1әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
2«Қазан (Еділ бойы) федералдық университеті» ФМАЖОО Филология және мәдениетаралық коммуникациялар институты, Қазан, Татарстан
3ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, Алматы, Қазақстан
Корреспонденттік үшін автор: bagdat75@inbox.ru
МӘМЛҮКТЕР КЕЗЕҢІНДЕ ТҮЗІЛГЕН «КИТАБ АД-ДУРРА...» ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Аңдатпа. Тілді меңгеру қай ғасырда болсын өзінің өзектілігін жоймаған маңызды мәселе екені белгілі. XIII-XV ғасырларда Мысыр мен Шамды билеген мәмлүктердің өзара қарым-қатынас құралы ретінде қыпшақ тілі қолданыста болған. Мысыр елінде мәмлүктер билігінің ықпалы соншалықты мықты болған, тіпті арабтар түркі тілін, яғни қыпшақ тілін үйреніп, өз өмірлерінде еркін пайдаланған. Арабтың жергілікті шенеунік, саудагер, әскери адамдары мен қыпшақтілді мәмлүктер арасында тығыз байланыс орнату мақсатында, қыпшақ тілін үйретуге арналған арабша-қыпшақша сөздіктер мен грамматикалық еңбектер жазылып, қалың қауымға таратылған. Мұнда тек қана сөздіктер емес, әдеби шығармалар, діни трактаттар, тұрмыстық қажеттіліктерге байланысты көптеген құралдар мен жарлықтар, дұғалықтар және т.б. туындылар жазылған. Олардың көбі біздің заманамызға жетпей жоғалып кетті. Әйтсе де, қазіргі күні ғылыми ортаға белгілі, әлемнің әр түкпірінде сақталған түркі-, қыпшақтілді тарихи мұраларымызды түгендеп, зерттеп, ғылыми айналымға енгізу елдігіміздің белгісі, ұрпақ парызы. Біздің қарастырып отырған тарихи-мәдени мұраларымыздың бірі, сонау мәмлүктер дәуірінен бүгінгі күнге жеткен осындай арабша-қыпшақша сөздіктердің бірі – «Китаб ад-Дурра әл-мудаийа фил-луғати-т-туркийа ‘ала-т-тамам уа-л-камал» - «Түркі тілінің толық жазылып біткен інжу-маржан кітабы» қолжазбасы. Бұл қолжазба туралы сонау XIII-XV ғасырлардың өзінде айтылып, аты аталып жүргенімен, бұны ең алғаш рет 1963 ж. поляк ғалымы Ананиаш Зайончковский әлемдегі ең көне кітапханалардың бірі – Флоренциядағы Лоренцо Медичи (Biblioteca Medicea Laurenziana) кітапханасының Шығыс тілдерінде жазылған қолжазбалар бөлімінен тауып, ғылыми ортаға танытқан болатын.
Мақалада отандық ғылымда өте аз зерттелген, авторы белгісіз «Китаб ад-Дурра...» арабша-қыпшақша сөздігінің зерттелу тарихнамасына тоқталып, қолжазбаның басты ерекшеліктері мен тың деректерге шолу жасаймыз.
Түйін сөздер:Мысыр мен Шам, қыпшақ тілі, сөздік, грамматика, түркітану, мәмлүк
Б.Н. Жубатова1, Ф.Ш. Нуриева2, Б.Д. Дюсенов3 1Казахский Национальный университет им. аль-Фараби, Алматы, Казахстан
2Института филологии и межкультурной коммуникации ФГАОУ ВО «Казанский (Приволжский) федеральный университет», Казань, Татарстан
3Институт востоковедения им. Р. Б. Сулейменова КН МОН РК, Алматы, Казахстан