَوْ أَلإِنْسَانُ عُلآيَ
غَيْرَ مِثَالْ، وَ خَالَفَ بَيْنَأَلٌأَلْسُنَةِ وَ الْأَشَكَالْ
وَ أَفْهَمَ أَهْلَ كُلَّ لِسَانْ بِهِ أَلْمَقَلْ وَ صَلّى اللهُ
عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدّ أَلْمِفْضَالْ، وَ عَلَى عِتْرَتِهِ خَيْرُ
عِتْرَةٍ، وَآكِهِ أَشْرَفُ كُلَّ أَلْ، وَ عَلَى صَحْبِهِ
أَكْرَمُ وَ أَفْضَلُ الرِجَلْ، صَلَاَة دَآئِيمَةَ مَا لَهَا
مِنْ زَوَالْ، وَ بَعْدُ فَهَذِهِ تُرْجُمَانَ أَلْلُّغَةِ
أَلتُرْكِيَّة، سَمَيْتُهُ بِالدُيَّةِ اِلْمَضِيَّه، وَ جَعَلْتُ
لَهُ ضَوَابِطًا وَ قُيُودًا مِنِ أَلْعَرَبِيَّة، لِيَتَوَصَّلَ
بِهَا أَلْمُتَكَلَّمْ، إِلَى مَعْرِفَةِ. مَا يَحْتَاجُ إِلَيْهِ مِنَ
أَلْأَسْمَآ أَلظَّلمَة وَ الْبَاطِنَةِ وَ الْمُضَمَّةِ، وَ مِنَ
أَلْآَفْعَالِ مَا يَتَّصِلُ بِهِ ضَمَائِرُأَلْفَاعِلِيْنَ،
وَ آلْمَفْعُلِينَ، أَلْلَّفْتُهُ عَلآيَ وَضْعِ يَقْرَبُ
مَاءْخَدَ، وَ مَعْنَىِ نُوْضِحَ آسْرَاتَهُ، وَ جَعَلْتَهُ
Бұл мәтіннің мазмұны:
«1) Қайырымды рақымды Алланың атымен бастаймын. Ол маған жеткілікті 2) Жаратылыста басқалардан биік қылып адамды жаратқан, тілдер мен түрлерді әр алуан етіп, сөйлейтіндердің тілін бір-біріне ұқтырған қамқоршы Аллаға мадақ. 3) Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның әулетіне, ізінен ерушілердің ең ардақтыларының бәріне, қадірлі де сыйлы сахабаларына Алланың салауаты болсын. 4) Дұғаларымыз үзілмесін. 5) Бұл түрік тілінің аудармасын мен «Жарқыраған інжу-маржан» деп атадым. 6) Қолданатын адамның түсінуіне қолайлы болу үшін мен оған араб тіліндегі қағидалар мен шарттарды, қажеттігі анық, астарлы, әр мағынадағы есімдерді және орындаушылар1 мен орындалатындарға2 қатысты етістіктерді енгіздім. 7) Мұны бұрынғы алынған қалпына жақындатып құрастырдым. 8) Мағынасын айқын қылып, жетілдіре түстім» (1b).
Қолжазбаның келесі (2а) бетінде «оның бөлімдерден, бабтардан тұратындығы» айтыла отырып, «Бірінші бөлімнің тараулары – Алла есімін, періштелер мен ардақтыларды еске алу, жер бетіндегі, көктегі құбылыстардың атаулары» деп жазылған, жалпы көлемі – 65 жол. Қолжазбадағы «Екінші баб: «Сусын және ішімдік түрлері» (4а,3)3 деп аталған. Бұл баб su صُّوْا «су» (4a,5), sirke سِرْكَا «сірке» (4a,5), sinke سِنْكَا «сірке» (4a,5) сияқты лексемалардың араб тіліндегі аудармалары арқылы беріле отырып, қолжазбаның 5а бетіндегі үшінші жолда «Үшінші тарауға» (Әл-фаслу-с-салису) ұласады. Бұл тараудың аты – «Иіс атаулары» (Асма’āу-л-машмуум). Бұған жалғаса берілген тақырыпша «Төртінші тарау – «Жеміс атаулары» деп аталады. Одан соң, «Бесінші тарау – «Ағаш атаулары», «Алтыншы тарау – «Дақылдар атаулары» болып жалғасады. «Жетінші бөлім – Ішіп-жем атаулары», «Сегізінші «Үй жануарлары» тарауы, «Тоғызыншы «Жабайы аңдар», «Оныншы «Мініс жануарлары», «Он бірінші «Мініс жануарлары және жабдықтары», «Он екінші «Реңктер», «Он үшінші «Түр-түс», «Он төртінші «Көмекші құралдар», «Он бесінші «Соғыс жабдықтары», «Он алтыншы «Құс атаулары», «Он жетінші «Киімдер, маталар», «Он сегізінші «Адамның дене мүшелері», «Он тоғызыншы «Кісі сипаты және лауазымы», «Жиырмасыншы «Түркілерше санау», «Жиырма бірінші «Кәсіп иесінің атаулары», «Жиырма екінші «Түркі ерлерінің есімдері», «Жиырма үшінші «Түркі әйелдерінің есімдері», соңғы «Жиырма төртінші «Сөз тіркестері мен сөйлемдер» тарауының он жетінші, он сегізінші жолдарында араб тілінде:
تَمَّ أَلتَّرْجُمَانْ التُّرْكِي بِحَمْدِاللهّ و عَوْ نِهِ وَ حُسْنَ تَوْفِيْقِهِ التَّمام والكمال عَلَي
«Бұлар түркіден аударылды, Алла жар болсын, сәтін салсын, осымен толығымен аяқталды» деген сөйлем берілген (24а,17,18).
Бұл жазба ескерткіш орындалуы және тілдік материалдардың берілуі жағынан Мәмлүк қыпшақтары тіліне қатысты тарихи мұралардың арасында «Түрік және қыпшақ тілінің туыстығы туралы жинақ» (Bulġat al-muštāq fi luġat al-Turk wa-l-Qifžāq) шығармасына ұқсас болып келеді, ал тілдік материалдардың семантикалық мазмұны жағынан біршама айырмашылықтарға ие [5, 111].
Авторы, жазылған жері мен күні белгісіз бұл еңбектің жалғыз көшірмесі Флоренциядағы Medicea Bibliotheca Laurenziana кітапханасында сақталып тұр. 1963 ж. поляк түркітанушысы А. Зайончковский (тегі – қарайым) Флоренцияның атақты Лоренцо Медичи кітапханасының Шығыс қолжазбалар бөлімінде нөмірі 130 санымен тіркелген осы сөздіктің қолжазбасын тауып алып, француз тіліне аударып бастырып шығарды (Варшава, 1965–69 ж.) [6].
Достарыңызбен бөлісу: |